Ресей мен АҚШ тулары

Ресей мен Қытай "климат саммитіне" қатыса ма

53
2023 жылы Еуроодақ парниктік газдардың шығуы жоғары импорттық өнімдерге көміртек салығын енгізетіні белгілі

АҚШ президенті Қытайға қарсы жаңа санкциялар енгізіп, Владимир Путин мен Си Цзиньпинді 22-23 сәуірде өтетін климаттың жаһандық өзгеруі мәселелері жөніндегі виртуалды саммитке қатысуға шақырып отыр. 40-қа жуық әлем елінің көшбасшылары қатысатын конференция тікелей эфир арқылы көрсетіледі, деп жазды РИА Новости.

Вашингтондағы жаңа әкімшілік бұл жолы көрегендік танытып отыр: мұндай шараны өткізу идеясының өзектілігі жоғары болуы соншалық, онымен екі емес, он қоянды атып түсіруге болады.

Трамп АҚШ-ты климат жөніндегі Париж келісімінен шығарып тастаған болатын. Ал енді осы келісімге Вашингтонды қайта қосқаннан кейін Джо Байден саммит кезінде Америка алға қарай жылжып, осы мәселеде әлем көшбасшысы рөлін қайта өз мойнына алуға дайын екенін көрсете алады.

Алайда климат проблемасы біраз уақыттан бері қысым құралына айналған. Себебі америкалықтар мен еуропалықтар оның көмегімен өздерінің экономикалық және геосаяси бәсекелестерінің дамуын тежеуге тырысып келеді. Оның үстіне өзінің басымдық рөлінен біртіндеп айырылып бара жатқан қазіргі әлемде Батыс экология тақырыбын мейлінше жан-жақты қолдануға талпынуда. Мысалы, 2023 жылы Еуроодақ парниктік газдардың шығуы жоғары импорттық өнімдерге көміртек салығын енгізеді. Олардың қатарына мұнай, газ, металдар, тыңайтқыштар, цемент, яғни ресейлік экспорттың едәуір бөлігі жатады. Ал бұл ресейлік өндірушілер үшін үлкен сынаққа айналғалы тұр.

Сонымен қатар ұзақ мерзімге бағытталған жаһандық аспектілерден бөлек алдағы саммитте Ақ үй өзі үшін максимум пайдалы етуге тырысатын жедел аспектілер де бар.

Ресей мен Қытайдың Батыспен қарым-қатынасы қатты шиеленісіп, халықаралық байланыс дағдарыс кезеңінде тұрған шақта ресейлік және қытай көшбасшылары саммитке қатысуға шақыру жөнелтілді. Белгілі бір мәселелер бойынша мемлекеттер арасында кикілжің болғанымен басқа салалар бойынша әріптестік жалғасып жатуында ешқандай сөкеттік жоқ. Бұл қалыпты жағдай.

Джо Байден Ресей президенті туралы мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ Анкоридждегі екіжақты кездесу кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысының Қытайға қатысты ашық дөрекілігі мен хаттаманы бұзуын Вашингтонның саналы саясаты деп бағаламасқа амал жоқ. Бұл оқиға Бейдің үшін де жағымсыз болды. Себебі ҚХР жаңа әкімшілік алдыңғы президенттің антиқытайлық ұстанымын аз да болса жеңілдетеді деп үміттенді. Оның үстіне Джо Байден де Бейжіңге қатысты трамптық дауқұмарлықтан арылып, "шекті бәсекелестікке" көшетінін жария еткен болатын.

Алайда қазір жағдай тек ушығып барады. Трамп қытай тауарларына қатысты түрлі шектеулер енгізіп, экономика саласында ғана "соғысып" келсе, демокрттар айналасындағылардың барлығына демократияны, адам құқықтары мен экологиялық жауапкершілікті үйретуге талпынып жатыр.

Ұйғырларға қатысты мәселе бойынша Қытай үлкен сынның астында қалды. Бейжің де қарап отырмайтынын көрсетіп, жауапты санкциялар еншізуді қарастырып жатыр. Ал Вашингтон қытайлық әдістерді еш негізсіз деп атап отыр. Бейжің жеке тұлғаларға емес, антиқытайлық науқанға қолдау көрсеткен H&M, Nike және Adidas сынды әлемдік алпауыт брендтерді қара тізімге енгізбекші.

Сол себепті қоршаған орта проблемасы талқыланатын шара Вашингтон үшін ықпал ету құралына айналып отыр. Себебі Владимир Путин мен Си Цзиньпинь бұл шақыруды елемей қойса, онда АҚШ қос державаны жауапсыз деп айыптап, адамзат проблемасын ескермеді деп кінә таға алады.

53
Әйел бейнесі

Таңертең үйіне келген әйел үш немересінің мәйітін тапты

3895
(Жаңартылды 20:07 11.04.2021)
Американың Калифорния штатында әйел өзінің үш баласын өлтірді деген күдікке ілінді. Қайтыс болған сәбилер бес жасқа толмаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Американың Калифорния штатының полициясы өзінің үш баласын өлтірді деген күдікпен Лос-Анджелес тұрғынын ұстады, деп хабарлады РИА Новости жергілікті телеарнаға сілтеме жасап. 

Мәйіттерді сенбі күні таңертең пәтерге келген әжесі тапқан. Болжам бойынша балалар пышақ жарақатынан көз жұмған.

Полиция олардың анасы 30 жастағы Лилиана Каррильоны іздестіру шараларын жүргізді. Күдікті Калифорнияның орталығында, мәйіттер табылған пәтерден төрт сағаттық жерде ұсталды.

Оқи отырыңыз: Екі баласын өлтірген мәскеулік әйелдің ондай әрекетке бару себебі айтылды

Құқық қорғау органдары қылмыс себебін әлі анықтаған жоқ.

Сондай-ақ Каррильоның балалармен бір пәтерде тұрып-тұрмағаны да белгісіз.

3895
Кілт сөздер:
қылмыс, бала өлімі
Тақырып бойынша
Психоаналитик Аяжан Еділованы айуандықпен өлтіруге не себеп болғанын айтты
Павлодарда қоқыс маңынан ер адамның мәйіті табылды
Ауылдастарына өзін тірідей жерлеткен 22 жастағы жігіт тұншығып өлді
Шамалғанда 57 жастағы тұрғынның мәйіті өз үйінен табылды - полиция әйелін ұстады
COVID-19 емдеуге арналған Авифавир препараты

Ресей ғалымдары коронавирустан емдейтін жаңа дәрі ойлап тапты

116
(Жаңартылды 19:41 11.04.2021)
Жаңа препаратқа "МИР-19" деген атау берілді. Оны жасаушылар препарат адам үшін қауіпсіз, иммунитетке әсер етпейтінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Ресейдің Федералды биологиялық және медициналық агенттігі (ФБМА) коронавирус инфекциясын алдын алу мен емдеуге арналған "МИР-19" препаратына патент алды, деп хабарлады ФБМА агенттігі.

"Роспатент SARS-CoV-2 жаңа коронавирусқа қарсы әсері бар құрамдастырылған дәріге патент берді. Препарат МИР-19 деп аталады", - делінген хабарламада.

МИР сөзі шағын интерференделуші РНҚ дегенді білдіреді.  Препарат ингаляция немесе мұрын ішіне енгізу жолымен коронавирус инфекциясының алдын алуға немесе емдеуге арналған.

"МИР-19 – микро РНҚ-ны қолдануға негізделген бірегей препарат. Ол адамдар үшін қауіпсіз, адам геномына және иммунитетіне әсер етпейді. Сонымен бірге вирус көшірілуіне жол бермейді. Коронавирус инфекциясының ең ауыр түрлері, соның ішінде пневмонит, коронавирус инфекциясы тудырған өткір респираторлық дистресс синдромның алдын алады", - деді Ресей ФБМА жетекшісі Вероника Скворцова.

Оқи отырыңыз: Lancet "Спутник V" вакцинасының зерттеу нәтижесін жариялады

ФБМА мәліметі бойынша, қазіргі уақытта препаратты клиникалық зерттеуден өткізудің бірінші кезеңі аяқталды. Зерттеу барысында оның қауіпсіздігі дәлелденді.

116
Кілт сөздер:
Ресей, дәрі, коронавирус
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакциналау басталды
Тағы бір облыс "сары" аймаққа кірді
Өткен тәулікте Қазақстанда 2 842 адамнан COVID анықталды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда қанша адам вакцинадан бас тартты
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 12-30 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде Қазақстан республикасының 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00 – "Халықтан заңсыз сақтаулы қару-жарақты, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізу туралы" ішкі істер министрлігінің брифингі. Спикерлер: ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Милюк Алексей Казимирович, ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Ыдырысов Асылбек Түлкібекұлы. Брифинг тақырыбы бойынша сұрақтарды 9 сәуір сағат 18:30-ға дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштаға немесе 8 705 440-83-65 нөміріне (WhatsApp) жолдауға болады.

11.00 – Елорданың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде "Адамға табын, жер, енді" халықаралық онлайн көрмесі өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіліп отыр. Сондай-ақ бұл шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығына және Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған (Бейбітшілік көшесі, 11).

12.00 - Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Функционалдық материалдар және нанотехнологиялар", сондай-ақ "Функционалдық материалдарды кванттық-химиялық модельдеу" атты екі инновациялық білім беру-ғылыми зертханасы ашылады. Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ЖОО басшылығы мен физика-техникалық факультетінің ғалымдары және шақырылған профессорлардың қатысуымен өтеді. Өтетін орны: Қажымұқан көшесі 13, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, №3 ғимарат.

БАЙКОҢЫР

"Ғарыштағы алғашқы адамдар" мерекелік концерті. Шараға танымал музыканттар мен актерлер, симфониялық оркестр қатысады. Концерт Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшу алаңындағы "Гагарин стартында" өтеді.

Концертті Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі және адамзаттың алғаш рет ғарышқа ұшуының 60 жылдығын атап өту бойынша ұйымдастыру комитетінің қолдауымен Бүкілресейлік мемлекеттік телевизиялық және радиотарату компаниясымен бірлесіп орыс концерт агенттігі ұйымдастырды. Жобаның көркемдік жетекшісі – ресейлік танымал музыкант Юрий Башмет.

Концерт сценографиясында заманауи айрықша технологиялық құралдар қолданылады. Салтанатты кеште әлемнің түрлі елінен келген танымал композиторлар ғарыш пен жаңа кеңістікті игеруге арналған музыкалық туындыларының таныстырылымын өткізеді.

30 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой есеп беру үшін халықпен кездеседі. Кездесуде министр ведомствоның 2020 жылғы жұмысын қорытындылайды және алдағы жоспарлар жайлы айтады, сондай-ақ азаматтардың сұрағына жауап береді. Есеп беру кездесуі министрліктің ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі. Министрге сұрақты мына электронды мекенжайға жіберуге болады: s.kopeev@dsm.gov.kz.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0