Әлем

Дұшпандық әрекеттерге батыл жауап қайтарамыз – Лавров АҚШ-қа ескерту жасады

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуПресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова
Пресс-конференция главы МИД РФ С. Лаврова - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Вашингтон баяғы әдетіне басып, "ақыл" айта бастады, сонымен қатар Ресейге талап қойды, деді дипломат

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Вашингтон Мәскеумен күш позициясы тұрғысынан диалог жүргізу әрекеті нәтиже бермейтінін түсінуі керек, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Индонезияның "Ракьят Мердека" газетіне берген сұхбатында.  

Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Путин мен Байден кездесуінен кейін әлемдік саясат қалай өзгереді
"Дұшпандық әрекеттерге қатал әрі батыл жауап қайтарамыз", - деп атап өтті министр.

Лавровтың айтуынша, Женевадағы саммитте Владимир Путин барлық бағытта мүдделердің өзара қолайлы тепе-теңдігін табу арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болатындығын нақты айқындады.  

Келіссөздерде ешқандай қарсылық болған жоқ, бірақ содан кейін бірден Вашингтон баяғы әдетіне басып, еселенген күшпен "ақыл" айта бастады, сонымен қатар Ресейге талап қойды, деді дипломат.

Владимир Путин мен Джо Байден алғаш рет 16 маусымда Швейцарияда кездесті. Екі тараптың пікірінше, сындарлы келіссөз өтті: мемлекет басшылары кейбір мәселелер бойынша келісімге келіп, стратегиялық тұрақтылық бойынша консультациялар бастауға келісті.

Жаңалықтар
0