Ан-26 ұшағы, архивтегі фото

Ресейде жолаушылар ұшағы теңізге құлады 28 адам қаза тапты

4230
Апатқа ұшыраған әуе кемесінде 6 және 17 жастағы балалар болған. Бірнеше шенеунік те қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ресейде Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалды.

Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі теңізге құлаған. Себебі Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, олардың арасында 6 және 17 жастағы балалар да болған.

Оқи отырыңыз: Алматы түбіндегі Ан-26 апаты: зардап шеккен екі адам ауруханадан шығарылды

Жергілікті билік ұшақта болған жолаушылардың тізімін жариялады. Онда Палана кенті әкімшілігінің төрт қызметкері де бар. Олар – кент басшысы Ольга Мохирева, жұмылдыру бөлімінің басшысы Александр Андрейкин, қаржы басқармасының басшысы Ольга Андрейкина, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Юлия Суровцева.

Қазіргі кезде құтқарушылар ұшақ құлаған аймақты анықтады. Ол жерге теңіз кемелері жіберіліп отыр. Сондай-ақ, Палана кентіне құтқарушылар, дәрігерлер мен психологтар мінген тікұшақ аттанды. Арнайы комиссия құрылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жергілікті үкімет ұшақтың тиісті куәлігі бар екенін, ал экипаж рейске дейінгі тексерістен өткенін хабарлады.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінде 35 жастағы Иван Сивак та болды. Ол әуежайда және салонның ішінде түскен фотосын жариялаған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сивак Иван Лютый (@memu.ivan)

"Палана, күт, мен ұшып келемін", - делінген фотоның астындағы жазуда.

4230
Кілт сөздер:
ұшақ, ұшақ апаты, Ресей
Тақырып бойынша
Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
Әскери ұшақ апаты: оқиға орнынан түсірілген видео
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Алматы маңында құлаған ұшақ "қара жәшігін" тексеру басталды
Қызылорда маңында ұшақ құлады
Зауыт, архивтегі фото

Жер ресурсы азайып жатыр шетелдік БАҚ 

76
Мамандардың есебіне сәйкес, адам баласы үшін қазіргі тұтыну мен өндіріс көлемін сақтау үшін ғаламшардың бүгінгі мүмкіндіктерінің кемінде үштен екісі қажет болады

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары шілденің соңында адамзат Жердің жылдық ресурсын тауысқанын хабарлап жатыр. Тамыздан бастап желтоқсанның соңына дейін жер қойнауынан алынатын және атмосфераға шығарылатынның барлығы экологиялық қарыз деп аталатын тізімге енгізіледі.

Мамандардың есебіне сәйкес, адам баласы үшін қазіргі тұтыну мен өндіріс көлемін сақтау үшін ғаламшардың бүгінгі мүмкіндіктерінің кемінде үштен екісі қажет болады. Осы тұста Грета Тунбергті еске алмаса болмайды.

Оның климаттың өзгеруіне байланысты "мектептегі наразылықты" ұйымдастыруы арқылы танымал болғанын барлығымыз білеміз. Жалпы бұрынғы КСРО мен қазіргі Ресейде тұрып жатқандар табиғатты қалай аялау қажеттігін жақсы біледі, деп жазды РИА Новости.

Сол шақта "әлемнің өркениетті мемлекеттері" азық-түлік пен тағамды пластик ыдыстарға салып жатқанда, КСРО халқы дүкенге тор сөмке ұстап барып, азық-түлікті пергамент қағазға орап, ал пластик пакеттерді қайта қолдану үшін жуып-құрғатып алатын.

Балаларды металл сынықтарын, газеттер мен журналдарды тиісті қабылдау орындарына тапсыруға үйретті: 20 килограмм макулатура үшін жаңа басылған құнды кітаптар берілетін. Сол сияқты сүт, шарап пен сыра құйылған шыны ыдыстарды да өткізетін. Бұл "кедейліктен" туындаған әдет емес, ол тұрмыстық мәдениеттің бір бөлігі болған дағды, деп атап өтті басылым.

"Табиғатты қорғау" туралы шешім қабылдаған "өркениетті әлемнің" әдісіне қайта оралсақ. Ауаға CO2 қалдықтарының шығуын төмендетуді көздейтін Киото хаттамасы іске қосылған шақтан бері парниктік газдар көлемі азаймағаны және биржа саудасындағы ең тиімді тармақтардың біріне айналғаны белгілі болды.

Шығарындыларға арналған квоталар мұнай, бидай, какао-атбас бұршақтары сынды тауарға айналды.

"Ғаламшарды сақтау үшін күрес" жүріп жатқанда биржалар ауаны саудалап отыр. Квотасы көп және квотасы аз компаниялар арасында делдал болған маклерлер мен брокерлер үлкен табысқа кенеліп жатыр.   

Ал үлкен ақша айналымы бар жерде алаяқтық қоса ілесетіні анық. 2015 жылы Парижде климат жөніндегі конференция аяқталғаннан кейін облигациялар орналастырудан пайда көруге мүмкіндік беретін "жасыл бондтар" деп аталатын қаржы құралдары құрылды.

Қарызды ірі банктер немесе Еуразия орталық банкі кепілдендіреді. Көлемі жылына ондаған миллиард долларға жетеді.

Бірақ нағыз түбегейлі өзгеріс үш жыл бұрын Грета Тунбергті Швеция парламентінің алдына әкеліп, "экология мәселесіндегі Жанна д'Арк" етіп көрсеткен кезде басталды. Бұл 2018 жылдың жазында болды. Жетекші ақпарат агенттіктерінің телевизия топтары әр жұма сайын скандинавиялық корольдік риксдагының алдына жиналып, Гретаның айтқан сөзі мен жасаған әрекеті жайлы ақпарат таратты. Мұндай пиарға тіпті спорт пен кино әлемінің жұлдыздары, саясаткерлер де қызыға әрі қызғана қарады.

Тура жарты жыл уақыт өткен соң Катовицеде "климатты қорғау" бойынша кезекті конференция өтіп, дамыған елдердің экономикасын жасыл рельске қою туралы шешім қабылданды.

Бұл ойды жүзеге асыру жылына 100 миллиард долларды қажет етті. Мұндағы басты мақсат еуропалық банк құрылымындағы барлық ақша тетігін тежеп, жасыл технологиялардың пайдасына орай нарықты реттеу болды. Алайда бұл макулатура мен металл сынықтарын жинауды емес, қаражат ағынының адресаттарын және жасыл революция бенефициарларын өзгертуді көздеді.

Сол шақтан бері Грета Тунбергтің өткір ойлары да бәсеңдеді. Оның соңғы мәлімдемесі коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетсіз үлестіруге қатысты болды.

76
Ухань, архивтегі фото

Уханьда қайтадан коронавирус анықталды 11 миллион адам тексерістен өтеді

1105
(Жаңартылды 17:55 03.08.2021)
2020 жылы Ухань қаласында вирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, артынша науқастар қайта тіркеле бастағаннан кейін халықты бір рет тексерген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейе бастады. Осыған байланысты жергілікті билік барлық қала тұрғынын – 11 миллион адамды қайта тексеріп шығуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Global Times.

Бұған дейін қалада COVID-19 жұқтырған адам болмаған. Былтырдан бері бірлі-жарым жағдай ғана тіркелген. Ал дүйсенбі, 2 тамызда жергілікті билік 7 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Ауру қайта тарап кетпес үшін қала тұрғындарының бәрін тестілеуден өткізуге шешім қабылданды.   

Ресми мәліметке сәйкес, инфекцияны алдымен Чжуанькоу ауданының тұрғыны жұқтырған. Одан кейін онымен жақын араласқан алты адам ауырып қалыпты. Қазіргі кезде науқастың тұратын және жұмыс істейтін жері, тұтас аудан оқшауланды.   

Қала метросында карантин шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, адамдардың бәрі міндетті түрде бетперде киюге тиіс. Дене қызуы да тексеріледі. Ал Чжуанькоу орамында бірнеше станция уақытша жабылды. Билік халықты вакциналауға белсенді түрде қатысуға үндеді.     

Жергілікті халық қолға алынған шараларды қолдап отыр. Барлығы қатты қажеттілік болмаса, далаға шықпауға тырысады.

2020 жылдың мамырында, Ухань ауруханасынан соңғы науқас жазылып шыққаннан кейін араға бір ай салып, қалада вирус жұқтыру жағдайлары қайта тіркеле бастады. Содан шұғыл штаб барлық адамды тестілеуден өткізуге тапсырма берген.

1105
Өзбекстандық ауыр атлетші Ақбар Джураев

Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында "алтын" алуға көмектесті

31
(Жаңартылды 12:59 04.08.2021)
Қазақстандық Ержас Болтаев Илья Ильиннің жаттықтырушысы болды, алайда ол Токио–2020 ойындарына чемпиондарды тәрбиелеу үшін Өзбекстанға кеткен

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында Өзбекстан Қазақстаннан әлдеқайда жақсы өнер көрсетіп жатыр. Қазір көрші елдің қоржынында үш медаль бар, оның екеуі алтын. Ол алтынның бірін қазақстандық бапкер Ержас Болтаевтың шәкірті Акбар Джураев алды.

Джураевты алғашқылардың бірі болып Илья Ильин құттықтады. Ол 2011 жылдан бастап Болтаевпен бірге жаттыққан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Бес жыл бұрын Рио–2016 ойындарында Болтаев Алексей Нимен жанжалдасып қалған болатын. Сол кезде жаттықтырушы шәкірті Александр Зайчиков өнер көрсетер алдында Олимпиадада аккредитациясынан айырылды. Қазір Болтаев Өзбекстан үшін олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп жүр.

Қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиадада қалай өнер көрсетті

Қазақстанның ауыр атлетикасы үшін бұл Олимпиада сәтсіз болды деп айта алмаймыз. Ел атынан барған екі спортшы екі қола алды. Бұл сайысқа елдегі ең мықты ауыр атлеттер таңдалғаны анық. Дегенмен ерлер арасында әуелден-ақ алтын алуға үміт болмады, сондықтан қоланың өзі үлкен сый ретінде қабылданды.

Мұны Олимпиада алдындағы сарапшылардың болжамы және жарыстан кейін спортшы Игорь Сон мен оның жаттықтырушыларының реакциясы көрсетті. Егер Қазақстан үшін ауыр атлетикада қоланың өзі үлкен сый болса, демек елде спорттың бұл түрі дағдарыс алдында тұрғанын мойындау қажет.

Зүлфия Чиншанло алтын алуға үмітті еді, алайда бұл ойын жүзеге асыра алмады. Чиншанло спорттағы мансабын аяқтаса не болады? Ол Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. Ал оның ізін басар спортшылар әлі жоқ секілді. Өкінішке қарай, соңғы Қазақстан чемпионатында жаңа есімдер шықпады. 

Сұрақ көп, бірақ оны шешуге уақыт аз - келесі Олимпиада ойындары үш жылдан кейін өтеді. 

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: қазақстандық палуан жартылай финалға шықты

 

31
Кілт сөздер:
бапкер, ауыр атлетика, Токио Олимпиадасы
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Ауыр атлетика федерациясы Сон мен Чиншанлоға көлік сыйлайды
Допинг дауының қатысы жоқ: Чиншанлоның жұлқа көтеруін төрешілер неге есептемеді
Токио Олимпиадасында ерсі қылық көрсеткен Әлиев қатаң жазаға тартылды
Токио Олимпиадасы: Сафиуллин жеңіліп қалды