Зертхана қызметкері

Ғалымдар коронавирустың белгісіз мутациясын анықтады

506
Коронавирустың жаңа мутациясы Қазақстан мен басқа да мемлекеттерде тараған COVID-19-дың британдық штамынан қауіпті емес

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Коронавирустың бұған дейін белгісіз болып келген мутациясы Чехияда анықталды. Бұл жөнінде Elisabeth Pharmacon зертханасының жетекшісі, танымал эпидемиолог Омар Шеры мәлімдеді.

"Бұл жерде Spike-протеиннің мутациясы сөз болып отыр. Бұл SARS-CoV-2 вирусының үстіңгі бетінде пайда болатын протеин. Бүгінде қолданылып жатқан вакциналар дәл осыған қарсы әрекет етуге бағытталған", – деп жазды Шеры Twitter-де.

Сарапшы пікірінше, коронавирустың жаңа мутациясы республикада тараған британдық штамнан қауіпті емес, деп жазды РИА Новости.

Қазір он миллион халқы бар Чехияда 173,5 мың адам коронавирус жұқтырған және оның ішінде 7,3 мың адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Елде енгізілген шектеулерге сәйкес азық-түлік және тұрмыстық тауарлар сататын дүкендер мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр. Аса қажеттілік туындамаса, азаматтардың аудан арасында еш себепсіз жүріп-тұруына тыйым салынған. Сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін комендант сағаты жарияланған.

Бұған дейін Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирустың британдық және оңтүстік африкалық штаммы анықталғанын мәлімдеген.

"Мутацияланған штамдардың таралуына байланысты ауру жұқтыру көрсеткіші жоғары деңгейде тұр", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады

Оның айтуынша, жаңа штамдардың жұғу жылдамдығы жоғары.

506
Кілт сөздер:
коронавирус, індет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2653)
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы алты өнімді атады
Ғалымдар коронавирус бар-жоғын 10 секундта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
АЭС құрылысы

Ресей Қазақстанда атом саласындағы кадрлар даярлауды ұсынды

41
(Жаңартылды 17:28 15.10.2021)
Бейбіт атом саласындағы кадрларды даярлайтын оқу орны Росатоммен тығыз жұмыс істейтін Мәскеу инженерлік-физикалық институты болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Ресей атом саласы үшін мамандар даярлау мақсатында Қазақстанда Мәскеу инженерлік-физикалық институтының Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалын ашуға дайын. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында "Россотрудничество" федералдық агенттігі басшысының орынбасары Павел Шевцов мәлімдеді.

Заместитель руководителя Россотрудничества Павел Шевцов
© Sputnik / Владислав Воднев
Россотрудничество" федералдық агенттігі басшысының орынбасары Павел Шевцов

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарында атом энергетикасын пайдалануға байланысты жаңа мамандықтарда кадрлар даярлауды ұсынды. Ол бұл ұсынысын 30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында айтты.

"Россотрудничество" басшысының орынбасары Ресей басшысының ұсынысын бірнеше жолмен жүзеге асыруға болатындығын атап өтті.

"Егер атом саласы туралы айтатын болсақ, онда біз Росатоммен (Ресейдің Атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы) тығыз жұмыс істейміз және жыл сайын елге оралып, жұмыс істейтін шетелдік мамандарды даярлау үшін квота береміз", – деді ол.

Шевцов қазір бүкіл әлемде бейбіт атом қолданылатын салалар кеңейіп жатқанын атап өтті. Мысалы, ядролық медицинаны дамытуда кең таралған.

Сондай-ақ, Павел Шевцов 2022-2023 жылдары шетелдік студенттер, соның ішінде Қазақстан студенттері ресейлік жоғары оқу орындарында оқуға квоталарға ғана емес, гранттар үшін де бәсекеге түсе алатынын еске салды.

Келесі жылы Ресей тест режимінде шетелдік студенттерге мың грант бөлуді жоспарлап отыр. Грант оқудың өзіндік құнын ғана емес, сонымен қатар жол жүру ақысын, сақтандыруды, университет кампусында тұруды және стипендияны да қамтиды.

Сондай-ақ, Россотрудничество басшысының орынбасары Ресейде оқитын қазақстандық студенттер арасында техникалық, медициналық және IT-мамандықтар сұранысқа ие екенін атап өтті. Былтыр Қазақстанға 465 квота бөлінді, оған 3 мыңға жуық адам үміткер болды.

41
Кілт сөздер:
Қазақстан
Кісен, архивтегі сурет

Әйелін ерекше тәсілмен өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2636
(Жаңартылды 12:57 15.10.2021)
Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр мамыр айында 25 жастағы әйел өз үйінде қайтыс болды. Оның туыстары бірден күдіктенген

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Үндістанда әйелінің төсегіне әбжылан салып жіберген ер адам екі мәрте өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды The Straits Times.

Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр мамыр айында 25 жастағы әйел өз үйінде қайтыс болды. Оның туыстары бірден күдіктенген. Себебі бір апта бұрын Утраны жылан шаққан. Бірақ ол кезде әйел жазылып шықты. Осы жолы оны ешкім құтқара алмады.

Полиция адам өлтіру қылмысына қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы күйеуі Сурадж Кумарды қамауға алды. Ол өз кінәсін мойындаған жоқ. Тергеушілер ер адамның өз әйелін 500 мың рупий мен жаңа автокөлік көлеміндегі қалың мал үшін өлтірді деген шешімге келді. Бұған дейін де қалыңдығын өлтіруге тырысқан.
Сурадж Кумармен бірге тағы бір ер адам ұсталды. Ол әбжыланды тауып беруге көмектескен. Сотта куәгер ретінде сөз сөйледі.

Судья Сурадж Кумарды кінәлі деп таныды. Ол әйелін өлтіру үшін түнде төсегіне әбжылан салып жіберген. Оған дейін жыланды әдейі ызаландырып қойды.

Сотта прокурорлар ер адамды өлім жазасына кесуді талап еткен. Алайда судья оны екі мәрте өмір бойына бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Сондай-ақ, ол 500 мың рупий көлемінде айыппұл төлеп беруге міндетті.

Оқи отырыңыз: 

2636
Кілт сөздер:
әйел, ер адам, сот
Тақырып бойынша
Әйеліне келген SMS-ті көріп қойған ақтөбелік сот алдынан бір-ақ шықты
"Өзің пісір". Малшы әйелін бір сөзіне бола өлтіріп, тезекке көміп тастаған
Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті
Атырау тұрғыны баласының көзінше әйеліне пышақ сұқты
Қарағанды облысының тұрғыны әйеліне SMS жазған еркекті сабап кетті  
жер

Жері заңсыз сатылып кеткен университет маңындағы тұрғындар үйсіз қалудан қорқады

0
(Жаңартылды 23:29 15.10.2021)
Халық университет мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйсіз қаламыз деп үрейленіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық университетіне тиесілі жерді заңсыз саудалағандар ұсталды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. 

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі күдіктілердің 9 гектар жер телімін сатқандарын мәлімдеді.

Ал талан-таражға кеткен учаскілерді кезінде сатып алып, үй салған халық қайда барарын білмейді. Жер телімдері тұрғындарға 3 жыл бұрын сатыла бастаған. Учаскілерді олар заңды құжатпен алғандарын айтады.

Халық ҚызПУ мен әкімдік арасындағы соттың шешімі дұрыс болмай, үйімізді тартып ала ма деп үрейленеді.

"Өзім 2019 да алдым жерді. Наурызда келіп фундамент құйдым. 80 процент халық тұрады осы жерде. Газ, су жүргізілді, өзіміздің ақшамызға жолды жөндеттік. Әр үй 40 мың теңгеден шығардық", - дейді Кемертоған ауылының тұрғыны Алмас Нұртазин.  

Ал облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі жерді заңсыз сатқандарды анықтады. Күдікті ретінде білім ордасының бұрынғы қызметкері, "Азаматтарға арналған үкімет" облыстық филиалының Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі, Қарасай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшылары ұсталған.

"Біз де жәбірленуші тараптанбыз. Университеттің балансындағы меншік жоғалып отыр", - дейді университеттің ресми өкілі Жандарбек Асан.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі агенттігі күдіктілерге қатысты тиісті тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

Білім ордасының басшылары тергеу амалдарының әділ жүргізілетіне үмітті. Ал халық маңдай терімен алған жер телімінің бір қарысын да қайтармауға бекінген. Олар енді қол жинап президент атына хат жазбақшы.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
жер, заң бұзу, видео
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды
Қазақстанда 3,5 мыңға жуық студент оқыған университет жабылды
Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беретін университет көбейді
Тағы бір университет жабылудың аз-ақ алдында тұр