Әлем

Байден мен Путиннің кездесуі үшін кімдер алаңдаулы

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАмериканское посольство в Москве
Американское посольство в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2021
Жазылу
Жақын күндері Путин мен Байденнің кездесуі  қарсаңында арандатулар болатыны анық, дейді БАҚ

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым - Sputnik. Соңғы жылдары АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуіне кедергі келтіргісі келетіндер түрлі арандату мен қитұрқы әрекетке баруды әдетке айналдырған. Еске түсірсек, 2018 жылы Хельсинкидегі саммит қарсаңында АҚШ-та ресейлік Мария Бутинаның қамауға алынғаны белгілі болды. Ал Украинаның Керчен бұғазындағы арандатуы Буэнос-Айрестегі G20 саммиті аясындағы кездесуді кейінге қалдыруға себеп болды. Жақын күндері Путин мен Байденнің кездесуі  қарсаңында да осы тектес арандатулар болатыны анық, деп жазды РИА Новости.

Бұл істе АҚШ-тың экс-президенті Трамптың жақтаушылары ретінде америкалық республикашылдар белсенділік танытып отыр. Мысалы, Сенатор Тед Круз АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасы түзелуін онша құптамайтынын жеткізіп, түрлі мәлімдемелер жасап келеді.

Оқи отырыңыз: АҚШ басылымында жарияланған мақала қоғамда екіұдай ой тудырды

Сонымен қатар "Ресей жөніндегі сарапшылар", "кремльтанушылар" да алдағы саммит үшін алаңдаушылық білдіргендер қатарында тұр. Олар Ресей мен АҚШ арасындағы салқындықтың сәл де болса жібуіне қатты мазасызданып отыр және мұны жасырмайтын сыңайлы. Олар Байденге қарағанда Трамп сыртқы саясатты әлдеқайда ақылға  салып жүргізгенін де айтуда.

The Times журналында жақында ғана Британиядағы кремльтанушы Эдвард Лукастың Ресейге қатысты "Байден командасы Обама әкімшілігінің қателіктерін қайталап жатыр" деген пікір жарық көрді. Ол "Трамп Қытайға қатысты дұрыс айтты. Германияны қорғанысқа қатысты өз бетінше әрекет етуін дұрыс сынға алды" деп жазды. Алайда дәл осы адам күні кеше ғана Трампты "Батысқа қарсы соғыста Путиннің одақтасына айналды" деп жазғырған болатын.

Мәскеудегі АҚШ елшілігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2021
Әлем
Байден мен Путин қандай мәселені талқылайды – саясаттанушы пікірі

Осы тектес пікір білдірушілер қатарында АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол да бар. Ол "Ресеймен қарым-қатынасты түзеу Байденнің мақсатына айналмауы керек" дегенді айтты. Ол Женевада Байден Мәскеумен жақындасуға тырыспайтынына үнемі үміт білдіріп келеді.

Жалпы француз крмельтанушысы Мэтью Булег, жоғарыда аты аталған Эдвард Лукас, АҚШ-тың Украина жөніндегі арнайы өкілі Курт Волкердің осы сипаттағы мақалалары Еуропа саясатын талдау орталығының  сайтында (Center for European Policy Analysis немесе CEPA) жиі жарияланып жүр.

2014 жылғы оқиғалар БАҚ пен сарапшылық ортада Ресейге қарсы пікір білдіре алатын сарапшыларға деген сұранысты арттырды. Бірақ бұл сұраныстың жоғары болуы Ресейге, тіпті посткеңестік кеңістікке  ешқашан ешқандай қатысы болмаған адамдардың да осы іске белсене кірісуіне алып келді.

Қалай болғанда да жақын күндері мұндай материалдар легі артатыны анық. Әсіресе, Кремль мен Вашингтон қарым-қатынасы аз да болса оң сипатқа ие болса, онда тіпті жиілей түседі.

Жаңалықтар
0