Әлем

Орталық Азия "америкалық" ауған босқындарды қабылдай ма?

© AFP 2024 / Wakil Kohsar Афганистан
Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Ауған дағдарысы соғыс қимылдарын Орта Азия республикаларына қарай ығыстыру қаупін тудырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Мәскеу назарын шығысқа, Орталық Азияға қарай бұрды. "Біз америкалық және НАТО әскерінің ауған жерінен шығарылуына және басқа да фактілерге байланысты күрт ушығуы мүмкін Ауғанстандағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отырмыз", - деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ол Ресей президенті өңірдегі елдердің басшыларымен тұрақты байланыста екенін жеткізді. Расында да соңғы күндері Владимир Путин Орта Азиядағы төрт елдің басшылығымен телефон арқылы сөйлесіп үлгерді, деп жазды РИА Новости.   

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Саясат
Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Өткен аптада ол Түрікменстан президентіне хабарласып, одан кейін Сочиде Нұрсұлтан Назарбаевты қабылдады. Ал дүйсенбіде Тәжікстан мен Өзбекстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. Қырғызстан президенті мамырдың соңында Путинмен кездескен болатын. Талқыланған мәселелердің арасында жалпыға ортақ бір проблема бар. Ол – шетелдік әскердің шығарылуы аясында қарулы қақтығыс қайта өршіген Ауғанстан. Орта Азиядағы бес мемлекеттің үшеуі Ауғанстанмен шекаралас қана емес, сондай-ақ соғыс жүріп жатқан елде осы үш мемлекеттің азаматтары бар. Олар тәжік, өзбек, түрікмендер.

Соңғы күндердің өзінде-ақ ауған шекарашылары содырлармен қақтығыста жеңіліс тауып, Тәжікстанға бас сауғалауға мәжбүр болды және жүздеген ауған сарбазы Өзбекстанға қарай қашты. Егер тәлібтер елдегі билікті өз қолына алса, онда оңтүстіктегі посткеңестік шекара қауіпсіздігіне қатер төнуі ықтимал.

Өңірдегі бес мемлекеттің үшеуі – Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше және Ресейдің әскери одақтастары болып саналады. Ал Ауғанстанмен шекаралас Тәжікстан ғана ҰҚШҰ құрамында бар. Түрікменстан бейтараптылықты ұстанып, бұл ұйымға ешқашан мүше болған емес. Өзбекстан мүшелігін бірнеше рет тоқтатты. Алайда бұл Мәскеу Ашхабад пен Ташкентке Ауғанстан мәселесі бойынша көмектеспейді дегенді білдірмейді.

Ауған дағдарысы соғыс қимылдарын Орта Азия республикаларына қарай ығыстыру қаупін тудырып отыр. Оған тәлібтердің агрессиясы ғана емес, сондай-ақ тәлібтердің бәсекелес басқа да террористік ұйымдарды ауған жерінен ығыстыруы себеп болуы мүмкін. Бұл провинцияларда Әл-Каида* мен ДАИШ* секілді қауіпті ұйымдарға мүшелікке кірген тәжіктер мен өзбектер көп. Сондықтан тәлібтер қысым көрсеткен жағдайда олар шекара арқылы Тәжікстан мен Өзбекстанға қарай қашуы бек мүмкін. Тәжікстан мен Өзбекстан "шақырусыз келген қонақтарды қарсы алуға" дайындалып жатқаны анық.

Военнослужащий армии Афганистана на месте теракта, совершенного в военной академии в Кабуле - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Ауғанстан Орталық Азия елдерінің арнайы жасақтарын біріктіруді ұсынды
Ауғанстандағы шиеленіске байланысты америкалықтардың көрші мемлекеттердің бірінде "ауған жеріндегі жағдайға қашықтықтан әрекет ету" мақсатында әскери база ашуға құлшынысы да алаңдатады. Өткен аптада Вашингтонда Тәжікстан мен Өзбекстан СІМ басшыларымен осы мәселе талқыланды. Душанбе мен Ашхабад бұл ұсынысқа келісті ме, жоқ па, ол жағы беймәлім. Себебі ешқандай ресми мәлімдеме жасалмады.

Сонымен қатар Вашингтон америкалықтармен ынтымақтастық орнатқан ауғандарды уақытша орналастыру туралы Тәжікстан, Өзбекстан мен Қазақстанға ұсыныс жолдады. АҚШ тоғыз мыңға жуық ауғаннан тәлібтер кек қайтаруы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Алайда Американың бұл азаматтарды неге өз аумағына орналастырудан қашып отырғаны түсінікті. Өйткені бұл әлеуетті босқындардың бір бөлігі ғана. Арнайы иммиграциялық визаға 18 мыңнан астам ауған өтінім білдірді. Әйелдері және бала-шағасымен қоса есептегенде олардың саны 70 мыңнан асып жығылады. Ал АҚШ-қа бұл қажет пе? Міне, сондықтан оларды Орталық Азияда орнықтыруды көздеп отыр.

* Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0