Әлем

Украина Минск келісімін тежейтін заң жобасын қолдады

© Photo : Служба безопасности УкраиныСотрудник СБУ
Сотрудник СБУ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Қазір ұйымды террористік деп тану үшін оның кемінде бір бөлімшесі терроризммен айналысып жатқаны және оның басшылығы бұл жайдан хабардар екені дәлелденуі керек. Ал енді мәселе осы ұйыммен байланысы бар кез келген адамға қатысты болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Украина үкіметі Киевтің Минск келісімін орындау мүмкіндігін жоюға тиіс заң жобасын қолдады.  

Еске сала кетейік, бірнеше апта бұрын министрлер кабинеті өтпелі кезең туралы заң жобасын мақұлдады: ол құжат бүкіл Қырым мен Донбасты бақылауда ұстайтын Украина болашағына бағытталған.

Енді үкімет "Ұйымды террористік деп тануға қатысты Украинаның кейбір заңдарына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын парламентке жолдады. Бұл қазіргі Киевтің көңілінен шықпаған кез келген адамдар тобын террористік ұйым деп тану жолын жеңілдетеді.

Пресс-конференция Виктора Януковича в Ростове-на-Дону - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Әлем
Экс-президент Виктор Янукович Украина халқына үндеу жасады
Бірақ бұл заң қабылданса, Минск келісімі аясындағы Украина міндеттемелерімен қатар, елдегі адам құқығы мен бостандығы бұзылады. Заң жобасының түсіндірме бөлігінде бұл құжатты қабылдауға нақты не негіз болғаны ашық жазылмағаны да күдік тудырып отыр, деп жазды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, украин билігінің түрлі дәрежедегі өкілдері жеті жылдан бері мойындалмаған Луган Халық Республикасы мен Донбасс Халық Республикасын террористік ұйым деп атауға тырысып келеді. Украин билігі мұны халықаралық деңгейде де талқылауды ұсынған болатын. Бірақ бұл жоспар іске аспады. Сондықтан жоғарыда аталған заң қабылданса, жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Қазір ұйымды террористік деп тану үшін оның кемінде бір бөлімшесі терроризммен айналысып жатқаны және оның басшылығы бұл жайдан хабардар екені дәлелденуі керек. Ал енді әңгіме бір бөлімше немесе ұйым мүшесі емес, осы ұйыммен байланысы бар кез келген адам жайлы болып отыр. Сондықтан енді сот алдында бүтіндей бір ұйымды емес, бір ғана адамды террорист деп көрсету жеңілдейді.

Ұйымды террористік деп тану үшін сол тұлғаны Қылмыстық кодекстегі алты баптың біреуі бойынша кінәлі деп тану жеткілікті. Олар: террористік акт, теракт жасауға тарту, бұқара алдында терроризмге үндеу, террористік ұйым құру, терактіге көмектесу, терроризмді қаржыландыру.

Көріп отырғанымыздай бұл алты баптың бесеуі сол террористік актіні жүзеге асырудың өзін қажет етпейді. Сондықтан сот кезінде ол адамды террористік іс-әрекетке қатысы бар деп тану оңай болады.

Прямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Путин Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы туралы айтты
Содан кейін сот өз шешімін бес күннің ішінде Украина қауіпсіздік қызметіне жолдап, Украина қауіпсіздік қызметі үш күнде ол ұйымды террористік мекемелер тізіміне енгізеді. Тиісті ведомствоның сайтында бұл ұйым туралы толық ақпарат жазылады.

Сол себепті алдағы уақытта мойындалмаған Луган Халық Республикасы мен Донбасс Халық Республикасы аумағындағы кез келген оқ ату террористік әрекет ретінде қарастырылуы мүмкін. Кейіннен мойындалмаған республикалар сотта автоматты түрде террористік болып танылады. Бұл Минск келісімінің орындалуын толығымен тежейді.

Яғни бұл жерде әңгіме Минск келісімінен шығу жөнінде ғана емес, Украинада тоталитаризм орнау қаупі туындап отырғаны жайлы да болып отыр. Жоғарыда аталғанның барлығы жүзеге асуы үшін ең алдымен бұл заң жобасы Жоғарғы раданың мақұлдауынан өтуі керек. Барлығы уақыт еншісінде.

Жаңалықтар
0