Көрнекі фото

11 жасар қыз педофилден қашып құтылды видео

1969
(Жаңартылды 12:28 20.05.2021)
Он бір жастағы қыз арам пиғылды ер адам өзін ұрлап кетпек болған кезде автобус күтіп отырған

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында ер адамның баланы ұрлау әрекеті видеоға түсіп қалған. Полиция күдіктіні ұстады.

Бұл туралы РИА Новости Эскамбиа округінің шериф кеңсесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін округ полициясы Facebook парақшасында 18 мамырда түсірілген видео жариялады. Ол жерде ер адамның көлігінен түсіп, 11 жастағы қызға жүгіріп барғаны, оны көлікке күштеп отырғызуға тырысқаны түсірілген.

Автобус күтіп тұрған қыз қарсылық көрсетіп, қашып үлгерді.

Кейіннен полиция кішкентай қызға шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол баланы ұрлауға ұмтылу, шабуыл жасау және ұрып-соғу әрекеті бойынша айыпталды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

Округ полициясы шерифінің сөзінше, ұсталған ер адамда пышақ болған. Сондай-ақ оның бұрын балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны анықталды.

1969
Кілт сөздер:
педофил, видео
Тақырып бойынша
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарға сот үкімі шықты
Кәмелетке толмаған қызды зорлаған блогерге сот үкімі шықты
Қазақстандық психологтар педофилдердің ұқсас белгілерін анықтады
Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды
Жарылыс, архивтегі сурет

Ресейде оқ-дәрі зауытында болған жарылыстың видеосы жарияланды

35
Ресей ТЖМ оқ-дәрі зауытындағы өрт пен жарылысқа технологиялық процестің бұзылуы себеп болғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Рязаньда "Эластик" оқ-дәрі шығаратын зауытта болған жарылыс бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Төтенше жағдай он жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлайды РИА Новости.

Кадрдан арнайы киімдегі жұмысшылардың қаптарды кезекпен конвейерлік желіден алып жатқаны көрінеді. Бір кезде бір нәрсе жарқ етіп, бірден өрт басталады. Зәресі ұшқан жұмысшылар қаптарын тастай алып, қаша жөнеледі. Бейнежазба осы сәтте үзіледі – жарылыс болады.

Шиловский ауданы Лесной кентінде орналасқан "Эластик" зауытынан 22 қазан таңертең өрт шықты. Оқ-дәрі цехында жарылыс болған. Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты, жарылыс кезінде аман қалған жалғыз адам ауруханада көз жұмды.

ТЖМ өртке технологиялық процестің бұзылуы себеп болғанын мәлімдеді. Тергеу комитеті бір және одан көп адамның өліміне әкеп соққан, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз: 

35
Кілт сөздер:
Ресей, зауыт, жарылыс, видео, оқ
Владимир Путин

"Валдай" клубының пленарлық отырысы өтті

39
"Валдай" халықаралық пікірталас клубының кезекті отырысы Сочиде 18-21 қазан аралығында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" клубының пленарлық отырысына қатысты. Ол өз сөзінде бүкіл әлем секілді Ресей де терең әрі күрделі өзгерісті бастан өткізіп жатқанын айтты, деп жазды РИА Новости.

"Қытайларда "өзгерістер дәуірінде өмір сүргеннен құдай сақтасын" деген нақыл сөз бар. Алайда біз дәл сол өзгеріс уақытындамыз", - деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, әзірше әлемдегі жаңа теңгерім тірегіне қол жеткен жоқ. Барлық бағыт бойынша өзгерістерге қазір бейімделіп үлгеру керек еді, бірақ, бұл әлі жүзеге асқан жоқ. 

Путин қазіргі капитализм үлгісі жарамсыз екенін және оның көмегімен бүгінгі шиеленістен шығу мүмкін емес екенін айтты. Әлемде азық-түлік дағдарысы күшейе береді. Мұның барлығы қоғамда жікке бөлінудің ушығуына алып келеді.

Ресей президентінің айтуынша, барлық мемлекет ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдегенмен, бұл барлық кезде іс жүзінде жүзеге аса бермейді. Алайда саясаткерлер ең алдымен өз азаматтарының алдында жауап беретіндіктен, халықаралық және трансұлттық мәселелер кейінгі орынға шегерілуіне байланысты бұл негізінен өте күрделі мәселе екенін айтты.

Путин әлемнің қазіргі ахуалы қырғи-қабақ соғыс салдары екенін айтып, ауқымды қарулы қақтығыссыз жаңа бейбіт әлем құруға талпыну керек екенін мәлімдеді.

БҰҰ реформасы

Путин өз баяндамасының жеке бөлігін Біріккен Ұлттар Ұйымына арнады. Ол ұйымды сақтауды қажет ететін құндылық деп атады. Ол барлық кезде қарқынды өзгерістерге бейімделіп үлгере алмаса да, оны реформалауда асығыстық пен қателікке жол бермеу керек.

Ол басқа мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болуға деген мүмкіндіктері жайлы айта келіп, бұл Ресей емес, консенсус арқылы шешілетін мәселе екенін еске салды.

"Егер біз тұрақты мүшелер ветосын бұзатын болсақ, онда Біріркен Ұлттар Ұйымы дәл сол күні күйреп, ол Ұлттар Лигасына айналады. Бары сол", - деді ресейлік президент.

COVID-19-бен күрес

Путин өз сөзінде коронавиус пандемиясына да тоқталып, бұл індет құрбандарының саны Бірінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан әскерилерден асып кеткенін еске салды. Ол аурумен күрес жүргізуде халықаралық көмекке мұқтаж елдерде санкция сақталып тұрғанын айтты.

"Ал батысқа тән саяси ұстанымның гуманистік бастауы қайда? Құр сөз бе? Міне, барлығы айқын көрініп тұр", - деді Путин.

Ол барлық мемлекеттік менмендікті ысырып, осы проблеманы шешу үшін бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

Орынды консерватизм

Құндылықтар жайы да сөз болды. Ресей президенті оны әрбір ұлттың мәдени-тарихи дамуындағы айрықша өнім деп атады.

"Құндылықтар бойынша өктемдік таныту онсыз да мәз емес жағдайды одан бетер ушықтырып, күткен нәтижеге қарама-қайшы реакция береді", - деді Путин.

Мартин Лютер Кингтің сөзін еске түсірген Путин, адамдарды түрі, нәсілі немесе дініне қарай емес, оның тұлғалық қасиеттеріне қарай бағалау керек екенін айтты. Оның пікірінше, өкініше қарай, қазір мүлде кереғар жағдай қалыптасқан.

Ол әлі де бұлыңғыр әлемдік қайта құру дәуірінде төменге қарай құлдырауға жол бермейтін және аласапыранға итермелемейтін ең дұрыс іс-қимыл желісі орынды консерватизм екенін айтты.

Ол Батыста ер адамдар мен әйелдер құқығы туралы пікірталастың сандыраққа айналғаны соншалық, олар "ер адам" мен "әйел" ұғымын қолданыстан алып тастау қарсаңында тұр.

Басқа да мәлімдемелер

Путин кеңес одағы кезіне де тоқталып, бүгінде "кеңестік адам" деген ұғым идеологиялық сипатта қолданылып жүргенін және бұл тезистің ешқандай кемшін тұсы жоқ екенін ескертті.

Ресей президенті Ауғанстандағы ахуал туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, ондағы жағдай барлығы үшін үлкен мәнге ие. Себебі, барлық ел өз шекарасында тұрақты мемлекет болғанын қалайды. Оның үстіне, елде террористік топтар үстемдік етіп отыр. Путин атап өткендей, Ауғанстанға экономиканы қалпына клетіруге және активтердегі бұғатты шешуге көмектесу керек. Ол АҚШ президенті Джо Байденнің елден әскерді шығару туралы шешімін қолдайтынын, бірақ мұны басқаша жүзеге асыруға болатынын айтты.

Сонымен қатар, Валдай клубының пленарлық отырысында Путин Украина мен "Солтүстік ағын – 2" жобасы жайлы да сөз қозғады. Ол жаңа технологиялардың арқасында Украина арқылы транзитке қарағанда атмосфераға СО2 бөлінуі 5,6 есе қысқарғанын айтты. Ал экологтардың жаңа магистральға қатысты наразылықтары негізсіз.

Мемлекет басшысы ретінде ең басты жетістігі жайлы сұраққа жауап берген Путин, экономика мен өнеркәсіптің кейбір саласын, соның ішінде қорғаныс өнеркәсібін қалпына келтіруді, терроризмге қарсы күресті атады. Ресей президенті болашақта қоғам мен мемлекеттің барлық ресурсы адамзат мүддесі төңірегіне шоғырланғанын қалайтынын айтты.

"Валдай" халықаралық пікірталас клубының кезекті отырысы Сочиде 18-21 қазан аралығында өтеді.

39
Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Елордада қаржыгерлер аллеясы ашылды

0
Сонымен қатар соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қаржы министрлігінің 100 жылдығына орай қаржыгерлер аллеясы ашылды.

Қаржы министрлігі ғимаратының жанына 100 көшет отырғызылды, ол енді елорданың жасыл қорын толықтырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаржыгерлер аллеясының ашылу салтанатында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аллеяның ашылуы министрлік мерейтойына арналған іс-шаралар легінің бастауы болғанын атап өтті.

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды
© Photo : Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі
Қаржыгерлер аллеясы

Осылайша, жақын арада әр жылдары министрлікті басқарған тұлғалар туралы бірнеше жарияланым ұсынылады. Сондай-ақ, соңғы 100 жылдағы қаржы-бюджет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы туралы деректі фильм жарыққа шығады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік қызметкерлер қалыптасқан дәстүр бойынша "Қаржы саласының үздігі" медалімен, бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталады.

Қаржы министрлігінің ақпаратынша, тәуелсіздік жылдарында министрлікке 14 адам басшылық еткен.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Қаржы министрлігі, Нұр-Сұлтан