Әлем

Антальядағы орман өрті: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

© REUTERS / TWITTER/@ONURBURAKCELIKАнтальядағы орман өрті
Антальядағы орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2021
Жазылу
Түркияның курорттық қаласында орман өрті салдарынан кемінде 53 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Түркияның Анталья қаласында болған орман өртінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Зардап шеккендер арасында біздің азаматтар жоқ. Консулдық жергілікті билікпен тұрақты байланыста", - деді Смадияров Sputnik Қазақстанға.

Анталья провинциясының Манавгат ауданында алапат орман өрті шықты. Түрік билігінің ақпаратынша, тілсіз жаудан кемінде 53 адам зардап шеккен.

Өрт жартылай ауыздықталды. Оны сөндіруге екі ұшақ, 15 тікұшақ, алты бульдозер және 106 өрт сөндіру көлігі тартылды.

NTV телеарнасы таратқан видеода қаланы қара түтін басқаны көрінеді.

Жаңалықтар
0