Военно-транспортный самолет Lockheed C-5 Galaxy ВВС США в Афганистане

Донбастағы шиеленіс АҚШ-тың Еуропаға әскер жөнелтуіне себеп пе?

128
Кремль Ресей әскері Украинадағы соғыс қимылдарына қатыспағанын мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Донбастағы қақтығыс – Украинаның ішкі мәселесі

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Донбастағы қақтығыс ушығып, украин саясаткерлері мәлімдемелер жасауына байланысты АҚШ Еуропадағы әскери базаларды "ықтимал дағдарыс" деңгейінен "әлеуетті болмай қалмайтын дағдарыс" режиміне ауыстырды. Америкалық New York Times басылымы Украинаның оңтүстік-шығысындағы соғыс қимылдарының күшеюі және "Мәскеудің аймақта әскери белсенділікті арттыруына" байланысты Пентагон осындай қадамға барғанын жазды.

Украинаның оңтүстік-шығысында бысып жатқан әскери-саяси от әне-міне қайтадан жаңа күш алатын секілді. Киев Минск келісімін елемей, отқа май құйып отыр, деп жазды РИА Новости.

ДХР мен ЛХР өкілдері соңғы аптада бітімді бұзу фактілері көбейгені туралы ақпарат таратып жатыр – Украина қарулы күштері елді мекендерге артиллериялық және минометтен оқ атып жатыр. Бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар да бар.

ДХР басшысы Денис Пушилин соғыс болу ықтималдылығы жоғары екенін айтты.

"Киевтің әрекетіне қарағанда жағдайды соғысқа дейін жеткізбеу мүмкін емес, - деді ол "Россия 24" телеарнасының эфирінде. – ДХР мен ЛХР бұл текетірес саяси жолмен шешілуі үшін барын салып жатыр. Бірақ Киев басқа бағытқа бет алған секілді. Қазір біз Украина тарапынан тек өтірік пен қулықты көріп отырмыз. Мұндай жағдайда саяси реттеу мүмкіндігі жоқтың қасы".

Киевтің арандату әрекеті оңтүстік-шығысқа ғана емес, батысқа қарай да ығысып жатыр. Күні кеше Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби "Вашингтон Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтағы әскери дайындығы жайлы хабардар" екенін мәлімдеді.

Ал Кремль Ресей әскері Украинадағы соғыс қимылдарына қатыспағанын және қазір де қатысып жатпағанын баса айтуда. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Донбастағы қақтығыс – Украинаның ішкі мәселесі. УҚК-ның арандату әрекеттері салдарынан азаматтық соғыстың жандануын ешкім қаламайды.

"Валдай"аналитикалық клбуының әскери сарапшысы Артем Куреев Украина президенті Владимир Зеленский өз бетінше шешім қабылдауға қауқарсыз екенін және АҚШ-тың айтағымен жүргенін атап өтті. Оның пікірінше, егер Донбасс немесе Қырымға шабуыл жасау туралы бұйрық берсе, Киев мұның Украина үшін зиянын ойламастан бұл бұйрықты орындайды.

"Зеленскийге де, Байденге де қазір әскери саладағы үлкен жетістік қажет. Ал Донбасс бұл үшін таптырмас орын. Қалай болғанда да Украина қарулы күштерінің шабуылы Вашингтонға Ресейді кезекті рет жексұрын етіп көрсетуге және жаңа санкциялар енгізіп, "Солтүстік ағын – 2" жобасына кедергі болуға мүмкіндік береді.

Украина мен АҚШ ресейлік әскердің өз елінің аумағындағы жүріп-тұруын көрші елдің территориясын бұзып кіруге теңестіруден шаршайтын емес. Олар осы әрекеттері арқылы Киевке Вашингтонның қуатты қолдау көрсетуін ақтап алғылары келеді.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин украиналық әріптесі Андрей Таранмен әңгімелесу барысында "ресейлік арандатудың күшейгенін" қатты сынады. Пентагон "ресейлік агрессияға қарсы тұру ісінде" Киев билігіне қол ұшын созуға дайын екенін растады. 2015 жылдан бері Украинаға қорғаныс саласында екі миллиард доллардан астам қаражат бөлгенін еске салған АҚШ қандай жағдай болса да Украинаны жалғыз қалдырмайтынын мәлімдеді.

"АҚШ расында да Ресеймен қақтығыс кезінде Украинаны жалғыз қалдырмайтыны туралы мәлімдеме жасады, - деді Артем Куреев. – Алайда бұл екіұдай мәнді уәде. Украинаға әскерді нығайтуға көмектесіп, әскери техника жөнелтуі мүмкін. Бірақ Донбастағы қақтығыс тағы өршісе, онда ол аймақта америкаық арнайы жасақ, әскери бөлімшелер пайда бола ма екен? Бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласады".

Сарапшы Пентагон мұндайға баратынына сенбейді. Себебі Вашингтон УҚК соңғы жеті жылда қуатты құрылымға айналды деп санайды.

"Дағдарысты өршітті деп тағы да Ресейді кінәлайтыны анық, - дейді ол. - Бұл кезекті санкциялар енгізуге сылтау болады. Бірінші болып оқ атқан Вашингтон ба, Брюссель ме, ол жағын нақтылап жатпайды. Себебі барлығы шешіліп қойған. Мәселе украин әскері діттегеніне қол жеткізе ме және Мәскеудің қарсы әрекеті қандай болатынында болып тұр. Ал Еуропада НАТО әскерінің дайындық деңгейін арттыру Киев үшін белгі болса, Мәскеуге қысым көрсету болмақ".

Қазір Желіде ресейлік әскери техниканың Қырым мен Ростов облысындағы қозғалысы бейнеленген роликтер жиі жарияланып жүр. Бірақ бұл қарулы күштердің күнделікті жұмысы және олардың жоспарлы маневрлеріне тікелей байланысты.

Мысалы, 2 сәуірде Қара теңіз флоты Қырым мен Краснодар өлкесінде орналасқан қарулы күштерді тексере бастады. Тактикалық оқу-жаттығулар аясында Құрлық әскері, авиация және әуе шабуылынан қорғаныс бөлімдерінің кеме топтары шабуыл және қорғаныс бойынша міндеттерін пысықтайды.

Мұндай ауқымды маневрлер әскердің тұрақты түрде орын ауыстыруын қажет ететіні белгілі. Ұялы телефонға түсірілген әскер легі бар видеоны АҚШ пен Украина Ресейдің соғыс белсенділігін арттыруының дәлелі деп атап отыр.

Алайда бұл екеуі өз әрекеттері жайлы тіс жармайды. Мысалы, Еуропадан Украинаға бағытталған әуе көпірінің ашылуы туралы ақпаратқа қатысты бірде-бір пікір жоқ. Әскери-көлік ұшақтары бірнеше күн бойы әскери базадан қандай да бір жүк тасымалдаумен болды.

Бұл кезекті бірлескен оқу-жаттығуларға дайындық болса да, Ресей ықтимал жау ретінде айқын көрсетілген. НАТО соңғы 25 жылдағы ең ірі Defender Europe 2021 маневріне дайындалып жатыр. Оған 20 мыңнан астам америкалық әскери және басқа елдерден келген 17 мың сарбаз қатысады. Шығыс Еуропа, Балтық жағалауы, Балқанда, Балтық және Қара теңіз акваторияларында шабуылдау және қорғану операцияларын пысықтау жоспарлануда.

"НАТО кеңейтілген мүмкіндіктерінің серіктесі" мәртебесін алған мемлекет ретінде бұл оқу-жаттығуға Украина да тартылады. Әскер ғылымдарының докторы Константин Сивковтың айтуынша, Еуропадағы НАТО маневрлері қосымша күш жеткізудің мүмкіндігі болып отыр.

"АҚШ пен НАТО Украинаның оңтүстік-шығысында қарулы қақтығыс ұлғайған жағдайда Ресейге қарсы тұру үшін топ құрып жатыр, - деп санайды ғалым. Олар оқу-жаттығуды сылтау етіп, күшті көбейтіп, Еуропаға АҚШ-тан әскер жеткізіп жатыр. Донбаста қазір 600 мыңға жуық біздің азаматымыз бар. Конституцияға сәйкес біз оларды қорғау керекпіз. Бұл жағдайда текетіреске НАТО арласуы әбден мүмкін".

Жалпы сарапшылар Ресей мен Солтүстікатлантикалық альянс қатысатын Украина үшін соғыстың болуы екіталай деген пікір білдірді. НАТО басшылығындағы азаматтар бұл ойынның ақыры барлығы үшін жаман аяқталатынын түсінеді.

128
Әскери оқу-жаттығу

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

49
Британдық және америкалық радиоэлектронды барлау ұшақтары мен кемеге қарсы ұшақтар Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Соңғы күні Солтүстікатлантикалық альянс шығыс Еуропада күрт белсенділік танытып жатыр. Бұл Киевтің Донбаспен шекараға қосымша бөлімшелер мен техника жеткізуіне қатысты жауапты әрекет екені ешкімге жасырын емес, деп жазады РИА Новости.

Донбастағы жағдайдың кезекті рет өршуіне байланысты НАТО елдерінің авиациясы бұл аймақта жиі төбе көрсетіп жүр. Түйісу орнында RQ-4 Global Hawk барлаушы дрондары тұрақты күзетте тұр. Олар ДХР мен ЛХР әскерінің қорғанысқа даярлығын назардан тыс қалдырмауда. Ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген суреттер сол мезетте киевтік әскери қолбасшылардың үстеліне жететініне еш күмән жоқ.

Украина қарулы күштері де әуе барлауын күшейтті. Сарбаздар Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 соққы жасаушы дрондарын байқаған. УҚК-де мұндай алты дрон бар. Қосымша ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізу туралы келісімшарт жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Түркияға сапары кезінде жасалғаны мәлім болды.

Сонымен қатар, батыс авиациясы Қырым жағалауына күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Британдық және америкалық Boeing RC135W және Lockheed P-3COrion радиоэлектронды барлау ұшағы мен P-8APoseidon кемеге қарсы ұшағы Қара теңіздің бейтарап аумағында тынымсыз ұшып жүр. Олардың басты міндеті – Қара теңіз флоты кемелерінің әрекетін қадағалау және түбекте орналасқан әскери топтың әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің позицияларын анықтау.

НАТО өңірдегі әскери-теңіз қатысуын да күшейтіп жатыр. Сәуірдің соңына дейін АҚШ ӘТК-нің екі зымыран эсминеці Қара теңізге шығуы керек. Пентагонның ресми мәлімдемесі бойынша, кемелерді бағыттау қалыпты сипатқи ие. Алайда Кремль жағдайды назарда ұстап отыр. Себебі бұл эсминецтер елуден астам "Томагавк" қанатты зымыранын тасымалдайды.

"Америка Құрама Штаттарының әскери белсенділігіне, соның ішінде Қара теңізге кеме кіргізуіне келсек, бұл тұрақты болып жатыр. Қазір бұл әсіресе агрессивті қарқында орындалуда", – дейді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Тағы бір қызық жағдай: АҚШ ӘӘК әскери-көлік авиациясының ұшақтары Киевке қандай жүк жеткізіп жатыр?

Мамандар FlightRadar интернет сервисінің көрсеткішіне назар аударып, АҚШ, Германия мен Балтық маңы елдерінен ұшып шыққан америкалық С-17 мен С-30 Борисполь әуежайына тоқтап, жүк түсіріп, кері қайтып жатқанын анықтады.

Әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірінше, Вашингтон Украинаға радиоэлектронды күрес кешендерін жеткізіп жатыр. Бұл жақын уақытта УҚК шабуыл жасайды дегенді білдіреді. Ресей де қол қусырып отырмайтыны анық.

"Егер жағдай ушығатын болса, онда біз өзіміздің және қай жерде жүрсе де, өз азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын жасаймыз. Мұндай өршуге Киев пен оның Батыстағы кураторлары толық жауапты болады. Сондай-ақ біз Қырымнан, Қара теңіздегі жағалаудан аулақ болу туралы АҚШ-қа ескертеміз", – деді СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.

Батыс елдерінің ресейлік шекара маңында белсенділігінің артуына тағы бір себеп – НАТО әскерлерінің мамырдың ортасында өтетін ең ауқымды Defender Europe 2021 оқу-жаттығуына дайындығы.

Өткен жылмен салыстырғанда 2021 жылғы әскери шара кезінде Шығыс емес, Оңтүстік Еуропаға көп көңіл бөлінеді. Маневрлер Черногория, Косово және Албанияда жоспарланған. Болгария мен Румынияда әуедегі шабуылдан қорғаныс жүйелері мен "жер – жер" тобындағы зымырандардың жаттығуы өтеді. Ал Венгрия тыл қызметін атқарады. Маневрлерге украин әскери қызметшілері де қатысады.

Еуропадағы АҚШ Құрлық әскерінің ресми сайтында жарияланған баспасөз релизіне сәйкес, оқу-жаттығулар "АҚШ, НАТО бойынша одақтастар мен серіктестері арасындағы стратегиялық және жедел дайындық пен өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталған". Бұл маневрлер үшінші мемлекеттер үшін ешқандай қауіп төндірмейтіні жазылған. Алайда Defender Europe 2021 антиресейлік бағытта өрбитіні айдан анық.

Сондықтан Ресей мен Белоруссия қыркүйекте "Батыс-2021" маневрлерін өткізеді. Белоруссияның қорғаныс министрі Виктор Хренин атап өткендей, "бірлескен оқу-жаттығулар жоғары урбанизацияланған елді мекендерде шабуылдау бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылдарының жаңа әдістерін сынауға мүмкіндік береді" деп санайды.

49
Кілт сөздер:
Украина, Ресей
Грузин полицейі

Тбилисиде қаруланған ер адам банк филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды

630
(Жаңартылды 16:35 16.04.2021)
Қаруланған ер адамның талаптары туралы әзірше ақпарат жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. Қаруланған ер адам Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына басып кіріп, адамдарды кепілге алды, деп хабарлайды РИА Новости "Рустави 2" телекомпаниясына сілтеме жасап.

"Бірнеше минут бұрын Тбилисидегі банктердің бірінің филиалына қаруы бар адам басып кіріп, адамдарды кепілге алғаны белгілі болды. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері шұғыл жетті", - деп хабарлады телеарна.

Қылмыстық әрекетке барғандардың қандай талап қойғаны туралы әзірше ақпарат жоқ.

Өткен жылдың қарашасында қаруланған адам Тбилисидегі шағын қаржылық мекеменің ғимаратына басып кіріп он адамды кепілге алған болатын.

630
Кілт сөздер:
Грузия, қылмыс, банк