Әлем

Томск облысы аумағында жолаушылар ұшағы жоғалып кетті – соңғы дерек

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСамолет Ан-28 , архивное фото
Самолет Ан-28 , архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Әуе көлігіндегі ақаулар туралы алдын ала хабарлама болмаған. Ұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Томск облысының Бакчар ауданында бортында 19 жолаушы бар Ан-28 ұшағы із-түссіз жоғалып кетті. Әуе кемесі тиесілі "Сібір жеңіл авиациясы" әуе компаниясы бұл ақпаратты растады.

"Ол радардан жоғалып кетті, әзірше басқа ақпарат ұсына алмаймын", - деді әуе компаниясында.

Ұшақ бортында 14 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болғаны белгілі. Ұшақ Кедровый – Томск бағыты бойынша ұшқан, деп жазды РИА Новости.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-де облыстық төтенше жағдайлар министрлігі ұшақтың апатты маягы іске қосылғаны туралы ақпарат алған. Алайда ұшар алдында әуе көлігінің ақауы туралы хабарлама түспеген.

Оқи отырыңыз: Ан-28 ұшағының құлауы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ұшақты іздеу жұмыстарына Ресей авиациясының Ми-8 төрт тікұшағы жұмылдырылды.

Сағат 17:36-да құтқарушылар апатты қонуды орындаған орны анықталғаны туралы ақпарат пайда болды. Барлық жолаушы дін аман. Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Адамдарды эвакуациялау үшін Томск облысындағы Ан-28 ұшағы қонған орынға тікұшақтар жөнелтілді.

Жаңалықтар
0