Әлем

Қытайдың ең бай 15 адамының бірі көз жұмды

© PhotoForbes
Forbes   - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2021
Жазылу
Цзо Хуэй – Қытайдағы тұрғын үйді сату және жалға беру бойынша ең ірі онлайн-ресурстың негізін қалаушы және басшысы. Ол 51 жасқа қараған шағында қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Жылжымайтын мүлік сауда платформасының негізін қалаушы, миллиардер Цзо Хуэй 50 жасында қайтыс болды. Оның қазасына "аурудың асқынуы" себеп болған, деп хабарлады миллиардер басқарған KE Holdings компаниясы.

Кәсіпкер Қытайдағы ең бай 15 адамның қатарында болды. Forbes Цзо-ның дәулетін 14 миллиард долларға бағалады. Оның қайтыс болғаны туралы хабар тараған соң ол 800 миллионға немесе 5,63%-ке төмендеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір жыл ішінде миллиардерлер саны екі есе көбейді

KE Holdings хабарламасында Цзо Хуэйдің ауруы кенеттен асқынып қайтыс болғаны айтылған.

Цзо 1971 жылы Қытай халық республикасының Шэньси провинциясында дүниеге келген. 1992 жылы Бейжің химия-технологиялық университетін бітірген.

Алғашқы табысын сақтандыру кәсібі бойынша тапқан. 2018 жылы ол KE Holdings-ті құрып, Қытайдағы Beike тұрғын үй мәмілесі мен қызметтері үшін ең ірі платформаны іске қосты. Осылайша елдің ең ықпалды бизнесмендерінің бірі болды.

Жаңалықтар
0