Әлем

Гаити президентін өлтіріп кетті

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Жовенель Моиздің резиденциясына белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасап, президент алған жарақатынан көз жұмды  

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Гаити президенті Жовенель Моиз өзінің резиденциясында өлі табылды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Клод Жозефтің мәлімдемесінде айтылды.

© REUTERS / Andres Martinez CasaresГаити президенті Жовенель Моиз
Гаити президентін өлтіріп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Гаити президенті Жовенель Моиз

"2021 жылдың 7 шілдесіне қараған түні кейбірі испан тілінде сөйлейтін бір топ адам республика президентінің жеке резиденциясына шабуыл жасап, оны ауыр жарақаттады", - делінген хабарламада.  

Ол қарулы топтың әрекетін айыптап, Гаити халқын сабырға шақырды, деп хабарлайды Gazette Haiti.

"Елдегі жағдай Гаити ұлттық полициясы мен Гаити қарулы күштерінің бақылауында", - деп толықтырды премьер.

РИА Новостидің мәліметінше, шабуыл кезінде қайтыс болған президенттің әйелі жараланған. Ол ауруханада жатыр.

Жовенель Моиз 2017 жылы Гаити президенті болды. Алдымен ол 2015 жылы сайлауда жеңіске жетті, бірақ тараптар екі жыл бойы оның нәтижесіне қарсылық білдірді, ал 2016 жылы екінші рет сайлау өтті.   

Жаңалықтар
0