Әлем

Еуроодақ Ауғанстан көршілеріне көмектесуге уәде берді

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуФлаг Евросоюза
Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Тәлібтер билікке келгенге дейін америкалықтармен байланыста болған ауғанстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін. Олар эвакуациялық ұшақтарға ілігіп, елден кетуге тырысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Еуроодақ босқындар легіне байланысты Ауғанстанмен көршілес елдерге көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды РИА Новости дипломатия басшысы Жозеп Боррельге сілтеме жасап.

"Ауғанстанмен көршілес елдерге барған мигранттар мен босқындар саны артты. ЕО мемлекеттерге бұл жағдайдың салдарын еңсеруге қолдау көрсетуге дайын", - деді ол Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің видео конференциясы барысында.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елдерді босқындарға көмек көрсетуге шақырған болатын.

АҚШ ресми мәліметіне сәйкес, соңғы үш күнде Ауғанстаннан өміріне қауіп төніп тұрған 3 мың адам шығарылған. Вирджиния, Техас және Висконсин штаттарындағы үш әскери база 22 мың ауғанстандықты қабылдамақ.

Жаңалықтар
0