Әлем

YouTube ресейлік БАҚ-ты неге бұғаттады

© Photo : PexelsYouTube: теперь без дизлайков?
YouTube: теперь без дизлайков? - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2021
Жазылу
Ресейде түсірілген деректі фильмдер ғана емес, тіпті Ресей әнұраны бар роликтер де бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір - Sputnik. Ресейдің БАҚ-ты қадағалау қызметі (Роскомнадзор) YouTube желісі ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына негізсіз цензура жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

"YouTube әкімшілігі ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының парақшаларында жарияланған ақпаратқа цензура қоюда. Бұған бейнежазба мазмұнының жас санатына сәйкес келмеуі деген негізсіз себеп айтылды", - деп хабарлады ведомство.

Мысалы, Ресей федералды арналарында көрсетілген және жас шектеуі жоқ фильмдер, YouTube әкімшілігінің пікірінше, тек ересек көрермендерге көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, көптеген роликтер бейнехостингке авторизациядан өткеннен кейін немесе ересектерге арналған мазмұнды көруге қосымша келісім бергеннен кейін ғана көрсетіледі.

Сонымен қатар, YouTube көрермендерге "Батыста қабылданған ұстанымнан өзгеше позицияны" жеткізетін бейнелерді бұғаттайды.

"Федералдық арналардың бірінің парақшасындағы Ресей президенті жолдауының бұғатталуы кездейсоқ қателік деп түсіндірілді", - деп атап өтті қадағалау қызметі.

Қадағалау қызметі Google-дан YouTube-тегі RT каналынан шектеулерді алып тастауды талап етті, деп хабарлайды ведомствоның Telegram арнасы.

"Интерфакс" агенттігіне берілген деректерге сәйкес, 2020 жылы YouTube ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының аккаунттарына тоғыз рет және олардың материалдарына үш рет шектеу қойған. Ал 2021 жылдың төрт айында ресейлік БАҚ-тың үш аккаунты мен бес материалы бұғатталды. Шектеу НТВ, Россия 24, ТВТ, Russia Today, Sputnik ресми аккаунттарына да әсер етті.

Оқи отырыңыз: Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратудың салдары қандай болмақ

Сонымен қатар YouTube Ресей Федерациясының мемлекеттік әнұраны бар роликтерге шектеу қойды. Мұны шетелдік авторлық құқық иелеріне тиесілі құқықты бұзумен түсіндірді.

Жаңалықтар
0