Әлем

Бір-ақ рет көре аласыз: WhatsApp-та көптен күткен функция іске қосылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Бұл функцияның ерекшелігі – қолданушы өзіне келген суретті немесе видеоны тек бір-ақ рет көре алады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болды.

Ол үшін суреттер мен видеоны "Бір рет көру" опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі, деп хабарлайды РИА Новости компания өкілдеріне сілтеме жасап.

Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды.

Тағы оқыңыз: WhatsApp-та хабарламаға қатысты жаңа функция пайда болады

Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін ескертті.

"Бір рет көру" опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.

Жаңалықтар
0