Әлем

Ұлын 10 жылдан кейін көрген әйел төрт күннен соң қайтыс болды

© Photo : РixabayДевушка смотрит в окно
Девушка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
11 жасар бала Испанияда туыстарында тұрған. Ол анасын соңғы рет бір жасында көрді. Отбасылық жағдайға байланысты кейін екеуі көріспеген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз — Sputnik. 28 жастағы әйел 10 жыл ішінде алғаш рет ұлын көрді. Алайда онлайн кездесуден кейін бірнеше күн өткен соң қайтыс болды. 

Ұлыбритания тұрғыны Лаура Андреойю баласын 10 жыл бойы көрмеген. 11 жасар бала Испанияда туыстарында тұрған. Ол анасын соңғы рет бір жасында көрді. Отбасылық жағдайға байланысты кейін екеуі көріспеген, деп жазады Nottingham Post.

Көптен күткен кездесу онлайн режимінде өтті. Туыстары бала анасына ұқсайтынын айтқан. Олар мұндай кездесуді әдетке айналдырамыз деп шешті. Дегенмен 4 күннен соң трагедия болды.

Әйелді ес-түссіз күйде танысы тапты. Ол үйіне барғанда Лаура жерде жатқан, ер адам жедел жәрдем шақырды. Алайда әйел екі күннен соң қайтыс болды. Оның бауыры мен бүйрегі ауырған", деп жазады БАҚ.

Лаураның анасының айтуынша, бұл хабарды балаға жеткізу ең қиыны болған. Ол өзін екінші рет анасынан айырылғандай сезінді.

Жаңалықтар
0