Әлем

АҚШ-та ұшақ құлады – видео

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуСамолет-штурмовик Су-25 в небе, архивное фото
Самолет-штурмовик Су-25 в небе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Оқиға Лейк-Уорт қалашығында болды. Ұшқыштар қатапультті пайдаланып үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек –  Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында әскери ұшақ құлады. Апат кезінде екі үйге зақым келді, деп хабарлады Форт-Уорт қаласының өрт сөндіру және құтқару қызметі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қап-қара түтін анық көрінеді. Апат аз қабатты тұрғын үйлер маңайында болған. 

"Екі-үш науқасқа көмек көрсетіліп жатыр", — деп жазды өрт сөндірушілер Twitter парақшасында.

РИА Новости агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, апатқа ұшыраған оқу-жаттығу ұшағы. Бұл оқиға Лейк-Уорт қалашығында болды. Ол Форт-Уортке жақын орналасқан. Екеуі де Далластың маңындағы елді мекен. Форт-Уорт қаласында АҚШ әскери-теңіз күштерінің әуе базасы орналасқан.

Жергілікті WFAA медиакомпаниясы екі ұшқыштың қатапультті пайдаланып үлгергенін жазып отыр. Олардың ауруханаға жатқызды.

Жаңалықтар
0