Қытайдағы үйлену тойы

Қалыңдық тойда 60 килограмм алтын әшекей тағып, жүре алмай қалды

9213
(Жаңартылды 08:34 15.10.2021)
Қытай дәстүрі бойынша күйеу жақ қалыңдықтың құнын алтынмен және басқа да бағалы заттармен төлеуге тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қытайдың Хубэй провинциясында үйлену тойында қалыңдық күйеу жігіт сыйға тартқан ондаған килограмм алтын әшекейді тақты.

Дәстүр бойынша қалыңдықтың өтеуін төлеп алу үшін алтынды күйеу жігіттің отбасы сатып алған. Оның туыстары қызға екі ірі білезік сыйлады, ал күйеу жігіттің өзі әрқайсысының салмағы  бір килограмм тартатын 60 қымбат алқа тақты.

Әшекейлер ауыр болғандықтан қалыңдық өздігінен жүре алмады, оған болашақ күйеуі көмектесті, деп хабарлады lenta.ru.

Қалың мал төлеу – Азияның, Африканың және Таяу Шығыстың кейбір елдерінде сақталған ежелгі дәстүр. Қытайда қалыңдықтың туыстары некеге келісу үшін әдетте 200 000 юань (12 миллион теңге) мен пәтер талап етеді.

Ресейде, Украинада және көптеген еуропа елінде керісінше әдет-ғұрып кеңінен таралған: күйеу жігіттің отбасы қалыңдықтың жасауын күтеді.

Оқи отырыңыз:

9213
Банкет

Қаралы күні банкет жасаған басшы жұмыстан қуылды

846
Сол отырыста болған адамдардың жүрегі жоқ шығар, деп жазды аймақ басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Кемеров ауданының Прокопьев қаласының басшысы Вячеслав Старченко "Листвяжная" шахтасында қаза болғандарды аза тұту күні банкет жасағаны үшін қызметтен қуылды, деп хабарлады РИА Новости.

Кузбастағы шахтада болған апаттан көз жұмғандардың саны 51 адамға жетті, оның алтауы құтқарушылар. Кемеров ауданында 26-28 қараша аралығы қаралы күн болып жарияланды.

Сол күні Прокопьев қаласының мэрі қызметке тағайындалуына байланысты банкет өткізген. Ресторандағы отырыстың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

"Прокопевтің әкімшілігі жаңа басшы тағайындалуын атап өтпекші болған. Бүкіл Кузбасс тұрғындары апат туралы әр жаңалықты жүректері қан жылап қабылдап отырғанда олар осындай әрекетке барды", - деп жазды аймақ басшысы Сергей Цивилев Telegram-арнасында.

Губернатор бұл жағдайда сипаттауға айтарға сөз таба алмай отырғаны атап өтті.

"Сол отырыста болған адамдардың жүрегі жоқ шығар. Вячеслав Старченко отставкаға жіберілді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Листвяжная" шахтасындағы трагедия 25 қарашада таңғы уақытта болған. Жер астында метан жарылып, шахтаны көк түтін алып кетті. Сол кезде 285 адам жұмыс істеп жатқан.

Оқи отырыңыз:

846
Кілт сөздер:
Ресей, аза тұту, басшы, шахта, апат
Мәскеу муфтиі Ильдар Аляутдинов

Мәскеудің бас мүфтиі ҚМДБ-ның ұсынысына қатысты өз ойын айтты

71
"Қара" деген сөз жаман ойға жетелейді. Осы тұрғыда Қазақстан мүфтиятының ұсынысы орынды , деді Ильдар Аляутдинов

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының басшысы Ильдар Аляутдинов "қара жұма" атауына қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай Қажы Тағанұлы сауда орталықтары мен кәсіпкерлерді жаппай сатылымға арналған "қара жұма" атауын "жомарт жұмаға" ауыстыруды ұсынды. Себебі мұсылмандар үшін "жұма" сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Ал "жомарт жұма" жүрекке жылы тиеді. Халқымыздың ұғымына да сай келеді. Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ.

"Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, "қара жұманы" "жомарт жұма" деп өзгертсек, бұл Ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ. Осылайша кәсіпкер азаматтарымыз ізгі ниетінің арқасында "жомарт жұма" акциясын өткізіп, қаншама жанның алғысына бөленер еді", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқи отырыңыз: Бас мүфти "қара жұма" атауын өзгертуді ұсынды 

Мәскеу мұсылмандары діни басқармасының басшысы Ильдар Аляутдиновтың ойынша, "қара жұма" тіркесі жаман мағынаны білдірмейді. Өйткені сол күні дүкендер мен компаниялар халыққа барынша жеңілдік жасайды. Дегенмен "қара" сөзін көп жағдайда жаман нәрсемен байланыстырып жатады.

"Қара" деген сөз жаман ойға жетелейді, лас, қорқынышты, қара күштермен байланыстырып жатады. Осы тұрғыда Қазақстан мүфтиятының ұсынысы орынды. Болашақта, шынымен де осы атауды өзгертуге болады", - деді Аляутдинов РИА Новости порталына берген сұхбатында.

Айта кетері, АҚШ тұрғындары қарашаның соңында жылдың басты мейрамы – Алғыс айту күнін тойлайды. Осы күннен кейінгі жұманы "қара жұма" деп атап кеткен. Себебі сол күні сауда орталықтары үлкен жеңілдіктер жасайды. Биыл "қара жұма" 26 қарашаға келіп тұр.

71
Кілт сөздер:
ҚМДБ, Бас мүфти, қасиетті жұма
далада сауда-саттық жүргізіп отырғандар

Сатушыларға заңсыз айыппұл салған 87 полицей жазаланды Бас прокуратура

267
(Жаңартылды 16:27 27.11.2021)
Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда-саттық жасағандарды қандай жағдайда жазалауға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Белгіленбеген жерде сауда жүргізгендерге заңсыз айыппұл салған полицейлер мен әкімдік қызметкерлері жазаланды.

Бас прокуратура белгіленбеген жерде сауда жүргізгені үшін бизнес және азаматтарды жазаға тартудың негізділігін зерделеген. Олардың көбінесе заңсыз жауапқа тартылғаны анықталды.

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың айтуынша, сауда үшін арнайы орындар анықталған кезде ғана жауапкершілік белгіленеді.

"Оларды облыстық, қалалық және аудандық әкімдер анықтайды ("Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 27, 31-баптары). Алайда, көптеген өңірде мұндай орындар болған жоқ, бірақ адамдарға 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салынды", - дейді ол.

Мысалы, Жезқазған қаласында сауда орны белгіленбеген, бұған қарамастан кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның қолға алған шаралары бойынша 38 іс тоқтатылып, қалада сауда орындары анықталған.

Еліміздің басқа өңірінде – Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша сауда орындары анықталды. Жауапқа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды.

Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды, әкімдіктердің шешімімен еліміздің барлық өңірінде 4126 сауда орны анықталды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр.

Олқылыққа жол берген 87 полицей мен 26 әкімдік қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас прокуратураның бастамасымен Сауда және интеграция министрлігі осы мәселені бақылауға алды.

267
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда рөлде ұйықтап кеткен полицей жол апатын жасады
150 мың теңге сұраған: көлікті себепсіз тоқтатқан екі полицей жұмыстан қуылды
Сыртынан жауып кеткен: полицей әйел өрт шыққан пәтердегі төрт баланы құтқарды
Коронавирустан 34 полицей қайтыс болды – Тұрғымбаев