Архивтегі фото

Қытайда көпқабатты үй құлап, адамдарды басып қалды видео

2212
Алдын ала болжам бойынша апатқа үйдің жанында басталған құрылыс жұмыстары себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Қытайдың Хунань провинциясында 7 қабатты тұрғын үй опырылып құлады, деп хабарлады Life.

Апат кезінде үйде 12 адам болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, бес адам қайтыс болды, тағы жетеуі жарақат алды. Жалпы, бұл үйде 27 адам тұрған. Бірақ төтенше жағдай кезінде жартысынан көбі үйде болмаған.

Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті – видео

Қытайдың орталық теледидары таратқан мәліметке сәйкес, оқиға орнына 400 құтқарушы аттанды. 80 бірлік техника тартылған. Апаттың себебін анықтау шаралары басталды.

Алдын ала болжам бойынша апатқа үйдің жанында басталған құрылыс жұмыстары себеп болған.

2212
Архивтегі сурет

Түркия мен Әзербайжан түркі армиясын құрмақ

90
Әзербайжанда жүрген Түркия парламентінің спикері біріккен армия құру туралы келіссөз басталғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Түркия парламентінің (Ұлы ұлттық жиналысы) басшысы Мұстафа Шентоп Әзербайжанмен біріккен армия құру туралы келіссөз жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

"Біздің идея – бір ұлт, екі мемлекет. Әрқашан солай болады. Осыған байланысты көптеген келіссөз бен уағдаластықтар жүргізілді", - деді Шентоп Гянджада өткен баспасөз мәслихатында.

Уағдаластық аясында екі елдің әскери оқу-жаттығулары да өткізілуде.

Тағы оқыңыз: Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма – қорғаныс министрлігі жауап берді

Сейсенбі күні Бакуде Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенті басшылары Сахиба Гафарова, Мұстафа Шентоп және Асад Кайсердің үшжақты кездесуі өтті. Жиын қорытындысы бойынша парламент басшылары Баку декларациясына қол қойды.

90
Кілт сөздер:
армия, Әзербайжан, Түркия
Архивтегі сурет

Жертөлесінде танк пен торпедо сақтаған: 84 жастағы қария сот алдына келді

119
Зейнеткерге қару-жарақты заңсыз гаражда сақтағаны үшін 500 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Германияда ерекше сот отырысы өтіп жатыр. 84 жастағы зейнеткер ұзақ уақыт бойы гаражында Екінші дүниежүзілік соғыс заманындағы "Пантера" танкін, зениттік қондырғыны, торпеда мен оқ-дәрі сақтаған, деп хабарлайды BBC News.

Ауыр техника Хейкендорф қаласынан 2015 жылы шығарылды. Әскерилерге танкті үйдің жертөлесінен алып шығуға тоғыз сағат қажет болды.

Ерекше "олжа" ардагердің үйінде тінту жүргізу кезінде табылды. Құқық қорғау органдары соғыс кезінде нацистер ұрлаған өнер туындыларын іздеген.

Енді қарт ер адамға қаруды заңсыз сақтағаны үшін 500 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Риддер қаласында қарияның гаражынан бірнеше қару-жарақ табылды

Сотта зейнеткердің адвокаты айыппұл сомасын кем дегенде он есеге төмендету қажет екенін мәлімдеді. Қорғаушылар қару-жарақтың көбі істен шыққанына, ал танк металл сынығы ретінде тапсыру үшін сатып алынғанына назар аударды.

Алайда прокурор кейбір қару түрлері пайдалануға жарамды екенін дәлелдеуді көздеп отыр.

БАҚ-тың мәліметінше, қариядан тәркіленген коллекцияға америкалық музей қызығушылық танытқан.

Бұл іске қатысты тағы бір сот тыңдауы 28 шілдеге белгіленді.

119
Кілт сөздер:
сот, қария, танк
Василий Левит

Олимпиадада нокаутқа түсіп қалған Василий Левит желіде жазба жариялады

0
(Жаңартылды 20:18 28.07.2021)
Боксшы соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгенін атап өтті

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында нокаутқа түсіп қалған қазақстандық боксшы Василий Левит қиын сәтте қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сіздер менімен бірге жеңістен кейінгі қуаныш пен жеңілістен кейінгі қайғыны бөлісіп келесіздер. Спорт – менің өмірім. Боксшылар арасында мынадай даналық бар: төмен құламаған адам жоғары көтерілмейді. Бұл сөз өз мақсатына ұмтылған және алға қарай жүретін кез келген адамның өмірінде қолданылады", - деп жазды Василий Левит.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Левит (@vassiliy_levit)

Ол сондай-ақ соққыға жалғыз төтеп беру оңай емес екенін, алайда қазақстандықтардың қолдауын сезінгеннен кейін өзінің жалғыз емес екенін түсінгенін айтты.

"Әрқашан қолдайтын отбасым, жақын адамдарым бар. Сондай-ақ менімен жеңіс пен жеңілісті бөлісуге дайын қымбатты жанкүйерлер, сіздер барсыздар. Сіздер жолдаған хаттарды оқыған кезде өмірдегі ең құнды дүние сені түсініп, саған сенетін адамдар барын білу екенін түсіндім", - деді боксшы.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде шықты. Оның қарсыласы испаниялық боксшы Эммануэль Рейес болды.

Токио Олимпиадасы: Левит нокаутқа түсіп қалды – видео

Бірінші раунд испаниялық боксшы пайдасына шешілді. Ал екінші раундтың басында Левит қарсыластың сериялық соққысынан кейін нокаутқа түсіп қалды. Бірақ аяғына тұрды. Төреші оның теңселіп тұрғанын көріп, жекпе-жекті тоқтатты.

Левит Рио Олимпиадасында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.

0
Кілт сөздер:
Василий Левит