Әлем

Украинада вакцина алған әр адамға ақшалай сыйлық беріледі

© AFP 2024 / INA FASSBENDERЕвро в кошельке
Евро в кошельке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Жаңа бағдарлама 19 желтоқсанда басталады. Жылдың соңына дейін оған 3 млрд. гривен жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский халыққа бейнеүндеу жолдап, коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған әрбір адамға ақша берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Украинская правда.

"Екі екпе салдырған әрбір адам 1 000 гривен (16 500 теңге) ала алады. Ол ақшаны "Әрекет" қосымшасы арқылы жылдам әрі ыңғайлы алуға мүмкіндік болады", - деді Зеленский.


Ақшалай сыйақыны белгілі бір мақсатта ғана жұмсауға болады. Соның ішінде спортзал мен фитнес-клуб, театр, кинотеатр, музей, концерт, көрме және тағы басқа мәдени шаралар бар. Бұдан бөлек, елдің ішінде саяхаттау үшін әуе және теміржол билеттерін алуға мүмкіндік бар.

Жаңа бағдарлама 19 желтоқсанда басталады. Жылдың соңына дейін оған 3 млрд. гривен жұмсалады. 2022 жылдың басында тура сондай көлемде қаржыландыру қарастырылған.

"Иә, барлығы бірдей "Әрекет" қосымшасы мен смартфон ұстай бермейді. Оны да жақсы түсінеміз. Сол себепті бағдарламаның мерзімі ұзартылып отыр. Біз ақшалай сыйақы берудің басқа жолдарын да қарастырамыз. Әсіресе, егде жастағы адамдар мың гривен алатындай жағдай жасаймыз", - деді Зеленский.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0