Әлем

Үндістанда тағы бір қатерлі індет тарала бастады

© AP Photo / Altaf QadriИндийские мусульманские женщины смотрят в окно в Нью-Дели, Индия
Индийские мусульманские женщины смотрят в окно в Нью-Дели, Индия - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Дене безгегін жұқтырғандар саны 117 мыңға жуықтаған. Ел үкіметі 9 штатқа медицина топтарын жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Үндістанда дене безгегі белсенді тарала бастады. Қатерлі індетті қараша айының басынан бері жұқтырғандар саны 117 мыңға жуықтап қалған, деп хабарлады "Хабар 24".

Науқастардың 90 проценті елдің солтүстігінде тіркелген. Бір ғана Нью-Делиде 1 жарым айдың ішінде 2700 тұрғын денге безгегіне шалдыққан. Бұл қаңтар мен қыркүйек аралығында ауырған адамдар санынан 5 есе көп. Үкімет 9 штатқа медицина топтарын жіберді.

Сарапшылар індеттің таралуын жауын-шашынның әдеттегіден көп түсіп, соның салдарынан шыбын-шіркейдің қаптап кеткенімен түсіндіреді. Қазанда Нью-Делиде соңғы 61 жылда жаумаған мөлшерде ақ жауын құйған.

"Денге безгегін жұқтырғандарда қан жасушалары мен тромбоциттер саны азайып жатыр. Бұл өлімге әкелетіндей аса қауіпті белгілер емес", - дейді медицина сарапшысы Анил Виз.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0