Науқастың қолы

Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

2365
Ғалымдарға коронавирус мутациясының бірнеше түрін бір уақытта жұқтыру феноменін зерттеуге тура келеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Бір уақытта коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штамын жұқтырған белгиялық әйел көз жұмды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

Ол бірнеше мәрте құлағандықтан, биыл наурыз айында ауруханаға түскен. Сол күні коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Оның жағдайды күрт нашарлап кетті. Небәрі бес күннен соң қайтыс болды.  

90 жастағы қария бұған дейін вакцина салдырмаған.

Медицина қызметкерлері ол "альфа" (коронавирустың "британдық" түрі) және "бета" ("оңтүстікафрикалық" түрі) штамын жұқтырғанын анықтады.

"Қария вирустың екі түрін екі адамнан жұқтыруы ықтимал. Ол кезде Бельгияда осы екі штамм да таралған еді", - деді молекулярлық биолог Анна Ванкирберген.

Оның айтуынша, науқастың жағдайы жылдам нашарлауы вирустың екі түрі бірге болуымен байланысты. Ванкирберген бұл феноменге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті.

Бұл тақырыпта биологтың жетекшілігімен жасалған зерттеу Клиникалық микробиология және жұқпалы аурулар еуропалық конгресі (ECCMID) кезінде ұсынылады.

2365
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2547)
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге төленетін үстемеақы уақытша норма – президент
Тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді
Вакцинаны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз – Тоқаев
Сол күні вакцина алған: Алматыда жол апатынан 3 адам зардап шекті - фото
Нұр-Сұлтанда вакцина алған екі тұрғын iPhone 12 ұтып алды
Архивтегі сурет

Түркия мен Әзербайжан түркі армиясын құрмақ

90
Әзербайжанда жүрген Түркия парламентінің спикері біріккен армия құру туралы келіссөз басталғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Түркия парламентінің (Ұлы ұлттық жиналысы) басшысы Мұстафа Шентоп Әзербайжанмен біріккен армия құру туралы келіссөз жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

"Біздің идея – бір ұлт, екі мемлекет. Әрқашан солай болады. Осыған байланысты көптеген келіссөз бен уағдаластықтар жүргізілді", - деді Шентоп Гянджада өткен баспасөз мәслихатында.

Уағдаластық аясында екі елдің әскери оқу-жаттығулары да өткізілуде.

Тағы оқыңыз: Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма – қорғаныс министрлігі жауап берді

Сейсенбі күні Бакуде Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенті басшылары Сахиба Гафарова, Мұстафа Шентоп және Асад Кайсердің үшжақты кездесуі өтті. Жиын қорытындысы бойынша парламент басшылары Баку декларациясына қол қойды.

90
Кілт сөздер:
армия, Әзербайжан, Түркия
Архивтегі сурет

Жертөлесінде танк пен торпедо сақтаған: 84 жастағы қария сот алдына келді

116
Зейнеткерге қару-жарақты заңсыз гаражда сақтағаны үшін 500 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Германияда ерекше сот отырысы өтіп жатыр. 84 жастағы зейнеткер ұзақ уақыт бойы гаражында Екінші дүниежүзілік соғыс заманындағы "Пантера" танкін, зениттік қондырғыны, торпеда мен оқ-дәрі сақтаған, деп хабарлайды BBC News.

Ауыр техника Хейкендорф қаласынан 2015 жылы шығарылды. Әскерилерге танкті үйдің жертөлесінен алып шығуға тоғыз сағат қажет болды.

Ерекше "олжа" ардагердің үйінде тінту жүргізу кезінде табылды. Құқық қорғау органдары соғыс кезінде нацистер ұрлаған өнер туындыларын іздеген.

Енді қарт ер адамға қаруды заңсыз сақтағаны үшін 500 мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Риддер қаласында қарияның гаражынан бірнеше қару-жарақ табылды

Сотта зейнеткердің адвокаты айыппұл сомасын кем дегенде он есеге төмендету қажет екенін мәлімдеді. Қорғаушылар қару-жарақтың көбі істен шыққанына, ал танк металл сынығы ретінде тапсыру үшін сатып алынғанына назар аударды.

Алайда прокурор кейбір қару түрлері пайдалануға жарамды екенін дәлелдеуді көздеп отыр.

БАҚ-тың мәліметінше, қариядан тәркіленген коллекцияға америкалық музей қызығушылық танытқан.

Бұл іске қатысты тағы бір сот тыңдауы 28 шілдеге белгіленді.

116
Кілт сөздер:
сот, қария, танк
Аблай Мырзахметов

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ кәсіпкерлер палатасы

8
(Жаңартылды 19:41 28.07.2021)
Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.

Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.

"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.

Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.

8
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин