Женевадағы БҰҰ ғимаратының алдындағы тулар аллеясы

Путин Байденмен кездесе ме: келіссөзге қай тарап мүдделі

79
Мұнда мәселе Путиннің кездесу туралы Байденге бірінші болып ұсыныс жасағанында емес. Ең маңыздысы тараптардың мүддесі қандай

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Сәуір ресейлік-америкалық қарым-қатынастың айналасында неше түрлі жаңалықтар жария болған "қызыққа толы" ай болды, деп жазды РИА Новости.

Байден ең алдымен Путинді "кісі өлтіруші" деп атап, одан кейін "Ресейдің Украинаға басып кіруі төңірегіндегі шиелесіке" қатысты жағдайды өршіту белең алды. Одан соң АҚШ президенті Путинге телефон соғып, жақын уақытта бетпе-бет кездесу туралы ұсыныс айтады да, артынша Ресейге қарсы санкцияларға қол қояды. Содан кейін БАҚ-қа сұқбат беріп, Ресеймен бірлесіп жұмыс істеуге АҚШ қызығушылық танытатынын және осы мәселелерді талқылау үшін жазда Еуропада Путинмен кездесу ойда бар екенін мәлімдеді.

Біресе достың, біресе дұшпанның кейпіне еніп отырған мұндай жағдайда Путин не істеуі керек? Байденнің ұсынысын қабыл алуы қажет пе?

Қазір келіссөздер орыстарға қарағанда америкалықтарға аса қажет секілді көрінеді. Сондықтан Байден өзінің түрлі бағыттағы әрекеттері арқылы Путинді кездесуге, "саммитке қатысуға мәжбүрлеп отыр".

Америкалықтар расында да "жоқ" деген жауап алғанды, келіссөздер жүргізуге келіспегенді аса ұнатпайды. Мысалы, Иран мен КХДР көп уақыттан бері осы қағиданы ұстанып келеді. Солтүстік Корея АҚШ-тың дұшпандық әрекеттерінен кейін және өз тараптарына қатысты санкцияларды жеңілдету бойынша әрекет болмағандықтан бір жылдан бері америкалықтармен қандай да бір байланысқа бармай отыр. Мұнда карантиндік шектеулер еш себеп емес. Ирандықтар америкалықтармен келіссөздер жүргізуден бірнеше рет бас тартты. Бұл бірқатар елдермен қарым-қатынаста дұрыс әдіс.

Мұнда мәселе тіпті Путиннің кездесу туралы Байденге бірінші болып ұсыныс жасағанында емес. Ал қазір Ресей мүддесі қандай? Конфронтацияны жеңілдету туралы Америкамен келісу ме? Өңірдегі маңызды проблемалардың бірі – Таяу Шығыс, Ауғанстан, ирандық ядролық мәміле, КХДР зымыран-ядролық бағдарламасы бойынша ортақ мәмілеге келу ме? Украина бағытында америкалықтар үшін тыйым салу ма?

Жоқ, мұның барлығы жергілікті деңгейдегі мәселелер. Иран бағыты бойынша Мәскеу 2015 жылы қолынан келгеннің бәрін жасады. Сондықтан қазір ирандықтарға ешқандай қысым жасамақ емес. Кәрістер бағыты бойынша бірдеңе жасау тіпті мүмкін емес. Ким Чен Ынды зымыран-ядролық бағдарламадан бас тартуға көндірмек түгілі, келіссөз жүргізуге үгіттеу екіталай шаруа. АҚШ Пхеньянға қысымды бәсеңдетпейінше, КХДР қатысуымен өтетін қандай да бір келіссөздерге үміттенбеген абзал.

Америкалықтармен "Солтүстік ағын-2" жобасы туралы келісімге келу ме? Мүмкін емес. Оның үстіне еуропалықтар өз мүдделерін талап етуде жан салмай жатқан уақытта мұның қажеті де шамалы.

Украина ма? Мұнда ешқандай келісім жайлы сөз болмауы керек. Себебі Ресейді Украинаны атлантизациялаумен мазақ ету Вашингтон үшін жақсылықпен аяқталмайтынын америкалықтар түсінуі керек.

Байденмен Қытай жайын талқылау ма? АҚШ президентінің Қытай Ресей үшін де қауіпті екені мұны Брежнев жақсы түсінгені (өзі ешқашан Брежневпен кездеспесе де) туралы әңгімелерін тыңдау үшін бе?

Бұл проблемалардың барлығы маңыздылығына қарамастан Байденмен кездесуге себеп бола алмайды. Адами қызығушылық әлдеқайда маңызды: Путин үшін бұл бесінші америкалық президент. Қалай болғанда да әлемдік аренадағы практикалық жұмыстар үшін адамның мінез-құлқы мен өзін ұстауын жеке кездесу кезінде танып-білу маңызды.

Ресей ХХІ ғасырдың әлемдік жүйесін қалыптастыруға қатысуға үміттеніп қана қоймай, ол іспен белсенді түрде айналысып жатыр. Ресей көпполярлы әлемнің жаңа қаңқасын қалыптастырып жатыр. Бұл бағдардағы жұмыстарды Қытаймен бірлесіп жүргізіп жатқаны жасырын емес. Себебі қос державаның мүдделері мен ойы бір жерден шығып жатыр.

Байденнің "Ресей Американың ісіне араласып жатыр" деген сөзі шындық. Ресей расында да "АҚШ-тың мүдделеріне кедергі келтіріп отыр". Бірақ мұнда сөз жаһандық мүдде жайында, олардың өз өздерін әлем билеушісі етіп тағайындауында. Алайда осы рөлді АҚШ тиісті деңгейде атқарып жүргені шамалы.

79
Кілт сөздер:
Ресей, АҚШ
Джо Байден

АҚШ Ресеймен киберқауіпсіздік жайын талқылайтынын мәлімдеді

49
АҚШ президенті Джо Байден киберқылмыскерлер жайын Ресеймен тікелей талқылағанын мәлімдеді. Саясаттанушы Алексей Зудин Sputnik радиосының эфирінде не себепті Америка көшбасшысының бұл пікіріне ерекше мән беру керектігін айтып берді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Америка президенті Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде Ресей үкіметінің Colonial Pipeline компаниясына жасалған кибершабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Аталған компания – АҚШ-тағы құбыр желілерінің ең ірі операторы. Алайда Байденнің пікірінше, хакерлер Ресей аумағында болуы мүмкін.

"Біз ресейлік үкімет шабуылға қатысты деп санамаймыз. Бірақ бізде шабуыл жасаған қылмыскерлер Ресейде тұрады деп тұжырымдауға дәйекті себеп бар. Бұл Ресейден келді. Біз хакерлік шабуыл жасап, құн төлеуді талап ететін желілерге қарсы қабылдануға тиісті шаралар жөнінде Ресеймен тікелей байланыстамыз және мұндай қылмыскерлердің әрекет ету мүмкіндіктерін шектейтін іс-шараларға талпынамыз", - деді Байден.

Colonial Pipeline компаниясына алдын ала болжам бойынша DarkSide хакерлер тобы тарапынан құн төлеуді талап ететін бағдарлама шабуылдады. Хакерлердің қылмыстық әрекетінен құбыр желілері тұралап, бұл АҚШ-та бензиннің көтерме бағасы қымбаттауына алып келді.

Бейсенбіге қараған түні құбыр желісі қайта іске қосылды. Бірақ АҚШ президенті оның жұмысын қалпына келтіру уақытты қажет ететінін айтты.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, МХҚМИ салыстырмалы саясаттану кафедрасының аға ұстазы Алексей Зудин президент Байденнің киберқауіпсіздік мәселесін Ресеймен талқылауға ниет білдіргені туралы мәлімдемесіне мән берді.

"Бұл ресейлік тарап АҚШ-ты келіссөздер жүргізуге шақырған мәселенің бірі. Алайда Вашингтон бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізуге түбегейлі бас тартып келді. Мен бұл мәлімдемені маңызды деп санаймын. Себебі бұған дейін АҚШ тарапынан осы секілді ұсыныстар мүлде болған емес", - дейді Алексей Зудин.

Оның айтуынша, мұнда Ресейдің ұдайы келіссөздер жүргізуді ұсынуы да рөл ойнады.

"АҚШ осы уақытқа дейін бас тартып келген киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты келіссөздер жайлы айтылғаны маңызды. Мұнда осы келіссөздерді үнемі ұсынып келген Ресейдің де еңбегі бар", - деп санайды Зудин.

49
Строительство газопровода

"Солтүстік ағын 2" жобасының құрылысы қазанға дейін аяқтала ма?

85
Құбыр құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында тоқтады. Швейцариялық Allseas құбыр төсеуші компаниясы Америка санкцияларының кесірінен жобадан кетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. "Солтүстік ағын – 2" төңірегіндегі шу басылар емес. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Еуропаны санкциямен қорқытуын жалғастырып жатыр.

Әлем ресейлік көгілдір отынның қажеттілігін түсінсе де, Германияда алдағы уақытта өтетін сайлау жобаның келешегіне едәуір әсер етуі ықтимал. Сондықтан Ресей газ құбырының құрылысын мейлінше жылдам аяқтауға асығып отыр, деп жазды РИА Новости.

Ресейдің Германиядағы елшісі Сергей Нечаев газ құбырының құрылысы 26 қыркүйекке дейін аяқталатынын мәлімдеді. "Егер ауа райы қолайлы болса, жұмыс жылдам жүреді", - деді ол. Қазір жүз километр құбырды төсеу қажет.

Сайлаудан кейін Бундестагтағы басым күшті жасылдар иеленуі мүмкін. Ал олар бұл жобаны қолдамайды. 3 мамырда немістердің үкіметтік емес табиғатты қорғау ұйымы Гамбургтегі әкімшілік сотқа арызданды. Экологтар "Солтүстік ағын – 2" жобасы Балтық теңізіне зиян келтіреді деп санайды.

Сонымен қатар ресейлік құбырды жақтаушы Ангела Меркель канцлер қызметінен кетеді. Билікке кім келетіні әзірше белгісіз. Жобаға үлкен қаржы салынған.

"Қазір он миллиард еуроны теңіз түбінде қалдыруға дайынбыз ба, мәселе осыда. Шешімді Еуропа қабылдауы керек", - дейді Сергей Нечаев.

Еуроодақта жобаға қатысты пікір қақ жарылды. Құбыр Германия, Финляндия, Швеция және Данияның аймақтық сулары арқылы өтеді. Алғашқы үш мемлекет құрылысқа жылдам келісім берді. Копенгаген ғана қарсылық білдіргенімен, ақырында ол да келісті. Есесіне Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия қарсылық танытуда. Олардың қатарында Украина да бар. Ешкім транзиттеуші мәртебесінен айырылғысы келмейді.

Жалпы Варшава "Газпроммен" келісімшарт мерзімі аяқталған соң, 2022 жылдан бастап ресейлік отыннан бас тартуға дайын екенін білдірді. Поляктар Солтүстік теңізде төселіп жатқан норвегиялық тармақ - Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр. Қалғаны – мұхиттың арғы жағындағы сұйылтылған табиғи газ.

"Солтүстік ағын – 2" екі тармағының жалпы қуаты – жылына 55 миллиард текше метр. Ұзындығы – 1234 километр.

Құбыр құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында тоқтады. Швейцариялық Allseas құбыр төсеуші компаниясы америкалық санкциялардың кесірінен жобадан кетті. Бір жылдан кейін жұмыстар қайта жанданды. Бірақ Вашингтон жобаны әлі де қолдамай отыр.

АҚШ-тың 2021 жылға арналған қорғаныс бюджеті шектеулерді қайтадан кеңейтті. Мемлекеттік департамент еуропалық компанияларға қысым көрсетуде. Осы жылдың ақпанына қарай "Солтүстік ағын – 2" жобасынан ЕО-дағы 18 қатысушы кетті.

Алайда Еуропадағылар жобаның энергетикалық қауіпсіздік үшін маңыздылығын түсініп отыр. Кремль де серіктестер жоба құрылысын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді.

Германия билігі мұны бірнеше рет растады. Атап айтсақ, 4 мамырда ГФР сыртқы істер министрі Хайко Маас Лондонда өткен "жетілік" СІМ басшыларының отырысында осы тектес мәлімдеме жасады. ГФР көмір және атом энергетикасынан бас тартуда. Қалпына келетін энергия көздеріне жеңіл көшу үшін елге көп газ қажет.

Бірнеше күннен кейін, 11 мамырда "Германияға арналған альтернатива" партиясының тең төрағасы Тино Крупалла "Егеменді ел ретінде біз көптеген елмен іскерлік қарым-қатынасты ұстану керекпіз" дегенді айтты. Ол газ құбырының құрылысын аяқтау ГФР үшін де, Ресей үшін де тиімді екенін атап өтті.

"Бір сәттік саяси текетірес ұзақ мерзімді тиімді экономикалық әріптесікті бұзуы мүмкін емес. Бұл жеке мүдде емес, бұл бизнес", - дейді РХДУ экономика факультетінің доценті Максим Черняев.

Бірақ қыркүйек соңында жоба іске қосылатынына күмәндануға ауқымды себептер бар.

"Мұнда тек заңды және саяси кедергі ғана тұрған жоқ. Жұмыс қарқыны төмен. 19 мамырдан 10 мамырға дейін – 3,1 километр, 1-19 сәуір аралығында – 8,6 километр төселді. Яғни 40 күнде 11,7 километр немесе күніне орта есеппен 0,3 километр салынды. Онда құрылысты аяқтау үшін 11 ай қажет", - деп санайды TeleTrade ақпараттық-аналитикалық орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Алайда жобаны түбегейлі тоқтату мүмкін емес екенін көбі түсінген секілді. Жаңа санкцияларға дес бермес үшін еншілес фирмаларды тартуға болады. Бұл ұзақ уақытты қажет еткенмен, нәтижелі болады.

85
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1072
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1072
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы