Әлем

Ресей мен Норвегияның қарым-қатынасы қалай өрбиді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуПразднование Дня города в Москве, архивное фото
Празднование Дня города в Москве, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Қазір Норвегияны Ресейге қарсы мемлекеттер қатарына кіргізу бойынша жұмыстар жасалып жатқаны айқын байқалады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Ресей НАТО-ға мүше бес мемлекетпен құрлықта шекаралас. Оның ішінде төрт мемлекет көп жылдан бері орыстармен тату емес. Олардың барлығы бұрын КСРО құрамында болғанымен, Польша мен Балтық маңындағы үш республика үшін ортақ тарих русофобияға кезекті сылтау болып отырған сыңайлы, деп жазады РИА Новости.

Ресеймен арада өте шағын құрлықтағы шекарасы бар НАТО-ның бесінші мемлекеті Балтық маңы республикалары ыдыраған Ресей империясынан бөлініп шыққанға дейін біраз бұрын егемендік алып қойды. Ол ешқашан Ресей құрамында болған емес, алайда дәл осы елде орыстардың басқыншылығы мен орыстардан төнген қауіп туралы романдар мен фильмдер үлкен сұранысқа ие болды.

Сөз бес миллион халқы бар, Ресей көршісі және НАТО-ның негізін қалаушылардың бірі Норвегия жайлы болып отыр.

Театр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2017
Мәдениет
Қазақстандағы Норвегия күндері: ертегілер, саяхаттар және ұлттық ас мәзірі
Норвегия атлантикалық ынтымақтастықты ұстануына қарамастан КСРО кезінде де орыстармен тату көршілік қарым-қатынасты сақтауға тырысты. Оған фашистердің бақыншылығынан азат еткені (Норвегияның солтүстігі, Финнмарктегі соғыс кезінде алты мыңнан астам кеңес сарбазы көз жұмды) үшін алғыс ишарасымен қатар, өзара тиімді ынтымақтастыққа арналған мәселелердің көптігі де ықпал етті. Норвегияда америкалық сарбаздар да болған жоқ.

Посткеңеестік кезеңде де қарым-қатынас қалыпты дамып жатты. Алайда Қырым айналасындағы жағдайдан кейін ахуал күрт өзгере бастады – америкалықтар алдымен үш жүз, содан кейін жеті жүз сарбаз жөнелтті. Сонымен қатар соңғы уақытта "Ресей қауіпті" дегенді меңзейтін фильмдер мен кітаптардың да көбеюі кездейсоқ емес.

Орыстардың қаупі туралы детективтер тіпті жиі жарыққа шығып, ол картиналарда Қырыммен ұйқастырылған сценарий саналы түрде көрсетілуде. Бірнеше жыл бұрын Нордхус Карлссонның "Ақ армада" атты туындысы көрерменге жол тартты. Ол туындыны "75 жыл бұрын Киркенесті азат етті де, орыстар қайта оралды" деген ұранмен жарнамалады.

Ал жыл басында бұрын балалар жазушысы болған Грета Боеның "Апат дабылы" атты кинотуындысы дүниеге келді. Бұл фильмде орыстар тарапынан Финнмаркке қауіп төнеді. Алайда кеңес әскері бірнеше жыл бұрын дәл осы Финнмаркты азат еткен болатын. Фильмде "Финнмарк Қырымның тағдырын қайталауы мүмкін" деген пікірлер айтылады.

Норвегтердің барлығы атлантикалық бағытта русофобияны қолдап отыр деуге болмайды. Керісінше, көпшілігі наразылық білдіріп, кейістік танытуда. Алайда мұндай пікір білдіретіндерге қудалау қаупі төніп отыр. Мысал ретінде Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры Гленн Дисэнді айтуға болады. Ғалым Ресеймен тату көршілік қарым-қатынасты қолдап берген сұхбаттары үшін "Кремльді насихаттаушы" деген атқа ие болды.

Қазір Норвегияны Ресейге қарсы мемлекеттер қатарына кіргізу бойынша жұмыстар жасалып жатқаны айқын байқалады. Алайда корольдікте тұрмыстық және саяси деңгейде русофобия дәстүрі әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Атлантшылардың ықпалына қарамастан Осло көрші мемлекеттермен қарым-қатынасын өз бетінше айқындай алатын қауқарлы мемлекет. Олардың қатарында Норвегияны ешқашан жау деп санамаған Ресей де бар.

Жаңалықтар
0