Газ өңдеу зауыты, архивтегі фото

АҚШ сұйылтылған табиғи газ зауыттарын сала ма?

66
АҚШ-та сұйылтылған табиғи газ өндірісінің жаңа зауыттарын салу бойынша нақты шешім болмағанымен, болашақта олардың құрылысы басталатыны сөзсіз

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мұнай мен газдың жаһандық бағасы көпжылдық максимумге жетті. Өткен аптадағы түзетулерді есепке алғанның өзінде бұл көрсеткіш жоғары болып отыр. Енді не болмақ? Себебі нарық заңына сәйкес жоғары баға қосымша ұсыныс пен нарықтың әлсіреуіне себепші болуы керек, деп жазды РИА Новости.

Жалпы бұл жағдайда мұнай мен газ нарығындағы ахуалдың ұқсас әрі өзгеше тұстары бар. Ұқсастығы – қосымша ұсыныстың әлеуетті көзі – АҚШ-тағы мұнай мен газдың тақтатасты өндірісі. Айырмашылығы жоғары бағаға қатысты әсер ету жылдамдығында. Себебі мұндайда процесс әлдеқайда жылдам жүреді.

Мұнай бағасының жоғарылауына не себеп болғаны белгілі. Сұраныс қалпына келіп жатыр, ал ОПЕК+ аясындағы келісімдер әлі де өз күшінде. Әйтсе де шектеулер біртіндеп алынып жатыр. Бірақ күніне төрт миллион баррельден астам мұнайға осы келісім аясында тыйым салынған. ОПЕК+ пен тақтатасты өндірістен тыс салаға инвестиция көлемі төмендеуіне байланысты ұсыныс бәсеңдегені анық.

Осыған байланысты америкалық тақтатасты өндіріске деген қызығушылық артып отыр. Оқиғаның стандартты түрде қалай өрбитіні белгісіз. Себебі соңғы жылдары нарықтағы жағдай сол тізбекпен қалыптасып келеді: тым қымбат мұнай тақтатасты мұнай өндірісін ынталандырады да, бұл ұсыныстың өсуіне және бағаның төмендеуіне алып келеді.

Сәйкесінше нарықта шикізат тапшылығы болғанда немесе шамадан көп жиналған жағдайда ОПЕК+ тобы баға барлығы үшін тиімді деңгейде болатындай етіп өндірісті арттырып немесе бәсеңдетіп, бірақ тақтатастың өсуін шектеп отыруы керек. Теория жүзінде бәрі түсінікті. Алайда іс жүзінде осы әдісті жүзеге асыру барысында ОПЕК+ қатысушылары арасында дау мен келіспеушілік жалғасып келе жатыр.

Әйтсе де жоғары  бағаны ұстап тұруды жақтайтындардың бір уәжіне құлақ асуға болады: тақтатас өндірісін қалпына келтіру тым бәсең жүріп жатыр, америкалық өндіріс өсіп жатқан  жоқ. Бұрғылау жұмыстары пандемия кезінде құлдыраудың небәрі 40 процентін ғана іске асырып үлгерді. Алайда қарқын өндірісті арттыруға қарай келе жатқаны байқалады.

Сондықтан өндірісті арттырмай, бағаның қымбаттауы байқалған шақта акционерлердің қаражатын қайтаруға ұмтылу арқылы америкалық тақтатас мұнайын өндірушілер  ОПЕК+-ке қосылып отыр. Алайда олар үшін 75-80 доллар шегіндегі мұнай аса тартымды баға болып отырғаны жасырын емес.

Ұсыныс тарапынан алғанда үш белгісіздік факторы тіркеліп отыр. Біріншіден, ОПЕК+-тегі жаңа келіспеушіліктер белгісі, бұл қазіргі шектеулердің мерзімін ұзартумен де, өндірістің артуына әкелетін  арадағы кикілжіңмен де аяқталуы мүмкін. Екіншіден, АҚШ-тағы өндіріс көлемі ынталандырып отырған мұнайдың жоғары бағасы. Үшіншіден, "Иран факторы".

Газ нарығында да қызықты жағдай қалыптасты. Соңғы жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда мұнда қазір баға әлдеқайда жоғары және көпжылдық максимумге жетті. Оның себептері белгілі болғанмен жарты жылдан астам уақыт бұрын нарықтағы жағдай қазіргіге қайшы болатын.

Қазір сұйылтылған табиғи газ Азияға кетіп жатыр, Еуропада көмірқышқыл эмиссиясына арналған квота бағасы өсіп жатыр. Бұл электр түзу жүйесін көмірден газға көшіруге себеп болады. Сонымен қатар "Газпром" жеткізу көлемін шектеп отыр. Анығырақ айтсақ, Еуропаға газ жөнелту көлемін бәсеңдетті.

Осы тұста сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қатысты қандай да бір болжам жасау мүмкін емес. Себебі оған ықпал ететін түрі фактор бар. Алайда мұнай секторы мен тақтатасты өндіріс арасындағы айырмашылықты ажыратып көруге болады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты
© Photo : пресс-служба Атырауского нефтеперерабатывающего завода
Өте жоғары газ бағасы тұрақсыз, себебі баға жоғарылаған жағдайда АҚШ сұйылтылған табиғи газымен әлемді тұралатып тастайтыны туралы пікір жиі айтылады. Алайда есепке алатын бір жайт бар: мұнай саласына қарағанда, қосымша сұйылтылған табиғи газ зауыттарын алдымен салу керек. Ол үшін кемінде төрт жыл уақыт қажет болады.

АҚШ-та газдың ішкі бағасы да біршама артты. Бірақ АҚШ-тағы қазіргі газ құнымен америкалық сұйылтылған табиғи газды экспорттаушылар жаһандық нарықта жақсы табыс тауып отыр. Бірақ мұнайшылар қаласа мұнайдың қазіргі бағасын да өз кәделеріне жарата алады. Ал газ нарығында мұндай қитұрқы әрекетке бару мүмкін емес.

Бір қызығы, соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі сарапшылар да мынандай тұжырымды жиі айтып жүр: "Газпром" Еуропада бағаның қымбаттауына жол бермеуге тырысып, осы арқылы АҚШ-та сұйылтылған табиғи газ өндіретін жаңа зауыттардың құрылысын ынталандырмай отыр. Расында да "Газпром" көп жағдайда Еуропаға газ экспортын арттыруға тырысты. Оған жоғарыда аталған себеп негіз болды.

Бірақ қазір жағдай өзгерді: "Газпром" "Солтүстік ағын – 2" жобасының іске қосылуын күтіп отыр. Сондықтан Украина арқылы шикізат тасымалдау көлемін ұлғайтуға асығар емес.

Бір уақытта еуропалық қоймалардағы газ тапшылығы "Солтүстік ағын – 2" жобасын болашақта іске қосуға саясат тұрғысынан кедергі келтіру мүмкіндігінен айырып отыр. Қалай болғанда да бұрын іске асқан тұжырымдама қазір жарамсыз болып қалды. Тым жоғары бағадан "Газпром" да қомақты табыс көріп отыр.

Әзірше АҚШ-та сұйылтылған табиғи газ өндірісінің жаңа зауыттарын салу бойынша нақты шешім болмағанымен, болашақта олардың құрылысы басталатынына күмән жоқ. Себебі нарықта қалыптасып жатқан жағдай осыны талап етуде.

66
Операция

Әлемде алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды

52
Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. АҚШ-та тарихта алғаш рет жасанды жүрек трансплантациясы операциясы өтті, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Медициналық ғажайыпты" Дьюк университетінің мамандары жасап шығарды. Протез Францияда ойлап табылған. Қайта зарядталатын батареялары бар құрылғы төрт сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет. Осы себепті адамға соңғысын үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келеді. Салмағы да жеңіл емес, шамамен 4 килограмм.

Алдыңғы нұсқадан ерекшелігі стационарлық жабдық қажет емес. Көрсеткіштерді арнайы датчиктер бақылайды, олар адам ағзасындағы тұрақты қан айналымын сақтайды.

Қайтыс болған донорлардың жүрегі алғаш рет балаларға салынды

Жасанды жүректің қызмет ету мерзімі алты айдан аспайды, сондықтан толыққанды донорлық орган қажет болады.

Протез трансплантация үшін кезекте тұрған көптеген адамды құтқара алады. 39 жастағы Мэтью Мур есімді науқас осыған дәлел. Денсаулығы нашарлаған оған осы жасанды жүрек салынды.

52
Шалбар

Он жеті жастағы бойжеткен джинсы шалбар кигені үшін көз жұмды

2163
Үндістанның он жеті жастағы тұрғыны туыстарының қарсылығына қарамастан мектепте оқыған, полицей болуды армандаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Үндістанда киімнен басталған отбасылық жанжал 17 жастағы қыздың өлімімен аяқталды. Туыстары бойжеткенді таяқпен өлімші етіп сабап тастаған.

Өткен аптада Уттар-Прадеш штатының Савреджи Харг ауылында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды РЕН ТВ. Әйел қызы Неха Пасванды туыстары киімге бола ұрып өлтіргенін мәлімдеді.

"Ол күні бойы ораза ұстады. Кешке қарай джинсы шалбар мен топ киіп, діни рәсімдерді орындады. Атасы мен әжесі оның киіміне қарсы болды. Алайда Неха джинсы киюге арналғанын және оны шешпейтінін айтты", – деді қыздың анасы.

Киімнен басталған дау күш көрсетуге әкеп соқты. Әйелдің айтуынша, қызы есінен танған, осыдан кейін туыстары моторикша шақырып, оны ауруханаға апаратынын мәлімдеген.

"Олар менің бірге баруыма рұқсат етпеді, сол себепті мен өз жақындарыма хабар бердім. Олар қызымды іздеп аудандық ауруханаға барды, бірақ таба алмады",- деп еске алды әйел.

Тағы оқыңыз: Оралда ер адам сүйіктісін кәмелет жасқа толмаған қызының көзінше пышақтап тастады – видео

Ертесіне таңертең көпірден қыздың денесі табылды. Анықталғандай, қаза болған адам Неха.

Полиция кісі өлтіру және айғақтарды жою бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыздың атасы, әжесі, тәтесі мен ағасы, бауырлары және көлік жүргізушісі – барлығы он адам күдікке ілінді. Төрт адам – атасы мен әжесі, ағасы мен жүргізуші тұтқындалып, олардан жауап алынды. Қазір тәртіп сақшылары қалған күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Марқұмның анасы туыстары Нехадан жергілікті мектептегі оқуын тастауды талап еткенін, сонымен қатар қазіргі заманғы киімдерді кигені үшін жазғырғанын айтты. Әйелдің сөзінше, қызы полицей болуды армандаған.

2163
Кілт сөздер:
қыз, Үндістан
Бокс, Олимпиада

Қазақстан үшін сәтті салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жекте ұтылды

41
(Жаңартылды 15:13 27.07.2021)
Бұған дейін Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин мен Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит те рингке шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасына 69 салмақ дәрежесі бойынша жолдама алған Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық боксшы бірден екінші айналымнан бастады. Оған қарсы америкалық Деланте Джонсон шықты. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Жүсіповқа жоғары ұпай қойды. Ал екінші раунда америкалық боксшы басым болды. Үшінші раунда бір төреші ғана Абылайханның дайындығын жоғары бағалады. Осылайша, жерлесіміз 1:4 есебімен ұтылып қалды. 

Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізген болатын. Бүгін Василий Левит (91 келі) те рингке шығады. Одан бөлек, Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын жалғыз Надежда Рябец (75 келі) қана қорғайды.

Айта кетері, 2004 жылдан бері Қазақстан үшін бокста 69 келі салмақ дәрежесі сәтті болған. Боксшыларымыз төрт Олимпиадада қатарынан алтын медаль иеленген. Мәселен, Рио Олимпиадасында Данияр Елеусінов, оған дейін Серік Сәпиев Лондонда чемпион атанған болатын. Оның алдында Бақыт Сәрсекбаев пен Бақтияр Артаев та дәл осы салмақта топ жарды. Боксшылармыз екі рет Вэл Баркер кубогын да иеленді.

41
Кілт сөздер:
олимпиада, жекпе-жек, бокс
Тақырып:
Токио Олимпиадасы
Тақырып бойынша
Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовке Алматы әуежайында тосын сый жасалды – видео
Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға жойқын тайфун жақындап келеді
Алға, Қазақстан: әртістер Токиодағы Олимпиада құрамасына ән арнады –  видео
Олимпиада ойындары бас стадионының көрінісі – видео