Қамаудағы адам

Балаларды өлтіріп, қанын ішкен: Кенияда нағыз вампир ұсталды

201
(Жаңартылды 09:48 19.07.2021)
Ер адам бес жыл бойы жергілікті балаларды ұрлап, өлтіріп, кейін мәйіттерді кәріз құдығына тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Кения полициясы он баланы өлтіргенін мойындаған Мастен Ванджала есімді 20 жастағы ер адамды қамауға алды. Күдікті өз құрбандарының қанын ішкенін мәлімдеді.

Жуырда Кения астанасы – Найробиде екі баланың денесі табылды. Полиция осы оқиғадан кейін Ванджаланы тұтқындады.

Жауап алу кезінде ол он баланы өлтіргенін мойындады.

Кениялық бірінші қылмысын 16 жасында жасаған. Алғашқы құрбаны – 12 жастағы қыз. Қанішер, алдымен, оны ұрлап, өлтірген. Пышақтаған соң, оның қанын ішкен, деп хабарлайды Daily Mail.

Осыдан кейін қылмыстары жалғасқан. Жақында мәйіті табылған балаларды Ванджала сатып, 200-ден 300 фунт стерлингке дейін пайда таппақ болған. Алайда жасөспірімдердің отбасы мұндай соманы таба алмады.

Тағы оқыңыз: Қайын апасын өлтіріп, үйді балалармен бірге өртеген – оқиғаның мән-жайы

Күдікті полицейлерді бірнеше қылмыс жеріне апарды. Олар фото және видео жасап, айғақтарды тіркеді. Ер адам мәйіттерді жүгері алқабының маңындағы бұталардың арасы мен кәріз құдығына тастап отырған.

Қазір полицейлер маньяктың сыбайластары бар ма, жоқ па, соны анықтауға тырысып жатыр.

Басылымның мәліметінше, Кенияда өткен жылы 242 бала із-түзсіз кетті. Олардың дені аман-есен табылды, 10 бала көз жұмған, ал 18 баланың тағдыры әлі де белгісіз.

201
Кілт сөздер:
Кения, балалар
Операция

Әлемде алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды

12
Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. АҚШ-та тарихта алғаш рет жасанды жүрек трансплантациясы операциясы өтті, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Медициналық ғажайыпты" Дьюк университетінің мамандары жасап шығарды. Протез Францияда ойлап табылған. Қайта зарядталатын батареялары бар құрылғы төрт сағатқа дейін жұмыс істей алады.

Жасанды жүректе екі қарыншалық камера және төрт биологиялық клапан бар, бірақ сыртқы батареялардан қуат қажет. Осы себепті адамға соңғысын үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келеді. Салмағы да жеңіл емес, шамамен 4 килограмм.

Алдыңғы нұсқадан ерекшелігі стационарлық жабдық қажет емес. Көрсеткіштерді арнайы датчиктер бақылайды, олар адам ағзасындағы тұрақты қан айналымын сақтайды.

Қайтыс болған донорлардың жүрегі алғаш рет балаларға салынды

Жасанды жүректің қызмет ету мерзімі алты айдан аспайды, сондықтан толыққанды донорлық орган қажет болады.

Протез трансплантация үшін кезекте тұрған көптеген адамды құтқара алады. 39 жастағы Мэтью Мур есімді науқас осыған дәлел. Денсаулығы нашарлаған оған осы жасанды жүрек салынды.

12
Шалбар

Он жеті жастағы бойжеткен джинсы шалбар кигені үшін көз жұмды

1420
Үндістанның он жеті жастағы тұрғыны туыстарының қарсылығына қарамастан мектепте оқыған, полицей болуды армандаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Үндістанда киімнен басталған отбасылық жанжал 17 жастағы қыздың өлімімен аяқталды. Туыстары бойжеткенді таяқпен өлімші етіп сабап тастаған.

Өткен аптада Уттар-Прадеш штатының Савреджи Харг ауылында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды РЕН ТВ. Әйел қызы Неха Пасванды туыстары киімге бола ұрып өлтіргенін мәлімдеді.

"Ол күні бойы ораза ұстады. Кешке қарай джинсы шалбар мен топ киіп, діни рәсімдерді орындады. Атасы мен әжесі оның киіміне қарсы болды. Алайда Неха джинсы киюге арналғанын және оны шешпейтінін айтты", – деді қыздың анасы.

Киімнен басталған дау күш көрсетуге әкеп соқты. Әйелдің айтуынша, қызы есінен танған, осыдан кейін туыстары моторикша шақырып, оны ауруханаға апаратынын мәлімдеген.

"Олар менің бірге баруыма рұқсат етпеді, сол себепті мен өз жақындарыма хабар бердім. Олар қызымды іздеп аудандық ауруханаға барды, бірақ таба алмады",- деп еске алды әйел.

Тағы оқыңыз: Оралда ер адам сүйіктісін кәмелет жасқа толмаған қызының көзінше пышақтап тастады – видео

Ертесіне таңертең көпірден қыздың денесі табылды. Анықталғандай, қаза болған адам Неха.

Полиция кісі өлтіру және айғақтарды жою бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыздың атасы, әжесі, тәтесі мен ағасы, бауырлары және көлік жүргізушісі – барлығы он адам күдікке ілінді. Төрт адам – атасы мен әжесі, ағасы мен жүргізуші тұтқындалып, олардан жауап алынды. Қазір тәртіп сақшылары қалған күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Марқұмның анасы туыстары Нехадан жергілікті мектептегі оқуын тастауды талап еткенін, сонымен қатар қазіргі заманғы киімдерді кигені үшін жазғырғанын айтты. Әйелдің сөзінше, қызы полицей болуды армандаған.

1420
Кілт сөздер:
қыз, Үндістан