Әлем

Пентагон Ресей шекарасында не істеп жүр

Жазылу
Әлемдегі күрделі әскери-саяси жағдай және Ресей шекарасындағы НАТО елдері белсенділігінің артуы қарулы күштерді одан әрі дамытуды талап етеді, деді Шойгу

МӘСКЕУ, 25 қараша – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу жақында АҚШ стратегиялық авиациясының белсенділікті арттырғанына назар аударды. Мәлімдеме Ресейге қарсы өткір пікірлер аясында айтылды, деп жазады РИА Новости.

Америкалық "стратегтер" B-1B және B-52 шекараға жайдан-жай келіп жатқан жоқ. Шойгудың айтуынша, ұшқыштар қанатты зымыранды қолданып, Ресей аумағына шабуыл жасауды үйреніп жатыр. Мысалы бір айда шамамен 30 рет ұшып өткен. Былтырғы қарашамен салыстырғанда 2,5 есе жиілеген.

Самолет F-35A Lightning II - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2021
Пентагон F-35A әскери ұшағынан неге бас тартты
Жақында Global Thunder жаттығуы өтті. Шойгу бірден он ұшақ Ресейге батыс пен шығыстан бір уақытта ядролық шабуыл жасағанын айтты. Олар мемлекеттік шекарадан небәрі 20 шақырым жерде маневр жасаған. Алайда шын мәнінде қарулы қақтығыс болса шекараға дәл осылай жақын келе алмайды.

"Барлық жағдайда біздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымыз америкалық стратегиялық бомбалаушыларды уақытында анықтап, оқиғаның алдын алу шараларын жүзеге асырды", - дейді министр.

Америка өз авиациясының кімге қарсы әрекет етіп жатқанын жасыруға тырыспайды. Қазанның соңында Қырым жағалауына екі B-1B ұшқаннан кейін Forbes журналы "стратегтердің" жаңа міндеті – Балтық және Қара теңіз флотын кемеге қарсы LRASM зымыранымен жою екенін жазды. Ал қарашада Popular Mechanics журналы бесінші буын F-35 жойғыштары ресейлік стратегиялық зымыран әскерлері команда пункттеріне соққы беру үшін B61-12 термоядролық бомбалармен қаруланатынын айтты.

"Әлемдегі күрделі әскери-саяси жағдай және Ресей шекарасындағы НАТО елдері белсенділігінің артуы Қарулы күштерді одан әрі дамытуды талап етеді. Басты басымдық – олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, ядролық күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау", - дейді Шойгу.

Қарашаның ортасында Ресей спутникке қарсы қаруды сынап көрді. Қорғаныс министрлігі 1982 жылдан бері орбитада тұрған "Целина - Д" ғарыш аппаратының сәтті жойылғанын хабарлады. Бұған америкалықтар ашуланды.

Национальные флаги США и флаги округа Колумбия возле Капитолия США в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Әлем
АҚШ конгресмендері Путинге қатысты резолюция ұсынды
Ресми тұлғалар Мәскеуді ғарышты милитаризациялады және Халықаралық ғарыш станциясына қауіп төндірді деп айыптады. Себебі Вашингтон НАТО-ның барлық әскері, соның ішінде стратегиялық авиация байланыста тұрған өзінің спутник тобына алаңдады.

Әскери дайындықпен қатар Батыс Ресейге қарсы белсенді ақпарат науқанын бастады. Бұл 2014 жылы басталды, алайда АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің Украинаға сапарынан кейін бұл нағыз дауға айналды. Батыста БАҚ пен саясаткерлер күн сайын Ресей Украинаға шабуыл жасайды деген айып тағады. Бұл ақпарат соғысына қазанның соңында Politico басылымының материалы себеп болды.

Соған сәйкес Кремль әскерін толыққанды шабуыл жасау үшін жинақтады деген болжам бар. Журналистер Смоленск облысындағы Ельнюді әскери техника мен жеке құрамның шоғырлану орны деп атады. Алайда олар дәл сол жерден Украинаға дейін 250 шақырым екенін көрсетпеген.

Вашингтон үшін шахмат тақтасындағы басты ойыншы – Украина. Киев Донбасс мәселесін күшпен шешуді жиі айтады. Оның жалғыз мақсаты – Ресейді соғысқа тарту, содан кейін Кремльді агрессия үшін кінәлап, жаңа санкциялар салу.

Жаңалықтар
0