Медицина қызметкерлері

Дәрігерлер ағзасын алуға дайындап жатқан науқас кенеттен тіріліп кетті

84
Льюистің туған-туыстары онымен қоштасып, оның ағзаларын беру арқылы жеті адамның өмірін сақтап қалуға шешім қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ұлыбританияда таңғаларлық оқиға болды. Көлік астына түскен жас жігіт басынан қатты жарақат алып, ми функциясы тоқтап қалған. Туған-туыстар оның ағзаларын беруге келіскен. Бірақ дәрігерлер органдарды алуға дайындалып жатқанда жас жігіт тіріліп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан The Sun порталына сілтеме жасап.

18 жастағы Льюис Робертс фургонның астына түскен. Бұл оқиға 13 наруызда Стаффордшир графствосындағы Лик қаласында болды. Жасөспірім басынан және денесінен қатты жарақат алған. Оны бірден ауруханаға жеткізіп, шұғыл ота жасады. Ал төрт күннен кейін дәрігерлер ми функциясының тоқтап қалғанын, енді оны құтқару мүмкін емес екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Ағза донорлығы: қалай келісім беруге немесе бас тартуға болады?

Льюистің туған-туыстары қатты қайғырып, онымен қоштасып, кейіннен ағзаларын беруге келісті. Сөйтіп, жеті адамның өмірін сақтап қалуға шешім қабылдайды.

Содан кейін дәрігерлер жасөспірімнің ағзаларын алуға дайындала бастайды. Отаға бірнеше сағат қалғанда жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған Льюис өз күшімен ішіне дем тартады.

Бастапқы кезде дәрігерлер де, пациенттің туыстары да бұл жағдайға сенбеді. Бірақ арнайы аппарат жас жігіттің өздігінен деп алып жатқанын анық көрсетіп тұрды.

"Осыдан кейін Льюистің жағдайы күн сайын жақсара берді. Қазір ауырсыну рефлексі пайда болғанымен, аяқ-қолын қозғап, басын ары-бері бұрады. Кірпігін қағып, аузы да қимылдайды", – дейді жасөспірімнің туыстары.

Осы оқиғадан кейін Ұлыбритания халқы жасөспірімге ақша жинай бастады.

84
Кілт сөздер:
донор, адам ағзасы
Тақырып бойынша
Неліктен қазақстандықтар ағза ауыстыру үшін шетелге барады
Қайтыс болған павлодарлықтар 6 адамға ағза доноры болды
Қазақстанда украиналықтардың ағза мүшелері заңсыз сатылды: дәрігер ұсталды
Қатерлі ісік пайда болады: ғалымдар ағза үшін ең қауіпті әдетті атады
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

166
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

166
Кілт сөздер:
Украина, Ресей
Грузин полицейі

Тбилисиде қаруланған ер адам банк филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды

711
(Жаңартылды 16:35 16.04.2021)
Қаруланған ер адамның талаптары туралы әзірше ақпарат жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қаруланған ер адам Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды, деп хабарлайды РИА Новости "Рустави 2" телекомпаниясына сілтеме жасап.

"Бірнеше минут бұрын Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына қаруы бар адам басып кіріп, адамдарды кепілге алғаны белгілі болды. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл жетті", - деп хабарлады телеарна.

Қылмыстық әрекетке барғандардың қандай талап қойғаны туралы әзірше ақпарат жоқ.

Өткен жылдың қарашасында қаруланған адам Тбилисидегі шағын қаржылық мекеменің ғимаратына басып кіріп он адамды кепілге алған болатын.

711
Кілт сөздер:
Грузия, қылмыс, банк
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтап жатыр

0
Олар мемлекет басшысына зор денсаулық және бақыт тіледі, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жеделхатында Тоқаевқа ұзақ өмір, зор денсаулық және оның аса жауапты қызметіне табыс тілеп, бауырлас Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірген. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

"Екі ел арасындағы тату көршілікке, жақын достыққа, өзара құрметке және қолдау көрсетуге негізделген стратегиялық серіктестік ортақ саяси ерік-жігеріміздің арқасында соңғы жылдары мүлде жаңа деңгейге көтерілгені күмәнсіз. Біздің табысты байланыстарымыз бен ұзақмерзімді серіктестігіміз одан әрі дами беретініне сенімдімін", – делінген Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделәзиз Әл Сауд өздерінің жеделхаттарында Қазақстан президентін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, оған зор денсаулық және бақыт тілеген, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Тағы оқыңыз: Рамазан-2021: маңызды 10 сұрақтың жауабы

Сонымен қатар Қазақстан президентіне Қатар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни, Иордания королі II Абдалла, Оман сұлтаны Хайсам Бен Тариқ, Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер Әс-Сабах, Кувейттің тақ мұрагері Мишаль әл-Ахмед әл-Джабер Әс-Сабах, Бахрейн королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Марокко королі VI Мұхаммед, Египет президенті Әбдель Фаттах Әс-Сиси, Ирак президенті Бархам Салех, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қатар шейхінің орынбасары Абдалла Бен Хамад Әл Тәни және Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Пітір садақаның мөлшері жан басына 420 теңгені құрады.

0
Кілт сөздер:
Рамазан-2021, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды  
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі ауыс-түйіс туралы айтты
Тоқаев жұмысын дұрыс атқармаған басшыны қызметінен босатуды бұйырды
Тоқаев кейбір салаларға қосымша қаражат бөлуді тапсырды