Әлем

Ағалы-інілі үш адам пойыз астына түсіп өлді

© Sputnik / Абзал КалиевЖелезная дорога
Железная дорога  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2021
Жазылу
Ер адамды бір апта бұрын пойыз қағып кеткен. Марқұмды теміржол үстінде еске алмақ болған бауырлары да пойыз астына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында үш ер адам пойыз астына түсіп өлді. Үшеуі ағалы-інілі болған.

Бір апта бұрын бауырынан айырылған екі ер адам марқұмды еске алып, ескерткіш тақта орнатуды жоспарлапты. Рельспен жүріп келе жатқан кезде екеуін де пойыз басып кетті, деп жазады NTD.

20 және 29 жастағы ер адамдар алған жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Бейнежазба олар рельсте түрғанын растады. Марқұм бауырын еске алып, майшам жағып қойған.

Полиция олар мас болды деген болжамды жоққа шығармайды.

Жергілікті полиция өкілі теміржолдағы барлық қауіпсіздік құралы жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0