Бульон

Үйлену тойында қайғылы оқиға болды: аспаз қайнап тұрған сорпаға құлап кетті

1659
(Жаңартылды 09:39 01.07.2021)
Жігіт қазанның жанынан өтіп бара жатқанда аяғы тайып кетіп, сорпаға құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Иранда тауық сорпасы қайнап жатқан үлкен қазанға құлап кеткен аспаз көз жұмды, деп хабарлады The Independent басылымы.

Исса Исмаил бар-жоғы 25 жаста болған.

Қайғылы оқиға 15 маусымда болды. Жас жігіт үйлену тойындағы түскі асқа тауық сорпасын пісіріп жатқан. Қонақтар көп болғандықтан, аспаз үлкен қазанды пайдаланған. Жігіт қазанның жанынан өтіп бара жатқанда аяғы тайып кетіп, сорпаға құлаған.

Аспаздың денесінің 70%-ін үшінші дәрежелі күйік шалған. Ол ауруханада қайтыс болды.

Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді

1659
Самолет Ан-26Б-100

Хабаровск өлкесінде жоғалған ұшақтың бөліктері табылды

21
(Жаңартылды 09:26 23.09.2021)
Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Хабаровск өлкесінде жоғалған Ан-26 ұшағының бөліктері "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңынан табылды, деп хабарлады РИА Новости. 

"Болжам бойынша "Спартак" тау шаңғысы кешенінің маңында ұшақ бөліктері анықталды. Бұлттар сейілуде. Көру мүмкіндігі жақсарып келеді. Ми-8 қонуды жоспарлап отыр, құтқарушылар қонуға ыңғайлы жер іздестіруде", - делінген хабарламада. 

Түнде іздестіру жұмыстары көру нашарлығына байланысты тоқтаған болатын. 

Ұшақтың құлаған жерінен түсіріліген алғашқы кадрлар Mash телеграм-каналында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйек күні кешке Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: 

21
Кілт сөздер:
ұшақ, әуе апаты, Ресей
Архивтегі сурет

Хабаровск өлкесінде ұшақ радардан жоғалып кетті

35
Ан-26 ұшағының бортында алты адам болған. Ұшақ әуеге байланыс құралдарын тексеру үшін көтерілген

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қойды, деп хабарлады РИА Новости-ге өңірдің шұғыл қызметтері. Кейінірек бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Ан-26 – әскери-көлік ұшағы, екі турбобұрандалы және бір қосымша реактивті қозғалтқышпен жабдықталған.

Оқи отырыңыз: 

35
Кілт сөздер:
Ресей, ұшақ
Түркістан

Өзбекәлі Жәнібековтың есімін бірнеше нысанға беру ұсынылды

0
Депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаттары мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың ескерткішін орнатып, оның есімін бірнеше нысанға беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Алтынбек Нухұлының айтуынша, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар мемлекет қайраткері, тарихшы-этнолог Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 90 жыл толып отыр.

Ол Наурыз мейрамын жаңғырту, халықаралық қазақ тілі қоғамын құру мен "Ана тілі" газетінің ашылуына тікелей ықпал етті. Қазақстанда музейлердің көптеп ашылуына атсалысты.

"Осыған байланысты Түркістандағы этнографиялық музейге және Арқалықтағы дала өлкесі тарихи облыстық музейіне Өзбекәлі Жәнібек есімі берілсе дейміз. Арыстан баб қорық музейі жанында жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейі жаңартылып, қайта ашылуы қажет", - деді Нухұлы сенаттың жалпы отырысында.

Бұдан бөлек, депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың есімін Түркістан қаласындағы шағын көшеге емес, жаңа орталықтағы кең көшеге беру керек деп санайды.

"Туған елі қасиетті Түркістанда еңселі ескерткішін тұғырына орнату керек деп білеміз. Мұндай құрмет қызмет атарған Шымкент және Алматы қалаларында да жасалуы керек", - деп атап көрсетті сенатор.

Осы орайда депутаттар Өзбекәлі Жәнібековтың негізгі жетістіктерін де ерекше атап өтті.

"Оның Торғай елін түлеткені өз алдына бір бөлек, Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтарды ақтап алуда, оның алдында Шәкәрім есімімен еңбектерін жарыққа шығарып, халқымен қайта қауыштыруда ұйытқы болды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қасиетті тайқазанды Эрмитаждан алып келуде басты орындаушы рөлін атқаруын ешкім ешқашан ұмытпақ емес. Осы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін ЮНЕСКО тізіміне қосып, қалпына келтіруге, Арыстан баб мазарын маңын халықтың жиі келіп, тәу етер жеріне айналдырудағы еңбегі - мәңгі өлмес істер мен ізгілікті іздер", - дейді Нухұлы.

Сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, жариялаған ұсыныстар бойынша тиісті шараларды қолға алуды сұрады.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
ескерткіш, есімін беру, депутат
Тақырып бойынша
Алаш арыстарына ескерткіш ашылды
Алаш идеясы тығырыққа тірелді: Байтұрсынұлы кеңес өкіметі жағына не үшін өтті
Алаш зиялысы Жақып Ақбаев туралы не білеміз
Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді