Дәрігер балаға екпе салып жатыр, көрнекі фото

ДДҰ: Балалар арасында қызылша мен көкжөтел таралуы мүмкін

45
Коронавирус пандемиясы аясындағы дүрбелең салдарынан балаларды басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналау мәселесі екінші орынға ысырылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Коронавирус пандемиясы 2020 жылы балаларға қызылша, көкжөтел және басқа да инфекциялық ауруларға  қарсы екпе салу жоспарын  бұзып жіберді, деп хабарлайды РИА Новости Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп жасаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.

ДДҰ мен ЮНИСЕФ ұсынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы пандемия салдарынан жоспарлы иммундау аясында 23 миллион бала негізгі екпені алмаған. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 3,7 миллионға көп. Сонымен қатар шамамен 17 миллион бала бір жыл ішінде бірде-бір екпе алмағаны да алаңдатып отыр.

"Мемлекеттер COVID-19-ға қарсы вакцинаны алуға тырысып жатқан шақта біз басқа екпе түрлері бойынша кейін қалып, қызылша, көкжөтел, полиомиелит немесе менингит сынды аурулар балаларға қауіп төндіріп отыр. Бұл аурулардың көптеп таралуы бүгінде коронавируспен барынша күресіп жатқан қауымдастық пен денсаулық сақтау жүйесі үшін апатты сипатта болады. Сондықтан балалардың әрқайсысы екпе алуын жіті қадағалау керек",  - деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Иммундау қызметінің жұмысындағы 2020 жылғы бұл ақау көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Жерорта аймағына зиян келтіріп отыр. Тиісті вакциналауды алмаған балалардың көбі қақтығыстар соғыс әрекеттері жүріп жатқан, қызмет көрсету деңгейі төмен немесе көлік қатынасы қиын өңірлерде тұрады.

Оқи отырыңыз: COVID-ке қарсы вакцина: аллергиясы бар адамдар нені білуі керек – дәрігермен сұхбат

Екпе салғызбау бүгінде Пәкістанда қызылша жұқтырғандар санының артуына алып келді.

ДДҰ Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Филиппин, Мексика, Ангола, Танзания, Мозамбик, Аргентина, Венесуэла және Малидегі балаларға дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы вакцинаның жеткіліксіз деңгейде салынуына қатысты алаңдап отыр.

Сонымен қатар осы аталған ауруларға қарсы вакциналау деңгейі 86% дейін төмендеді. Ал халықты толықтай қорғау үшін бұл көрсеткіш 95% деңгейінде болуы керек.

45
Кілт сөздер:
балалар құқығы, БҰҰ балалар қоры, балалар, вакцина, екпе
Сириядағы журналистер. Архивтегі фото

Халед әл-Хатыб атындағы халықаралық сыйлыққа өтінім қабылдау басталды

47
(Жаңартылды 21:39 30.07.2021)
Жүлде 2017 жылы Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. RT телеарнасы журналистерге қақтығыс аймағында дайындаған үздік жұмысы үшін берілетін жыл сайынғы Khaled Alkhateb International Memorial Awards халықаралық сыйлығына өтінім қабылдауды бастады. 

Сыйлық 2017 жылы 30 шілдеде Сирияда қаза тапқан журналист Халед әл-Хатыбты еске алу үшін тағайындалған. Биыл бұл жүлде төртінші рет өткізіліп отыр.

Халед әл-Хатыб атындағы Халықаралық сыйлық төмендегі аталымдар бойынша беріледі:

  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: мәтін";
  • "Қақтығыс аймағында дайындалған үздік жұмыс: видео";
  • "Соғыстан кейін: мәтін/видео" - соғысты бастан өткерген және бейбіт өмірге оралған адамдардың және тұтас халықтың тағдыры туралы. Номинация алғаш рет ұсынылып отыр.   

Khaled Alkhateb International Memorial Awards — 2021 жүлдесінің жеңімпаздары 200 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

https://award.rt.com сайтында өтінім беруге болады. Жеңімпаздар 30 қарашада анықталады.

Алғашқы жылы Ирак, Ирландия және Сингапурдан қатысқан журналистер марапатталды. Қазылар алқасының құрамында шетелдік және ресейлік журналистер, оның ішінде Ирада Зейналова мен Евгений Поддубный болды.

2019 жылы 25 елден жолданған жұмыстар қаралды.

Сириядағы, Ирактағы және Ливиядағы қақтығыстар туралы айтқан Ресей, АҚШ, Италия және Үндістанның өкілдері лауреат атанды. 2020 жылы RT сыйлығын Ресей, Сирия және Үндістанның әскери корреспонденттері алды.

RT телеарнасы RT Arabic-пен ынтымақтастық орнатқан 25 жастағы журналист Халед әл-Хатыбты еске алуға арналған Khaled Alkhateb International Memorial Awards сыйлығын тағайындады.

Ол 2017 жылы Сирияның Хомс провинциясындағы содырлардың зымыран шабуылы салдарынан қаза тапты. Халед өз репортаждарында Сирияның үкіметтік күштерінің террористермен соғысын көрсетті.

47
Ақ үй

АҚШ сенаторлары Ақ үйге ультиматум қойды - саясаттанушы пікірі

94
Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Американың бір топ сенаторы ресейлік "Солтүстік ағын - 2" жобасы тоқтатылмаса, АҚШ-тың қаржы министрлігіндегі тағайындауларға бұғаттау енгіземіз деп қысым көрсетті. Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников осы жағдайға қатысты өз ойын бөлісті.

Америкалық 12 республикашыл сенатор АҚШ қаржы министрлігі мен Ақ үйге ультиматум қойды. Олар "Солтүстік ағын – 2" жобасына жаңа санкциялар енгізуді талап етіп отыр.

Олар ұсынған хаттан үзіндіні Bloomberg агенттігі жариялады.

"Солтүстік ағын – 2" газ құбыры Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары және серіктестерінің ұлттық қауіпсіздік мүддесіне тікелей зиян келтіріп отыр. Бұл жоба аяқталатын болса, онда РФ президенті Владимир Путиннің Еуропаға ықпалы артып, Украинаның қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және ресейлік агрессияның артуына алып келеді", - деп жазылған хатта.

Ақ үй әкімшілігі "газ құбырына қатысты өз позициясын өзгертіп, жаңа санкциялар енгізбесе", сенаторлар қаржы министрлігіндегі екі қызметтік тағайындауға тосқауыл болуды көздеп отыр.

Күні кеше Nord Stream2 AG газ құбырының операторы аталған жоба 99 процентке дайын екенін жариялады.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы, Заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников ресейлік жобаға қарсы тұру ішкі саяси күрес құралына айналғанын айтты.

"Бұл ұзаққа созылатын ойын. Қазір демократтар мен республикашылдардың орны ауысқанын көріп отырмыз: енді демократтар өз ұстанымдарын қорғап, Кремльмен еш байланысы жоқ екенін дәлелдеп жатыр. Жалпы АҚШ ішінде түрлі позициялар бар екенін, елдің ешбір президенті өз бетінше мемлекет болашағын шеше алмайтыны бұрыннан белгілі. Аталған позициялардың авторлары түрлі қысым көрсетуді жалғастыра береді. Бұл "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғанша жалғаса береді. Алайда газ құбыры жақында іске қосылады. Ал қаржы министрлігіндегі тағайындауды созбақтау жалғасады. Бұл АҚШ-тағы ықпал үшін күрес", - деп санайды Дмитрий Солонников.

94
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0