Спутник V вакцинасы

Nature журналында "Спутник V" вакцинасы туралы мақала жарық көрді

101
Автор бүгінде аталған вакцинаны ондаған мемлекет қолданып отырғанын, бірақ жаһандық таралым үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсаты қажет екенін жазған

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Ресейлік "Спутник V"  вакцинасын әлемнің 70-ке жуық елі қолданып отыр. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жанама әсері туралы дауға байланысты ресейлік препаратқа рұқсат бермей отыр, деп жазды Nature журналы.

Мақала авторы "Спутник V" коронавиурсқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцина ретінде тіркелгенін және бүгінде ондаған мемлекет оны қолданып отырғанын, бірақ жаһандық таралым үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсаты қажет екенін жазған. Көптеген шетелдік эпидемиологтар ресейлік вакцинаның тым қысқа мерзімде тіркеуден өткенін сынға алды.

Оқи отырыңыз: Теңізде вакцина салдырған әйел есінен танып қалды – видео 

Алайда "Спутник V"  вакцинасының коронавирустан қорғау тиімділігі 91,6% және аурудың жеңіл өтуіне ықпалы 100% екені туралы The Lancet журналындағы мақаладан соң бірқатар күдік сейілді. Кейінірек Гамалея атындағы институт жаңа мәлімет жариялады, оған сәйкес екі дозаны салғаннан кейін аталған вакцинаның тиімділігі 97,6%-ке жетеді.

Шетелдік ғалымдар әлі күнге дейін сын айтып жатқанына қарамастан, препаратты Оңтүстік Корея, Аргентина, Венгрия және Үндістан сынды мемлекеттер мақұлдап, Біріккен Араб Әмірліктері оның тиімділігін 97,8% деңгейінде бағалады.

Мақалада AstraZeneca және Johnson & Johnson препараттарымен салыстырғанда "Спутник V" вакцинасында бір емес, екі аденоваирус бар екені жазылған. Бұл оның қорғаныш қабілетін арттырады. Сонымен қатар ресейлік препаратпен иммундаудан кейін ешбір елде қанның ұюына қатысты жағдай тіркелген жоқ. Атап айтқанда, Аргентина, Бразилия немесе Сан-Марино вакциналаудан кейінгі қандай да бір ауыр жағымсыз әсер жайлы хабарлаған жоқ.

Автордың пікірінше, "Спутник V" вакцинасын Ресейде және шетелде одан әрі зерттеу оның тиімділігі мен қауіпсіздігін толыққанды анықтауға көмектеседі.

101
Сириядағы журналистер. Архивтегі фото

Халед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

47
(Жаңартылды 21:39 30.07.2021)
Жүлде 2017 жылы Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. RT телеарнасы журналистерге қақтығыс аймағында дайындаған үздік жұмысы үшін берілетін жыл сайынғы Khaled Alkhateb International Memorial Awards халықаралық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады. 

Сыйлық 2017 жылы 30 шілдеде Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған. Биыл бұл жүлде төртінші рет өткізіліп отыр.

Халед әл-Хатыб атындағы Халықаралық сыйлық төмендегі аталымдар бойынша беріледі:

  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: мәтін";
  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: видео";
  • "Соғыстан кейін: мәтін/видео" - соғысты бастан өткерген және бейбіт өмірге оралған адамдардың және тұтас халықтың тағдыры туралы. Номинация алғаш рет ұсынылып отыр.   

Khaled Alkhateb International Memorial Awards — 2021 жүлдесінің жеңімпаздары 200 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

https://award.rt.com сайтында өтінім беруге болады. Жеңімпаздар 30 қарашада анықталады.

Алғашқы жылы Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан журналистер марапатталды. Қазылар алқасының құрамында шетелдік және ресейлік журналистер, оның ішінде Ирада Зейналова мен Евгений Поддубный болды.

2019 жылы 25 елден жолданған жұмыстар қаралды.

Сириядағы, Ирактағы және Ливиядағы қақтығыстар туралы айтқан Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы RT сыйлығын Ресей, Сирия және Үндістанның әскери корреспонденттері алды.

RT телеарнасы RT Arabic-пен ынтымақтастық орнатқан 25 жастағы журналист Халед әл-Хатыбты еске алуға арналған Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады.

Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясындағы содырлардың зымыран шабуылы салдарынан қаза тапты. Халед өз репортаждарында Сирияның үкіметтік күштерінің террористермен соғысын көрсетті.

47
Ақ үй

АҚШ сенаторлары Ақ үйге ультиматум қойды - саясаттанушы пікірі

94
Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Американың бір топ сенаторы ресейлік "Солтүстік ағын - 2" жобасы тоқтатылмаса, АҚШ-тың қаржы министрлігіндегі тағайындауларға бұғаттау енгіземіз деп қысым көрсетті. Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников осы жағдайға қатысты өз ойын бөлісті.

Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды. Олар "Солтүстік ағын – 2" жобасына жаңа санкциялар енгізуді талап етіп отыр.

Олар ұсынған хаттан үзіндіні Bloomberg агенттігі жариялады.

"Солтүстік ағын – 2" газ құбыры Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары және серіктестерінің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне тікелей зиян келтіріп отыр. Бұл жоба аяқталатын болса, онда РФ президенті Владимир Путиннің Еуропаға ықпалы артып, Украинаның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және ресейлік агрессияның артуына алып келеді", - деп жазылған хатта.

Ақ үй әкімшілігі "газ құбырына қатысты өз позициясын өзгертіп, жаңа санкциялар енгізбесе", сенаторлар қаржы министрлігіндегі екі қызметтік тағайындауға тосқауыл болуды көздеп отыр.

Күні кеше Nord Stream2 AG газ құбырының операторы аталған жоба 99 процентке дайын екенін жариялады.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, Заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников ресейлік жобаға қарсы тұру ішкі саяси күрес құралына айналғанын айтты.

"Бұл ұзаққа созылатын ойын. Қазір демократтар мен республикашылдардың орны ауысқанын көріп отырмыз: енді демократтар өз ұстанымдарын қорғап, Кремльмен еш байланысы жоқ екенін дәлелдеп жатыр. Жалпы АҚШ ішінде түрлі позициялар бар екенін, елдің ешбір президенті өз бетінше мемлекет болашағын шеше алмайтыны бұрыннан белгілі. Аталған позициялардың авторлары түрлі қысым көрсетуді жалғастыра береді. Бұл "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғанша жалғаса береді. Алайда газ құбыры жақында іске қосылады. Ал қаржы министрлігіндегі тағайындауды созбақтау жалғасады. Бұл АҚШ-тағы ықпал үшін күрес", - деп санайды Дмитрий Солонников.

94
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0