Шприц пен ине

Коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина анықталды

655
Ресейлік "Спутник V" препаратын әзірлеуші мекеме жетекшісі Дүниежүзілік конгрессте үздік вакцинаның таңдалуына қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. 2021 жылғы Дүниежүзілік вакцина конгрессінде (World Vaccine Congress Washington 2021) америкалық Modernа компаниясының препараты коронавирусқа қарсы әлемдегі ең үздік вакцина деп танылды.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Александр Гинцбург байқау қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Гинцбургтің айтуынша, сарапшыларды таңдау "экономикалық және саяси шешім" болып табылады.

"Шығарылымның құны шамамен 100 миллиард долларды құрайды. "Спутник V"-ді мойындау – осыншама қаржыны Ресей Федерациясына беру деген сөз. Ал конгресс Вашингтонда өткенін еске сала кеткен жөн", – деді Гинцбург.

Бұған дейін Moderna компаниясы мен АҚШ ұлттық денсаулық институтының вакцинасы әлемдегі аналогтар арасында ең үздік деп танылды.

Айта кетейік, вакцина Америка мен басқа да бірнеше елде шұғыл пайдалануға лицензияланған.

Moderna – бұл матрицалық РНҚ препараттарын дайындайтын америкалық биотехнологиялық компания. Ал оның АҚШ ұлттық денсаулық институтымен бірлесе жасаған дәрісі AstraZeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech, "Спутник V" және жануарларға арналған Zoetis вакциналарының рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді.

Сондай-ақ Гинцбург Moderna вакцинасы Pfizer вакцинасымен бірдей платформада жасалатынын да атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады – министрлік түсініктеме берді

Ғалымның айтуынша, жеңісті соңғысына беру "өте-мөте әбестік". Өйткені оның жүз мың вакцинаға шаққанда өлім деңгейінің көрсеткіші бірқатар елдер бас тартқан AstraZeneca-дан 25 есе жоғары.

655
Кілт сөздер:
вакцина, екпе
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (222)
Тақырып бойынша
Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы
Қазақстан вакцина шығаратын америкалық компаниямен келіссөз жүргізіп жатыр
Вакцина салдырғандардан қай кезде ПТР-анықтама талап етілмейді
Осы айда екі миллион адамға вакцина егеміз – Мамин
"Вакцина салдырмасаң, анықтама бермейміз": Түркістан облысында болған оқиға
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

40
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

40
Врач поправляет защитный лицевой щиток перед началом смены в больнице с коронавирусом

Ресейде коронавирусқа қарсы сағыз-препарат дайындалып жатыр

33
Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" қолға алынды, деді дереккөз

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі сағыз түрінде болатын коронавирусқа қарсы препаратты дайындауға кірісті. Бұл жөнінде РИА Новости ақпарат порталына әскери ведомствоға жақын тұлға хабарлаған.

Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" жүріп жатқаны белгілі болды.

"Препараттың пайдалы қасиеттерін оны қолданудың қолайлы пішінімен үйлестіру жаңа коронавирус инфекциясымен тиімді күресуді қамтамасыз етеді", - деді ол агенттікке.

Сонымен қатар институтта пастила түрінде коронавирусқа қарсы мукозальді вакцина дайындалып жатыр.

"Сынақтар аяқталғаннан кейін бұл вакцина түрлі емдеу әдістеріне кіріктіріліп, қазір қолданыстағы профилактикалық емдеу препараттарын қолдану механизміне қосымша ретінде пайдаланылады", - деді әскери ведомство өкілі.

Өткен жылы Ресей қорғаныс министрлігінің 48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығымен бірлесіп SARS-CoV-2 вирусына қарсы рекомбинантты "Спутник V" препаратын дайындады.

33