Әлем

Қазақ қызы АҚШ-та өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті – фото

© Photo : Рixabay/jbundgaaАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Қазақстандық ару сұлулық байқауы үшін онлайн кастингтен өткен, қазылар алқасы Орталық Азиядан сегіз үміткердің ішінен оны таңдап алды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Шымкент тумасы Дина Әмір Майамиде өткен сұлулық байқауында Miss Pro Universe атағын жеңіп алды. Бұл туралы ол Instagram-дағы аккаунтында хабарлады.

Сұлулық байқауы Майамиде 8 мен 11 тамыз аралығында өтті. Арулар байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. Фестиваль Queen of the Crowned Filming деп аталды. Қатысушылар World International және Ms Universe титулдарына таласты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Di Amir 🤍 (@dina_amiir)

Дина Әмір гранд-финалда Қазақстан туымен түскен суретін жариялап, байқаудағы жеңісін мақтан тұтатынын жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Di Amir 🤍 (@dina_amiir)

"Байқау маған позитивті эмоция мен жаңа таныстар сыйлады. Менің басты мақсатым әйелдерді жігерлендіру, өзіне, жақсы нәрсеге сеніп, қадам жасауға көмектесу болды", - деп атап өтті қазақстандық.

Дина Әмір Шымкентте туған. Ол Instagram-да шетелдегі өмір туралы блог жүргізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Di Amir 🤍 (@dina_amiir)

Қазақстанда IT-компанияларда маркетолог болып жұмыс істеді. Америкада оқып, тұрып жатқанына бір жарым жыл болды. Қор нарығы мен акцияларға инвестиция құюмен айналысады. Сұлулық байқауы үшін қыз онлайн кастингтен өтті, қазылар алқасы Орталық Азиядан сегіз үміткердің ішінен оны таңдап алған.  

Дина Әмір тәтесінің бутигінде модель болып істеген, бірақ суретке түскенді бала кезінен ұнатады.

Жаңалықтар
0