Әлем

Бір топ адам премьер-министрге тас атты – видео

© AFP 2024 / Kay Nietfeld / dpaКанада премьер-министрі Джастин Трюдо
Канада премьер-министрі  Джастин Трюдо  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Олар міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп, ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын қорғауды талап етті

АЛМАТЫ, 7 қыркүйек – Sputnik. Канадада наразылық білдірушілер елдің министрлер кабинетінің басшысы Джастин Трюдоға тас атты.

Оқиға Онтариодағы сайлауға қатысты митингіден кейін, саясаткер автобусқа отырып жатқанда болды.


Тастың бір бөлігі премьер-министр Трюдоға, ал бір бөлігі оның күзетшілеріне тиді.

Алайда олардың ешбірі ауыр жарақат алмаған.

Канадалық премьер-министрмен кездесуге Трюдо саясатымен келіспейтін азаматтар келді. Олардың арасында Канада халық партиясының жақтастары да болды.

Олар коронавирус инфекциясына қарсы міндетті вакцинацияға наразылық білдіріп, ел тұрғындарының құқығы мен бостандығын қорғауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егіледі деген ақпарат тарап жатыр

Жаңалықтар
0