Мектептегі атыс

Қазан қаласындағы гимназияда белгісіз біреулер оқ жаудырған: 9 адам көз жұмды - видео

1432
(Жаңартылды 14:17 11.05.2021)
Оқиға орнында 20 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Белгісіз біреулер Қазандағы білім беру мекемесінде оқ жаудырды, салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқ атқан жасөспірім ұсталды. Барлық оқушы мен оқытушы құрамы эвакуацияланды.

Стрельба у школы в Казани
© Sputnik / Максим Богодвид
Қазан мектебіндегі атыс

Сәл кейінірек оқ атылғаннан кейін мектепте жарылыс болды.

Оқиға орнында дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Татарстан басшысы Рустам Минниханов, сондай-ақ бас прокурор Илдус Нафиков келеді деп күтілуде.

Mash Telegram каналы екі жасөспірімнің Қазан қаласындағы №175 гимназияға шабуыл жасағанын хабарлайды.

Біреуі ұсталды, екіншісі үшінші қабаттан оқ жаудырып жатыр. Mash-тың хабарлауынша, бірінші мектепке кіруге жол бермеуге тырысқан күзетші көз жұмған. 

1432
Кілт сөздер:
Татарстан, жасөспірім, мектеп, атыс
Архивтегі фото

Қытайда көпқабатты үй құлап, адамдарды басып қалды видео

1071
Алдын ала болжам бойынша апатқа үйдің жанында басталған құрылыс жұмыстары себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қытайдың Хунань провинциясында 7 қабатты тұрғын үй опырылып құлады, деп хабарлады Life.

Апат кезінде үйде 12 адам болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, бес адам қайтыс болды, тағы жетеуі жарақат алды. Жалпы, бұл үйде 27 адам тұрған. Бірақ төтенше жағдай кезінде жартысынан көбі үйде болмаған.

Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті – видео

Қытайдың орталық теледидары таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнына 400 құтқарушы аттанды. 80 бірлік техника тартылған. Апаттың себебін анықтау шаралары басталды.

Алдын ала болжам бойынша апатқа үйдің жанында басталған құрылыс жұмыстары себеп болған.

1071
Врачи в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом

15 ай бойы коронавируспен күрескен науқас қайтыс болды

66
Ол 2020 жылдың көктемінен бастап коронавируспен күрескен, бір жылдан аса уақыт ішінде жазылмаған соң ем қабылдаудан бас тартты

АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Британиялық Джейсон Келк 15 ай бойы коронавируспен ауырып, содан кейін ем алуды жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Ер адам 2020 жылдың 31 наурызында ауруханаға түсті. Содан бері ол Әулие Джеймс ауруханасында жатты. Ол коронавирусты жеңе алмады, өйткені ол диабет және астмамен ауырған.

Аурумен ұзақ уақыт бойы арпалысқан Келк отбасымен қоштасып, емделуден бас тартты. Моральдық жағынан күресуден шаршаған ол 18 маусымда қайтыс болды.

Ұлыбританияда тағы бір ерекше жағдай болды. Коронавирус жұқтырған 64 жастағы Брайан Мирнс 172 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оның отбасын ауруханаға науқаспен қоштасу үшін 4 рет шақырған. Себебі олар науқастан айырылып жатырмыз деп ойлаған. Алайда ер адам есін жиды.

Ол тағы бір халықаралық әкелер күнінде (20 маусым) қыздарының жанында болғанына бақытты екенін, жазылған соң отбасымен бірге гольф ойнайтынын айтты.

66
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Жаңбыр

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

0
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Кей өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Еліміздің тоғыз өңірінде ауа райының бұзулуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

22 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түсіп,  дауыл болады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с болады.

22 маусымда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Кей аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент пен Түркістан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерінде найзағай түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады.

22 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз 22 маусымда Ақтөбе облысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +39 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с болады. Күндіз кей жерлерде 42 градус ыстық болады.

Облыстың оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

22 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде өрт қаупінің төтенше деңгейі болуы мүмкін.

Алматы облысында таулы аудандарда қатты жанбыр жауады. Кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с жылдамдыққа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

0
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, ауа райы