Ауғанстан, тұрғындар

Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма министрлік жауабы

142
(Жаңартылды 16:37 12.07.2021)
1 мамырдан бері АҚШ Ауғанстан аумағынан өз әскерін әкетуді бастағаны хабарланды. Бұл 11 қыркүйекке дейін аяқталады деп уәде етті

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. АҚШ ауғанстандық босқындарды қабылдауға байланысты Қазақстанға ресми түрде өтініш білдірген жоқ, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

2 шілде күні дереккөзге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі АҚШ Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстаннан 9 мың ауғанды уақытша қабылдауды сұрағанын жазған болатын. Олар Ауғанстаннан шетелдік әскерилер шығарылып жатқан уақытта АҚШ-қа көмектескен.

"Сыртқы істер министрлігіне америкалық тараптан ресми өтініш түскен жоқ", – деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сыртқы саяси ведомствода.

Осыған дейін саяси шолушы Ғазиз Әбішев Қазақстан бұған келіссе, оларды қайтару мерзімін нақты көрсетіп, АҚШ-пен келісімге қол қою керектігін айтқан болатын.

Оның айтуынша, АҚШ өздеріне көмектескен ауғандықтарды алдымен тексеріп алуды көздейді. Олардың арасында экстремистер бар ма, жоқ па, осының бәрін анық білгісі келеді. Әйтпесе, Американың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнеді.

"Бірақ біз ондай адамдарды уақытша орналастырсақ, АҚШ артынан алып кететініне нақты кепілдік беруі керек. Мысалы, қазір мыңдаған адамды кіргіздік дейік. Ал АҚШ сенатында отырған республикандықтар тиісті заң қабылдамай қояды. Сонда не істейміз? Басқа елге жібере алмаймыз. Ауғанстанға қайтарсақ, адамгершілікке жат. Сөйтіп, барлығы осы жерде қалып қоюы да мүмкін. Сондықтан асығыс шешім жасауға болмайды", - деген еді Әбішев Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында.

1 мамырдан бері АҚШ Ауғанстан аумағынан өз әскерін әкетуді бастағаны хабарланды. Бұл 11 қыркүйекке дейін аяқталады деп уәде етті. АҚШ президенті Джо Байден АҚШ пен еуропалық елдердің әскери күштері ауған үкіметінің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайды деп түсіндірді. 

Әскер шығаруға қатысты мәлімдеме тәлібтердің белсенділігін арттырып, елдегі және шекарадағы жағдайдың ушығуына алып келді. Негізінен Тәжікстанмен шекарадағы ахуал шиеленісіп, Ауғанстан үкімет күштері әскерилерінің тәжік жеріне қарай қашуы жиіледі.

142
Кілт сөздер:
Ауғанстан
Тақырып бойынша
Ауған мәселесі ушығып барады – Қазақстанға қандай қауіп төніп тұр
Ауғанстандық босқындар Қазақстанға ағыла ма? Одан қауіп бар ма – сарапшы пікірі
Ауғанстанда жағдай ушықты: Қазақстан елшілігі қалай жұмыс істеп жатыр
Тәжікстан басшысы Ауғанстандағы жағдайға байланысты Тоқаевқа қоңырау шалды
Ауғанстанда тәлібтер шабуылы үдей түсті
Операция

Әлемде алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды

33
Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. АҚШ-та тарихта алғаш рет жасанды жүрек трансплантациясы операциясы өтті, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Медициналық ғажайыпты" Дьюк университетінің мамандары жасап шығарды. Протез Францияда ойлап табылған. Қайта зарядталатын батареялары бар құрылғы төрт сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет. Осы себепті адамға соңғысын үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келеді. Салмағы да жеңіл емес, шамамен 4 килограмм.

Алдыңғы нұсқадан ерекшелігі стационарлық жабдық қажет емес. Көрсеткіштерді арнайы датчиктер бақылайды, олар адам ағзасындағы тұрақты қан айналымын сақтайды.

Қайтыс болған донорлардың жүрегі алғаш рет балаларға салынды

Жасанды жүректің қызмет ету мерзімі алты айдан аспайды, сондықтан толыққанды донорлық орган қажет болады.

Протез трансплантация үшін кезекте тұрған көптеген адамды құтқара алады. 39 жастағы Мэтью Мур есімді науқас осыған дәлел. Денсаулығы нашарлаған оған осы жасанды жүрек салынды.

33
Шалбар

Он жеті жастағы бойжеткен джинсы шалбар кигені үшін көз жұмды

1718
Үндістанның он жеті жастағы тұрғыны туыстарының қарсылығына қарамастан мектепте оқыған, полицей болуды армандаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Үндістанда киімнен басталған отбасылық жанжал 17 жастағы қыздың өлімімен аяқталды. Туыстары бойжеткенді таяқпен өлімші етіп сабап тастаған.

Өткен аптада Уттар-Прадеш штатының Савреджи Харг ауылында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды РЕН ТВ. Әйел қызы Неха Пасванды туыстары киімге бола ұрып өлтіргенін мәлімдеді.

"Ол күні бойы ораза ұстады. Кешке қарай джинсы шалбар мен топ киіп, діни рәсімдерді орындады. Атасы мен әжесі оның киіміне қарсы болды. Алайда Неха джинсы киюге арналғанын және оны шешпейтінін айтты", – деді қыздың анасы.

Киімнен басталған дау күш көрсетуге әкеп соқты. Әйелдің айтуынша, қызы есінен танған, осыдан кейін туыстары моторикша шақырып, оны ауруханаға апаратынын мәлімдеген.

"Олар менің бірге баруыма рұқсат етпеді, сол себепті мен өз жақындарыма хабар бердім. Олар қызымды іздеп аудандық ауруханаға барды, бірақ таба алмады",- деп еске алды әйел.

Тағы оқыңыз: Оралда ер адам сүйіктісін кәмелет жасқа толмаған қызының көзінше пышақтап тастады – видео

Ертесіне таңертең көпірден қыздың денесі табылды. Анықталғандай, қаза болған адам Неха.

Полиция кісі өлтіру және айғақтарды жою бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыздың атасы, әжесі, тәтесі мен ағасы, бауырлары және көлік жүргізушісі – барлығы он адам күдікке ілінді. Төрт адам – атасы мен әжесі, ағасы мен жүргізуші тұтқындалып, олардан жауап алынды. Қазір тәртіп сақшылары қалған күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Марқұмның анасы туыстары Нехадан жергілікті мектептегі оқуын тастауды талап еткенін, сонымен қатар қазіргі заманғы киімдерді кигені үшін жазғырғанын айтты. Әйелдің сөзінше, қызы полицей болуды армандаған.

1718
Кілт сөздер:
қыз, Үндістан
Қасым-Жомарт Тоқаев KazRost Engineering Ltd. компаниясына барды

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады Тоқаев

0
(Жаңартылды 14:44 27.07.2021)
Қазақстан өзін ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

0
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев