Әлем

Вирустың таралуы вакцинациядан қарқынды жүріп жатыр - ДДҰ

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHСотрудник лаборатории работает с пробирками, в которых содержатся положительные пробы на коронавирус
Сотрудник лаборатории работает с пробирками, в которых содержатся положительные пробы на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
ДДҰ басшысы елдерге вакцинацияның жаһандық жоспарын құруға кеңес берді. Мұндай жоспар ғылыми сараптама, өндіріс және қаржылық мүмкіндіктерді реттеуге жағдай жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Коронавирустың жаңа штамдарының таралуына байланысты пандемия әлі аяқталар емес, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш.

"Вирустың таралуы вакцинациядан қарқынды жүріп жатыр. Пандемия аяқталуға ұзақ уақыт бар. Оның құрбандарының жартысынан көбі биыл қайтыс болды", - деді Гутерреш.

Ол вирустың таралуы миллиондаған адам өміріне қауіп төндіретінін атап өтті, деп жазады РИА Новости.

Гутерреш вирус неғұрлым белсенді тараса, соғұрлым көп жаңа штамм пайда болады деп отыр. Олар әлдеқайда жұқпалы әрі вакцинаға төтеп бере алатын болуы мүмкін.

ДДҰ басшысы елдерге вакцинацияның жаһандық жоспарын құруға кеңес берді. Мұндай жоспар ғылыми сараптама, өндіріс және қаржылық мүмкіндіктерді реттеуге жағдай жасайды.

"Пандемия салдарынан төрт миллионға жуық адам қайтыс болды. Бұл қажетті шараларды шұғыл қабылдауымыз керек деген сөз", - деді бас хатшы.

G20 құрамындағы мемлекеттер жұмыс тобы мен жаһандық жоспар құруы мүмкін. 

Жаңалықтар
0