Газ құбыры

Газ нарығындағы текетірес: ірі жоба іске қосылса Украина қанша шығынға ұшырайды

93
АҚШ "Солтүстік ағын–2" жобасына қарсы санкциялардан бас тартты. Киев осы орайда өзінің шығындарын есептеп, Вашингттоннан тиісті түсініктемені талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алаңдаудың негізгі себебі де бар. Бауырлас республиканы айналып өтетін ресейлік отын салдарынан Украинадағы тразнит төменгі шекке дейін құлдырады. 2024 жылы "Газпром"–"Нафтогаз" келісімшарты аяқталғаннан кейін көмірсутекті қайта айдағаны үшін табыстан айырылуы мүмкін, деп жазды РИА Новости.

Америкалықтар аталған жобаны тоқтату әрекеттерінен бас тартты. Вашингтон газ құбырын салып жатқан Nord Stream 2 AG компаниясы үшін шектеуді алып тастады. Бұл айтарлықтай деңгейде жоба төңірегіндегі кедергілерді жояды.

Мемлекеттік департамент конгреске санкциялық шектеуге енген компаниялар мен кемелерді тізбектеп көрсеткен баяндаманы ұсынды. Құжат Nord Stream 2 AG компаниясы үшін де шектеу қарастырғанымен, бұл шаралар Энтони Блинкеннің шешімімен тоқтатылды деп жазылған.

Мемлекеттік хатшы мұны "ұлттық мүдде" деп атап, толығырақ жауап беруден бас тартты. Америкалық БАҚ Вашингтон бұл жобаны Германиядағы тұтынушыларға қарсы санкциялар арқылы тоқтатуға тырысатынын хабарлады. Өйткені бүгінде құбыр құрылысының 95 проценті аяқталды. 

Ал Германиядағы нарық қатысушыларына қысым көрсету Берлинмен байланысты тығырыққа тірегелі тұр.

Киев алдағы уақытта төнгелі тұрған шығындар көлемін есептеді. "Оператор ГТС Украины" компания басшысы Сергей Макогонның айтуынша, "Солтүстік ағын–2" жобасы салдарынан ел жылына бес-алты миллиард доллардан айырылады.

Ресей транзитті мүлде тоқтатқан кезде Украина бір жарым миллиард доллар жоғалтады. Газды Еуроодақтан тасымалдауға байланысты көгілдір отын бағасы қымбаттайды. Бұл тағы екі-үш миллиард шығын.

"Біздің барлық экспортымыз қымбаттайды. Мысалы, тыңайтқыштар. Халыққа арналған тарифтер де көтеріліп, сәйкесінше субсидиялар үшін көбірек қаражат қажет болады", – деді Макогон.

2020 жылы транзит 55,8 миллиард текше метрге дейін қысқарды. Бұл соңғы отыз жылдағы ең төмен көрсеткіш. Тіпті, 2014 жылғы дағдарыс кезінде де бұл көрсеткіш 62 миллиард текше метрді құрады. Газ тасымалдаушы станцияның 146 миллиардтекше метрлік қуатына қарағанда бұл жүктеме 30 проценттен де аз болып отыр.

Осы жылы транзиттен бас тарту жалғасып жатыр. Сербия мен Болгариядағы "Түрік ағыны" құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін Киев жылына тағы он-он екі миллиард текше метр шығынға тап болады. "Газпром" қазірдің өзінде Сербияға, Босния мен Герцеговинаға жаңа бағыт бойынша отын жөнелтіп отыр.

Америкалықтардың шешімі Киевтің көңілінен шықпады. Рада АҚШ конгресінің сенаты мен өкілдер палатасын құрылысты тоқтату үшін барлық заңды құралдарды пайдалануға шақырды. Алайда украиналық аналитиктердің өзі бар кінә Украинаның өзінде екенін ашық айтып отыр.

Еуропа инженерлік білім беру қоғамының басшысы профессор Самюэль Фурфари америкалықтар Еуропамен текетіреске түсуді қалап отырмағанын айтты. Оның пікірінше, о баста "Солтүстік ағын–2" жобасын тоқтатуға тырысудың еш мәні болған жоқ.

Алдағы жылдары транзитті жоғалтудың Украинаға айтарлықтай зияны болмайды. 2024 жылға дейін "Газпроммен" арадағы мәміле жылына кемінде 40 миллиард текше метр газ транзиттеуді қарастырады.

Ресей "Солтүстік" және "Түрік ағынынан" кейін украин бағытынан бас тартуы мүмкін. Ресей саяси көзқарас бойынша бұл бағытты біршама уақытқа сақтап қалғанның өзінде, Киевтің делдал ретінде рөлі ұзаққа бармайды. Өйткені еуропалық нарық күрделі өзгерістерді бастан өткізіп жатыр.

93
Кілт сөздер:
газ құбыры, газ
Ақ үй

АҚШ сенаторлары Ақ үйге ультиматум қойды - саясаттанушы пікірі

56
Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Американың бір топ сенаторы ресейлік "Солтүстік ағын - 2" жобасы тоқтатылмаса, АҚШ-тың қаржы министрлігіндегі тағайындауларға бұғаттау енгіземіз деп қысым көрсетті. Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников осы жағдайға қатысты өз ойын бөлісті.

Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды. Олар "Солтүстік ағын – 2" жобасына жаңа санкциялар енгізуді талап етіп отыр.

Олар ұсынған хаттан үзіндіні Bloomberg агенттігі жариялады.

"Солтүстік ағын – 2" газ құбыры Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары және серіктестерінің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне тікелей зиян келтіріп отыр. Бұл жоба аяқталатын болса, онда РФ президенті Владимир Путиннің Еуропаға ықпалы артып, Украинаның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және ресейлік агрессияның артуына алып келеді", - деп жазылған хатта.

Ақ үй әкімшілігі "газ құбырына қатысты өз позициясын өзгертіп, жаңа санкциялар енгізбесе", сенаторлар қаржы министрлігіндегі екі қызметтік тағайындауға тосқауыл болуды көздеп отыр.

Күні кеше Nord Stream2 AG газ құбырының операторы аталған жоба 99 процентке дайын екенін жариялады.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, Заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников ресейлік жобаға қарсы тұру ішкі саяси күрес құралына айналғанын айтты.

"Бұл ұзаққа созылатын ойын. Қазір демократтар мен республикашылдардың орны ауысқанын көріп отырмыз: енді демократтар өз ұстанымдарын қорғап, Кремльмен еш байланысы жоқ екенін дәлелдеп жатыр. Жалпы АҚШ ішінде түрлі позициялар бар екенін, елдің ешбір президенті өз бетінше мемлекет болашағын шеше алмайтыны бұрыннан белгілі. Аталған позициялардың авторлары түрлі қысым көрсетуді жалғастыра береді. Бұл "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғанша жалғаса береді. Алайда газ құбыры жақында іске қосылады. Ал қаржы министрлігіндегі тағайындауды созбақтау жалғасады. Бұл АҚШ-тағы ықпал үшін күрес", - деп санайды Дмитрий Солонников.

56
Архивтегі сурет

БҰҰ коронавирустың супер таратушысына айналуы мүмкін елді атады

2161
Маман Мьянма Жер шары халқының үштен бірі тұратын елдермен шектесетінін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Мьянмаға COVID-19 ошағын көбейтіп, бүкіл өңірге бақылаусыз тарататын елге айналу қаупі төніп тұр.

Бұл туралы БҰҰ-ның Мьянмадағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Том Эндрюс мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мьянма коронавирустың супер таратушысына айналып барады. Оның арасында өте қауіпті әрі жұқпалы "дельта" және басқа штаммдар да бар. Бұл көптеген себепке байланысты өте қауіпті нәрсе", - деді ол.

Маманның айтуынша, Мьянмада COVID-19-дан қайтыс болғандар мен жұқтырғандардың нақты саны белгісіз. Ол мемлекет Жер шары халқының үштен бірі тұратын елдермен шектесетінін еске салды.

Тағы оқыңыз: Цой: коронавируспен ауырғандардың 99,9%-і – вакцина салдырмағандар

"Бұл коронавирус ұлттарды, шекараны, идеология мен саяси партияларды құрметтемейтіні туралы жай ғана факт. Ол дискриминацияны білмейтін қанішер", - деп атап өтті Эндрюс.

2161
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
тауарлы поезд

Қазақстан, Ресей және Өзбекстан агроөнім тасымалдайтын "жасыл дәліз" құрады

0
Агроэкспресс пойыздар кешікпей, жылдам жүруі керек. Бұл тез бұзылатын өнімдерді жеткізу үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстан мен Ресей агроөнімдерді тасымалдауға арналған "жасыл дәліз" құру жайын талқылап жатыр.

"Ресей – Өзбекстан" агрологистикалық дәлізі үшжақты болуы керек. Себебі тауарлардың жүк ағыны Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр", - деді "Ресей экспорт орталығы" АҚ бас директоры Вероника Никишина.

Ол бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады министрлік.

"Пойыздар кешігусіз, жылдам жүруі үшін бақылаушы органдардың жұмысын үйлестіру керек болады. Себебі бұл жылдам бұзылатын тауарларды жеткізу үшін аса маңызды. Осылайша біз үш елдің бизнесіне бәсекелестік артықшылық ұсынып, мемлекеттер арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайта аламыз", – деді Вероника Никишина.

Өз кезегінде қазақстандық вице-министр екі ел де оңтүстіктен тауар жеткізуді толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты.

"Бізге осы жұмысты үйлестіріп, біріздендіру керек. Оның ішінде Ресейден Ауғанстанға дейінгі дәліз бойынша тиімді транзиттік тарифтер қалыптастыру мәселесі де бар", - деді Қайрат Төребаев.

Тараптар Орталық Азия – Қазақстан – Ресей тауарлар ағыны мен Еуразиялық тауар өткізуші жүйе қалыптастырудағы екі ел ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Сонымен қатар "Қорғас" және "Орталық Азия" сауда-экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық шекара маңындағы орталықтар базасында өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды. Оның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия мен Қытай сынды үшінші елдің нарығына бірлесіп дайындалған өнімді шығару мәселесі де бар.

Осы аталған мәселелер бойынша жұмысты үйлестіру және тәжірибе алмасу мақсатында тараптар жақын уақытта "Qaztrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ мен "Ресей экспорт орталығы" АҚ арасында әріптестік туралы келісім жасау жөніндегі мәмілеге келді.

Бұл кездесу вице-министр Қайрат Төребаевтың "Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021" ХІІ Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы аясында өті. Саммит шеңберінде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мен Қазақстан-Ресей бизнес-форумы да өтіп жатыр.

Оқи отырыңыз: Лавров Ресей – Еуроодақ саммитін өткізуге не кедергі екенін айтты

0
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты
Қазақстан халықаралық көрмеде алғашқы отандық дронды таныстырды
Мерзімі өтіп кеткен қандай азық-түлік өнімдерін жеуге болады