Оскар жүлдесі

"Оскар" сыйлығын "Көшпенділер жері" жеңіп алды - видео

1835
Әлемдегі ең беделді киносыйлықтың биылғы жылғы иегері анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір - Sputnik. АҚШ киноакадемиясы "Оскар" жүлдесінің 2020 жылғы жеңімпаздары тізімін жариялады.

93-ші рет өткізіліп отырған бұл шараға да коронавирус пандемиясы әсер етті. АҚШ-тағы кинотеатрлар жыл бойы жабық болды, сондықтан жарыс ағындық платформаларда онлайн режимінде көрсетілген фильмдер арасында болды. Осылайша, үміткерлер тізіміне үлкен, шағын экран өкілдері бірдей енді.

Оливия Колман на показе премии «Оскар» в понедельник, 26 апреля 2021 года в Лондоне
© AFP 2021 / POOL
Ағылшын актрисасы Оливия Колман "Оскар" сыйлығының көрсетілімінде. Лондон, 2021 жылдың 26 сәуірі

Netflix ірі ағындық қызметі номинация саны жағынан алға озды. 16 санатта 35 номинацияға қол жеткізді. Номинациялар саны бойынша екінші орынға Disney орталығы шықты. Оның үлесінде 15 номинация.

 Церемония вручения премии Оскар-2021 в Лос-Анджелесе
© AFP 2021 / POOL
Лос-Анджелестегі "Оскар-2021" сыйлығын тапсыру салтанаты

Пандемияға байланысты жеңімпаздарды жариялау салтанатына 170 адам қатысты.

2021 жылғы "Оскар" жеңімпаздарының тізімі:

  • Үздік фильм: режиссер Хлоя Чжаоның "Көшпенділер жері" кинотуындысы.
  • Үздік актер: Энтони Хопкинс  - "Әке".
  • Үздік режиссер - Хлоя Чжао -  "Көшпенділер жері".
  • Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі: Юн Ё-Джон  - "Минари".
  • Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Дэниэл Калуя -  "Иуда және қара мессия".
  • Үздік сценарий: Эмиральд Феннел - "Үміт сыйлайтын қыз" (Promising Young Woman, 2020).
  • Шет тіліндегі үздік фильм: Томас Винтерберг  - "Тағы бір реттен".
  • Үздік анимациялық фильм: Питер Доктер және Кемп Паэурс - "Жан".
  • Үздік деректі фильм: Пиппа Эрлих "Менің ұстазым - сегізаяқ".
  • Үздік ән: "Иуда және қара мессия" кинокартинасындағы Fight for You шығармасы.
  • Үздік қысқа метражды фильм: Трэвон Фри және Мартин Десмонд Роу -  "Екі бейтаныс жан".
  • "Манк" туындысының авторлары үздік операторлық жұмыс және көркемдік қойылым номинациясы бойынша "Оскар" жеңіп алды.
Режиссеры Пиппа Эрлих (слева) и Джеймс Рид (справа) позируют в пресс-центре с наградой за лучший документальный фильм Мой учитель осьминога рядом с ведущей Марли Мэтлин (в центре) на церемонии вручения премии «Оскар» 25 апреля 2021 года
© AFP 2021 / CHRIS PIZZELLO
"Оскар" сыйлығын тапсыру салтанатында режиссерлер Пиппа Эрлих (сол жағында) және Джеймс Рид (оң жағында) жүргізуші Марли Мэтлинмен (ортасында) бірге, 2021 жылдың 25 сәуірі

Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.  

1835
Кілт сөздер:
кино, Оскар жүлдесі
Джо Байден

АҚШ Ресеймен киберқауіпсіздік жайын талқылайтынын мәлімдеді

49
АҚШ президенті Джо Байден киберқылмыскерлер жайын Ресеймен тікелей талқылағанын мәлімдеді. Саясаттанушы Алексей Зудин Sputnik радиосының эфирінде не себепті Америка көшбасшысының бұл пікіріне ерекше мән беру керектігін айтып берді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Америка президенті Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде Ресей үкіметінің Colonial Pipeline компаниясына жасалған кибершабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Аталған компания – АҚШ-тағы құбыр желілерінің ең ірі операторы. Алайда Байденнің пікірінше, хакерлер Ресей аумағында болуы мүмкін.

"Біз ресейлік үкімет шабуылға қатысты деп санамаймыз. Бірақ бізде шабуыл жасаған қылмыскерлер Ресейде тұрады деп тұжырымдауға дәйекті себеп бар. Бұл Ресейден келді. Біз хакерлік шабуыл жасап, құн төлеуді талап ететін желілерге қарсы қабылдануға тиісті шаралар жөнінде Ресеймен тікелей байланыстамыз және мұндай қылмыскерлердің әрекет ету мүмкіндіктерін шектейтін іс-шараларға талпынамыз", - деді Байден.

Colonial Pipeline компаниясына алдын ала болжам бойынша DarkSide хакерлер тобы тарапынан құн төлеуді талап ететін бағдарлама шабуылдады. Хакерлердің қылмыстық әрекетінен құбыр желілері тұралап, бұл АҚШ-та бензиннің көтерме бағасы қымбаттауына алып келді.

Бейсенбіге қараған түні құбыр желісі қайта іске қосылды. Бірақ АҚШ президенті оның жұмысын қалпына келтіру уақытты қажет ететінін айтты.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, МХҚМИ салыстырмалы саясаттану кафедрасының аға ұстазы Алексей Зудин президент Байденнің киберқауіпсіздік мәселесін Ресеймен талқылауға ниет білдіргені туралы мәлімдемесіне мән берді.

"Бұл ресейлік тарап АҚШ-ты келіссөздер жүргізуге шақырған мәселенің бірі. Алайда Вашингтон бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізуге түбегейлі бас тартып келді. Мен бұл мәлімдемені маңызды деп санаймын. Себебі бұған дейін АҚШ тарапынан осы секілді ұсыныстар мүлде болған емес", - дейді Алексей Зудин.

Оның айтуынша, мұнда Ресейдің ұдайы келіссөздер жүргізуді ұсынуы да рөл ойнады.

"АҚШ осы уақытқа дейін бас тартып келген киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты келіссөздер жайлы айтылғаны маңызды. Мұнда осы келіссөздерді үнемі ұсынып келген Ресейдің де еңбегі бар", - деп санайды Зудин.

49
Строительство газопровода

"Солтүстік ағын 2" жобасының құрылысы қазанға дейін аяқтала ма?

85
Құбыр құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында тоқтады. Швейцариялық Allseas құбыр төсеуші компаниясы Америка санкцияларының кесірінен жобадан кетті

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. "Солтүстік ағын – 2" төңірегіндегі шу басылар емес. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Еуропаны санкциямен қорқытуын жалғастырып жатыр.

Әлем ресейлік көгілдір отынның қажеттілігін түсінсе де, Германияда алдағы уақытта өтетін сайлау жобаның келешегіне едәуір әсер етуі ықтимал. Сондықтан Ресей газ құбырының құрылысын мейлінше жылдам аяқтауға асығып отыр, деп жазды РИА Новости.

Ресейдің Германиядағы елшісі Сергей Нечаев газ құбырының құрылысы 26 қыркүйекке дейін аяқталатынын мәлімдеді. "Егер ауа райы қолайлы болса, жұмыс жылдам жүреді", - деді ол. Қазір жүз километр құбырды төсеу қажет.

Сайлаудан кейін Бундестагтағы басым күшті жасылдар иеленуі мүмкін. Ал олар бұл жобаны қолдамайды. 3 мамырда немістердің үкіметтік емес табиғатты қорғау ұйымы Гамбургтегі әкімшілік сотқа арызданды. Экологтар "Солтүстік ағын – 2" жобасы Балтық теңізіне зиян келтіреді деп санайды.

Сонымен қатар ресейлік құбырды жақтаушы Ангела Меркель канцлер қызметінен кетеді. Билікке кім келетіні әзірше белгісіз. Жобаға үлкен қаржы салынған.

"Қазір он миллиард еуроны теңіз түбінде қалдыруға дайынбыз ба, мәселе осыда. Шешімді Еуропа қабылдауы керек", - дейді Сергей Нечаев.

Еуроодақта жобаға қатысты пікір қақ жарылды. Құбыр Германия, Финляндия, Швеция және Данияның аймақтық сулары арқылы өтеді. Алғашқы үш мемлекет құрылысқа жылдам келісім берді. Копенгаген ғана қарсылық білдіргенімен, ақырында ол да келісті. Есесіне Чехия, Польша, Венгрия, Словакия, Румыния, Хорватия қарсылық танытуда. Олардың қатарында Украина да бар. Ешкім транзиттеуші мәртебесінен айырылғысы келмейді.

Жалпы Варшава "Газпроммен" келісімшарт мерзімі аяқталған соң, 2022 жылдан бастап ресейлік отыннан бас тартуға дайын екенін білдірді. Поляктар Солтүстік теңізде төселіп жатқан норвегиялық тармақ - Baltic Pipe құбырына үміт артып отыр. Қалғаны – мұхиттың арғы жағындағы сұйылтылған табиғи газ.

"Солтүстік ағын – 2" екі тармағының жалпы қуаты – жылына 55 миллиард текше метр. Ұзындығы – 1234 километр.

Құбыр құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында тоқтады. Швейцариялық Allseas құбыр төсеуші компаниясы америкалық санкциялардың кесірінен жобадан кетті. Бір жылдан кейін жұмыстар қайта жанданды. Бірақ Вашингтон жобаны әлі де қолдамай отыр.

АҚШ-тың 2021 жылға арналған қорғаныс бюджеті шектеулерді қайтадан кеңейтті. Мемлекеттік департамент еуропалық компанияларға қысым көрсетуде. Осы жылдың ақпанына қарай "Солтүстік ағын – 2" жобасынан ЕО-дағы 18 қатысушы кетті.

Алайда Еуропадағылар жобаның энергетикалық қауіпсіздік үшін маңыздылығын түсініп отыр. Кремль де серіктестер жоба құрылысын аяқтауға ниетті екенін мәлімдеді.

Германия билігі мұны бірнеше рет растады. Атап айтсақ, 4 мамырда ГФР сыртқы істер министрі Хайко Маас Лондонда өткен "жетілік" СІМ басшыларының отырысында осы тектес мәлімдеме жасады. ГФР көмір және атом энергетикасынан бас тартуда. Қалпына келетін энергия көздеріне жеңіл көшу үшін елге көп газ қажет.

Бірнеше күннен кейін, 11 мамырда "Германияға арналған альтернатива" партиясының тең төрағасы Тино Крупалла "Егеменді ел ретінде біз көптеген елмен іскерлік қарым-қатынасты ұстану керекпіз" дегенді айтты. Ол газ құбырының құрылысын аяқтау ГФР үшін де, Ресей үшін де тиімді екенін атап өтті.

"Бір сәттік саяси текетірес ұзақ мерзімді тиімді экономикалық әріптесікті бұзуы мүмкін емес. Бұл жеке мүдде емес, бұл бизнес", - дейді РХДУ экономика факультетінің доценті Максим Черняев.

Бірақ қыркүйек соңында жоба іске қосылатынына күмәндануға ауқымды себептер бар.

"Мұнда тек заңды және саяси кедергі ғана тұрған жоқ. Жұмыс қарқыны төмен. 19 мамырдан 10 мамырға дейін – 3,1 километр, 1-19 сәуір аралығында – 8,6 километр төселді. Яғни 40 күнде 11,7 километр немесе күніне орта есеппен 0,3 километр салынды. Онда құрылысты аяқтау үшін 11 ай қажет", - деп санайды TeleTrade ақпараттық-аналитикалық орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Алайда жобаны түбегейлі тоқтату мүмкін емес екенін көбі түсінген секілді. Жаңа санкцияларға дес бермес үшін еншілес фирмаларды тартуға болады. Бұл ұзақ уақытты қажет еткенмен, нәтижелі болады.

85
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

1096
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

1096
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы