Әлем

АҚШ-та полиция қызметкері қара нәсілді бойжеткенді атып өлтірді – видео

© Sputnik / Михаил Тургиев / Медиабанкке өтуПротесты в США
Протесты в США - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Наразылық білдірушілер қалалық полиция ғимаратының жанына жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Огайо штатындағы Колумбус қаласында 16 жастағы қара нәсілді бойжеткен полиция қызметкері атқан оқтан көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті 10TV телеарнасына сілтеме жасап.

Тәртіп бұзуға байланысты сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша саған 16:30 шамасында оқиға орнына полиция шақырылған.

Қайтыс болған Макайи Брайанттың отбасы жасаған мәлімдеме бойынша, бойжеткен үйінің жанында қыздар жанжалдасып жатқандықтан полиция шақырған.

Брайант ауыр жағдайда жеткізілген ауруханада көз жұмғаны белгілі болды. Алайда оған қандай жағдайда оқ атылғаны туралы мәлімет жоқ.

Колумбус мэрі Эндрю Джинтер сейсенбіде қалада "қайғылы жағдайда жас қыз көз жұмғанын" Twitter-де жазды. Бірақ басқа ешқандай ақпарат бермеді. Оның айтуынша, бұл оқиға тәртіп сақшысының камерасына жазылған.

"Мен қала тұрғындарын сабыр сақтауға және тергеу бюросының мән-жайды анықтауына мүмкіндік беруге шақырамын", - деп жазды мэр Twitter-де.

10TV телеарнасы ақпаратына сәйкес, полиция басқармасына наразылық білдірген адамдар жиналып, қайтыс болған қыздың есімін айқайлап айтып жатыр.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы наразылық: Калифорнияда полицей халық алдында тізе бүкті - видео

Бұл оқиға Миннеаполисте қара нәсілді Джордж Флойдты өлтірген экс-полицейге сот үкімі жарияланып жатқан уақытпен тұспа-тұс келді.

Естеріңізге салсақ, афроамерикалық Джордж Флойд полиция қызметкерлері ұстау кезінде көз жұмды. Оның қазасы Миннесота қалалары ғана емес, басқа да штаттардағы жаппай толқуға алып келді. Интернетте тәртіп қызметкерлері Флойдтың қолына кісен салып, оны жерге құлатқаны және полиция қызметкерінің бірі оның мойнын тізесімен басып тұрғаны түскен видео тарады. Флойд видеода демала алмай жатқанын бірнеше рет айтқан. Кейіннен ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жаңалықтар
0