Әлем

Танымал топтың әншісі қайтыс болды

© Sputnik / Сергей КимЦветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы
Цветы и свечи в память о жертвах теракта в метро Санкт-Петербурга возле Генконсульства Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі, танымал орындаушы Леонид Борткевич 71 жасында дүниеден өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір - Sputnik. Беларустық ВИА "Песняры" тобының солисі Леонид Борткевич қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Беларусь оның әйеліне сілтеме жасап хабарлайды. Танымал музыкант, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі 71 жаста еді. 

Леонид Борткевич туралы не білеміз

Борткевич 1970-1980, 1999-2003 жылдар аралығында ВИА "Песняры" тобының құрамында болды. Оның орындауындағы "Александрина", "Вероника", "Беловежская пуща", "Березовый сок", "Купалинка" сынды аңызға айналған әндер көпшіліктің есінде.

Леонид Борткевич 1949 жылы Минскіде дүниеге келген. Оның бала кезінен музыкаға деген бейімі болды. Пионерлер сарайының хорында солист болды, гитарада ойнады, музыка мектебін бітірді.

Сәулет техникумында оқып жүрген кезінде ол жергілікті оркестрдің солисі, одан кейін "Алтын алма" ансамблінің құрамында болды.

Ол "Белниигипросельстройда" сәулетші болып жұмыс істеді. 1970 жылы Борткевич Владимир Мулявинмен танысып, ол талантты жас жігітті "Песняры" тобына шақырады.

Мулявиннің бірнеше шығармаларын орындап, танымал топқа қабылданады. Осы кезден Борткевичтің шығармашылық жолы басталды. Леонид ансамбль құрамында Америкаға барады. КСРО "Алтын Дискі" сыйлығының алғашқы иелері "Песняры" тобы болды.

Борткевич топтан бірнеше рет кетті. 1980 жылы Ресей театр өнері институтына оқуға түседі. Оқуға түсуіне байланысты Борткевич топтан кетуге мәжбүр болды.

1983 жылы Беларусь телерадиосының солисі болды. Ол 1989 жылы әйелі көркем гимнастикадан олимпиада чемпионы Ольга Корбут және ұлы Ричардпен бірге Америкаға көшіп, сол жақта он жылдай өмір сүреді.

Леонид Борткевич елге қайта оралғаннан кейін "Песняры" ансамблінде өнер көрсетті. Содан кейін ол бірнеше әріптесімен бірге жеке ансамбль құрды.

Оқи отырыңыз: Жүрегі тоқтап қалған: Ресейдің халық әртісі қайтыс болды

Леонид Борткевич көптеген марапаттың иегері. 1973 жылы бүкілодақтық ән байқауының лауреаты болды, 1979 жылы Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі атағын алды. Музыкант бірнеше рет халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты атанды.

Танымал музыкант 25 мамырда 72 жасқа толар еді.

Жаңалықтар
0