Тбилиси, архивтегі фото

Жеті қабаттық тұрғын үй құлап, бес адам көз жұмды

2054
(Жаңартылды 14:23 09.10.2021)
Полиция Батумиде тұрғын үйдің опырылып құлауына байланысты үш адамды ұстады, олардың бірі – бірінші қабаттағы пәтердің иесі

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Грузияның Батуми қаласында жеті қабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылып түсті. Адамдар мен үйдің жанында тұрған көліктер үйінді астында қалды.

Соңғы мәлімет бойынша бес адам қаза болды. Үйінді астында тағы бірнеше бала бар, деп хабарлады РИА Новости.

"Құтқарушылар көз жұмған бесінші адамның мәйітін шығарды. Біздегі мәлімет бойынша ол кәмелетке толмаған", - делінген жергілікті телеарнаның хабарламасында.

Оқиға орнында 300-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Грузияның ішкі істер министрлігі ғимарат құлағаннан кейін бірінші қабаттағы пәтердің иесі мен онда жөндеу жүргізген екі жұмысшының ұсталғанын хабарлады. Олар қандай күдікке ілінгені әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:

2054
Сөмке, чемодан

Мәйітті сөмкеге салып, сүйреп бара жатқан күдіктінің видеосы жарияланды

1752
(Жаңартылды 17:36 24.10.2021)
Кадрда ер адам ауыр сөмке сүйреп бара жатқаны көрінеді. Кейін ойнап жүрген балалар чемодан ішінде бөлшектелген мәйіт тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Ресейдің Орск қаласында қылмысын жасармақ болған күдікті видеоға түсіп қалды.

Кадрда ер адам ауыр сөмке сүйреп бара жатқаны көрінеді. Кейін ойнап жүрген балалар чемодан ішінде бөлшектелген мәйіт тапқан. Олар бірден ата-анасын шақырған.

Құтқарушылар ер адам пәтерінің есігін бұзып кірді. Күдіктіден тергеуші жауап алып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Пәтерінде етке арналған пышақ пен балға тапты. Болжам бойынша, бұл кісі өлтіру қаруы. Ер адам қылмысты мойындаған.

Бұған дейін тергеу марқұмның жеке басын анықтағаны туралы хабарланған болатын. Ол Орск қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен оның 42 жастағы танысы ұсталды.

Оқи отырыңыз: 

1752
Кілт сөздер:
мәйіт, сөмке, ер адам, видео
Жарылыс, архивтегі сурет

Ресейде оқ-дәрі зауытында болған жарылыстың видеосы жарияланды

86
Ресей ТЖМ оқ-дәрі зауытындағы өрт пен жарылысқа технологиялық процестің бұзылуы себеп болғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Рязаньда "Эластик" оқ-дәрі шығаратын зауытта болған жарылыс бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Төтенше жағдай он жеті адамның өмірін қиды, деп хабарлайды РИА Новости.

Кадрдан арнайы киімдегі жұмысшылардың қаптарды кезекпен конвейерлік желіден алып жатқаны көрінеді. Бір кезде бір нәрсе жарқ етіп, бірден өрт басталады. Зәресі ұшқан жұмысшылар қаптарын тастай алып, қаша жөнеледі. Бейнежазба осы сәтте үзіледі – жарылыс болады.

Шиловский ауданы Лесной кентінде орналасқан "Эластик" зауытынан 22 қазан таңертең өрт шықты. Оқ-дәрі цехында жарылыс болған. Төтенше жағдайдан 17 адам қаза тапты, жарылыс кезінде аман қалған жалғыз адам ауруханада көз жұмды.

ТЖМ өртке технологиялық процестің бұзылуы себеп болғанын мәлімдеді. Тергеу комитеті бір және одан көп адамның өліміне әкеп соққан, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.

Оқи отырыңыз: 

86
Кілт сөздер:
Ресей, зауыт, жарылыс, видео, оқ
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

139
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

139