Әскери

Батыс Украинаға неге әскер жинап жатыр

81
АҚШ, Ұлыбритания, Польша және Румыниямен бірлескен маневрлер Украина аумағында өтеді деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Украина Шығыс Еуропадағы НАТО елдері әскерінің оқу-жаттығуларына арналған ең үлкен полигонға айналып келеді. Осы жылдың өзінде мұнда 11 мың шетелдік әскери қызметшінің қатысуымен жеті көпұлтты оқу-жаттығу өтеді, деп жазды РИА Новости.

АҚШ (Rapid Trident 2021 және Sea Breeze 2021), Ұлыбритания (Kozak Mace 2021 және Warrior Watcher 2021), Польша ("Три Меча — 2021" және Silver Saber 2021) және Румыниямен (Riverine 2021) бірлескен маневрлер Украина аумағында өтеді деп жоспарланып отыр.

Алайда кейбір сарапшылар НАТО әскерін Украина аумағында орналастыру мемлекеттің тәуелсіздігіне және аймақтық біртұтастығына қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. АҚШ пен НАТО-ның басқа елдері де Украинада орналасу пунктері жүйесін құрып жатыр. Оларды толыққанды әскери базаға айналдыру түк емес. Бұл  әрекетер Мәскеуді біршама алаңдатып отыр.

РИА Новости сауалнама алған әскери сарапшылар Украина бұл жағдайдың Ресеймен қарулы қақтығысқа дейін ушығуына жол бермеуі керек деп санайды.

"Әскери және экономикалық әлеуеттер тең емес, - дейді Соколов. – Бұл мәселеде арандату да көп. Әйтсе де нағыз ұлтшыл азаматтардың өзінде жағдайды ушықтырмау, өзін-өзі қорғау инстинкті қосылады деп ойлаймын".

Ядролық держава саналатын мемлекетке шабуыл жасау үшінші дүниежүзілік соғысқа әкеп соғатынын бүгінде барлығы жақсы түсінеді. Бұл соғыста жеңгендер мен жеңілгендер болмайтыны анық.

"Байден Ресейге ашық соғысқа бармайды. Алайда Украина бағытында бірқатар қаражат салып отырғандықтан, бұл тарапты өз пайдасына қолдана береді. Оның үстіне бұл қарсыластық Еуропаға да оңай тимейтіні анық. Қазіргі Еуропа бес жыл бұрынғы құрлықтан мүлде басқа" – дейді Әскери ғылымдар академиясының мүшесі Сергей Судаков.

Расында да Еуропа кеңістігінде жағдай баяғыдай емес. Бұрынғы Варшава келісімі елдері мен Балтық маңы халқы да орыстарды әлемнің жауы ретінде санауды доғарған. Мұны Вашингтон да түсініп отыр.

"Алдағы уақытта өтетін Байден мен Путиннің кездесуі батыс әлемнің көшбасшысы ретінде АҚШ-тың саясатты өзгертетін уақыт келгенін түсінгенін білдіреді. Америкалықтар Ресейге қатысты негізгі ұстанымдарынан бас тартпағанымен, экономика мен халықаралық өзара іс-әрекет бағытындағы проблемаларды жеңілдету әдістерін ұсынады. Вашингтон үшін қазір альянс бойынша одақтастарынан айырылып қалмау маңызды", - дейді саясаттанушы.

Бұл нұсқаны НАТО-ның Украинадағы жоғары әскери белсенділігі де растап отыр. Бейнебір келіссөздер позициясын кез келген уақытта күш қолдануға өзгерте алатын айбатты көрсету секілді.

81
Кілт сөздер:
АҚШ, Украина, жаттығу, әскери сот
Тақырып бойынша
Пентагон "Баграм" авиабазасын Ауғанстанның үкіметтік армиясына тапсырады
Пентагон құрлықтағы әскер артиллериясын күшейтуді қолға алды
Донбастағы шиеленіс АҚШ-тың Еуропаға әскер жөнелтуіне себеп пе?
Тәлібтер АҚШ-тан әскерді Ауғанстаннан шығаруды талап етті
Қара теңізде қай елдің әскери флотының мысы басым
Ауғанстанда тәлібтер шабуылы үдей түсті
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве

Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді

41
Сарапшылар Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдегі саяси жағдай қалай өзгеретіні туралы пікірін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Күні кеше ғана Женевада Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өтті. Екі көшбасшы да кездесуге көңілдері толатынын жеткізді. Алайда бұл кездесу екі елдің арасындағы шиеленістің біршама бәсеңдеуіне ықпал етті ме? Қос көшбасшының диалогы Ресей Федерациясының Еуропамен қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Осы туралы Sputnik материалында толығырақ.

Болашаққа бағдар

16 маусымда Женевада Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі революциялық өзгерістерге алып келмегенімен толыққанды диалогтың бастамасы болуы әбден мүмкін. Саммит қорытындысы бойынша "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығындағы пікірталасқа қатысқан сарапшылар осындай пікір білдірді.

Ресей мен АҚШ-тың стратегиялық қаруландыруды бақылауда ұстауды көздеуін растайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылуы екі президент кездесуінің маңызды нәтижесі болды. Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің бас директоры Андрей Кортунов осылай деп санайды.

"Стратегиялық шабуылдау қаруларын шектеу туралы шарт бес жылға созылғанымен, уақыт соншалық көп емес. Тараптар қаруландыруды бақылаудың жаңа моделі туралы келісімге келгені жақсы болар еді", - дейді ол.

Сарапшының пікірінше, өзара консультациялар мәселесіне киберқауіпсіздік проблемаларын қосуға АҚШ-тың келісуі де аса маңызды. Себебі бұған дейін Америка бұл мәселеден түбегейлі бас тартып келді. Сонымен қатар Андрей Кортунов Вашингтон мен Мәскеудегі елшілердің қайтарылуы да болашаққа оптимизммен қарауға себеп екенін айтты.

Ал РҒА АҚШ және Канада институтының директоры Валерий Гарбузов Ресей-Америка қарым-қатынасында проблемалар қордаланып қалғанын және ол бір кездесуде түгелдей шешіле қоймайтынын айтты.

"Бұл саммит консультациялар, келіссөздердің бастауы болуы керек. Егер жұмыс топтары құрылып, кездесулер басталса, мемлекет басшылары телефон арқылы немесе бетпе-бет кездесу арқылы сөйлесетін болса, онда диалог қалпына келеді. Алдағы бірнеше аптада-ақ нәтижесін көре аламыз", - деп болжам жасады ол.

Трамппен кездесуден өзгерек

Женевада өткен саммит Владимир Путиннің 2018 жылы Хельсинкиде Дональд Трамппен кездесуін еске салады, дейді Валерий Гарбузов.

"Трамппен кездесуден де көп нәтиже күтті. Кейбіреулер бұл кездесуді тарихи деп атады. Алайда бәрі құрдымға кетті. Болашақта Женева саммиті де осындай күй кешпесе деймін", - деді сарапшы.

Андрей Кортунов Байденнің Ресей президентімен кездесуді қысқа мерзімде тез ұйымдастыруы да жақсы нышан екенін айтты. Себебі алдыңғы президент Дональд Трамп Владимир Путинмен алғашқы және соңғы кездесуін өткізуі үшін жарты жыл уақыт жұмсаған болатын.

Еуропа, санкциялар және Украина

АҚШ пен Ресей арасындағы аздаған "жылымық" Вашингтонның еуропалық одақтастарының антиресейлік ұстанымын біршама жібітуге ықпал етеді. Сондықтан саммиттің позитивті нәтижесі Мәскеу үшін геосаяси аспектіде де тиімді деп санайды Валерий Гарбузов.

"Брюссельдегі Ресеймен ынтымақтастықты жақтаушылар үшін енді біршама жеңіл болады. Себебі ЕО үнемі Вашингтонға қарайлап келді. Олар Ресей бойынша америкалық позицияны есепке алады. Менің ойымша, Германия, Италия және Франциядағы әріптестерімізге Мәскеумен өзара әрекеттестік бойынша жаңа бастамалар, форматтар ұсыну жеңіл болады", - деп түсіндірді Андрей Кортунов.

Сарашы 2014 жылы жүмысын тоқтатқан Ресей – НАТО кеңесін қайта іске қосуға ықпал етуі мүмкін деп санайды.

Ал ММХҚИ доценті Иван Тимофеев Ресейге қарсы батыстық санкцияларда қандай да бір өзгеріс болмайды деп пайымдады.

"Жақын уақытта ешқандай америкалық санкцияны алып тастамайды. Оған еш себеп жоқ. Бірқатар санкция АҚШ заңнамасында көрініс тапты. Байден оларды "Солтүстік ағын – 2" жобасы секілді тоқтатуы мүмкін, бірақ күшін жоя алмайды. Санкциялар жеңілдетілмейді. Бірақ жаңа қатаң шаралар да енгізілмейді", - деді ол.

41
Врач поправляет защитный лицевой щиток перед началом смены в больнице с коронавирусом

Ресейде коронавирусқа қарсы сағыз-препарат дайындалып жатыр

34
Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" қолға алынды, деді дереккөз

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі сағыз түрінде болатын коронавирусқа қарсы препаратты дайындауға кірісті. Бұл жөнінде РИА Новости ақпарат порталына әскери ведомствоға жақын тұлға хабарлаған.

Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" жүріп жатқаны белгілі болды.

"Препараттың пайдалы қасиеттерін оны қолданудың қолайлы пішінімен үйлестіру жаңа коронавирус инфекциясымен тиімді күресуді қамтамасыз етеді", - деді ол агенттікке.

Сонымен қатар институтта пастила түрінде коронавирусқа қарсы мукозальді вакцина дайындалып жатыр.

"Сынақтар аяқталғаннан кейін бұл вакцина түрлі емдеу әдістеріне кіріктіріліп, қазір қолданыстағы профилактикалық емдеу препараттарын қолдану механизміне қосымша ретінде пайдаланылады", - деді әскери ведомство өкілі.

Өткен жылы Ресей қорғаныс министрлігінің 48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығымен бірлесіп SARS-CoV-2 вирусына қарсы рекомбинантты "Спутник V" препаратын дайындады.

34