Әлем

Байқау жалғасуда: Азияның ең сымбатты жігіті рейтингісінде Димаш 1-орында тұр

Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2021
Жазылу
Онлайн дауыс беру қыркүйектің 30-на дейін жалғасатын болады. Байқау сайтындағы мәліметке сәйкес, қазақстандық әншіге 5 834 405 рет дауыс берілген

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Азияның ең сымбатты 100 жігіті" King Choice рейтингісінде бірінші орынға шықты. 

Байқау сайтындағы мәліметке сәйкес, қазақстандық әншіге 5 834 405 рет дауыс берілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Екінші орында оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin). Ол 5 804 655 дауыс жинады.

Үшінші орында 1 455 784 дауыспен тай актері Вин Метавин (Win Metawin) тұр.

Дауыс беру бір аптадан соң, 30 қыркүйекте аяқталады. Димашқа мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады.

Бұған дейін Jas Otan жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге дауыс беруді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын бастаған болатын.

Айта кетері, Димаш түрлі наградаға ие. Ең маңыздылары арасында - Қытайдың Top Chinese Music Awards премиясында "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы, MTV Global Chinese Music Awards-та "Жылдың үздік шетелдік шығармашылық тұлғасы" номинациясы,  Қытай мен Қазақстан "Достық елшісі" наградасы.

Жаңалықтар
0