Әлем

Дәрігер адамның даусы қандай қауіпті аурудан хабар беретінін айтты

CC0 / Robin Higgins / Қыз аузын жауып тұр
Қыз аузын жауып тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2021
Жазылу
Адамның даусы үш апта бойы қарлығып жүрсе, дәрігерге қаралу керек, деп ескертті маман

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Британиялық дәрігер Жан-Пьер Жиннон Express басылымына берген сұхбатында адамның даусынан онкологиялық ауруды қалай анықтауға болатынын айтты.

Оның сөзінше, дауыстың еш себепсіз қарлығуы қалқанша бездің қатерлі ісігінен хабар береді. Маман мұндай жағдайды елемеуге болмайтынын атап өтті.

"Егер ол үш аптадан кейін кетпесе, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз", - деп кеңес берді Жиннон.

Десе де ол кәдімгі бактериалды инфекция да қарлығуға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқыңыз: Қан қысымының төмен болуы несімен қауіпті – дәрігер жауабы

Бұған қоса, Жиннон көмекейдің жанында ісіктің пайда болуы, мойындағы іскен лимфатүйіндер, жұтынудың, тыныс алудың қиындауы секілді белгілерге назар аударуға шақырды.

Олардың әрбірі қалқанша без қатерлі ісігінің симптомдары болуы мүмкін, деді дәрігер.

Жаңалықтар
0