Әлем

Батыс елдерінде тауар жеткізуде қиындық туындады

© РИА Новости / Медиабанкке өтуГорода мира. Брюссель
Города мира. Брюссель - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Сарапшылар санкциялар жекелеген сала немесе бизнес иелеріне залал келтіргенмен, Ресей мен оның азаматтарының тыныс-тіршілігіне ешқандай әсер етпей отырғанын айтып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Батыс Ресейді тежеу бойынша бағытынан бас тартар емес. Бірақ орыстарға қарсы қолданған санкция арсеналы бүгінде таусылғаны айқын байқалады.
"Ең сорақы санкция" немесе "санкциялар жиынтығын" қарсы қолдану туралы мәлемдеме жиі айтылғанмен, Ресейді SWIFT халықаралық банк жүйесінен ажыратамыз деп сес көрсеткенмен, бұл қадамдардың тиімсіз екені туралы пікір де жиі жарық көріп жатыр, деп жазды РИА Новости.
Сарапшылар санкциялар жекелеген сала немесе бизнес иелеріне залал келтіргенмен, Ресей мен оның азаматтарының тыныс-тіршілігіне ешқандай әсер етпей отырғанын айтып жатыр. Осыған байланысты батыстағылар КСРО-ны әлсірету және құлдыратуды көздеген ескі әдісті қолдануға көшкен секілді. Себебі сол шақта "жетіспеушілік" сөзі жиі қолданып, одақтағы бірінші қажеттіліктегі тауарлардың тапшылығын алға тартып, үлгі ретінде сапалы азық-түлікке толы шетелдік дүкен сөрелерін көрсету сәнге айналған-ды.
Знамя СССР - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Әлем
Батыс Путин КСРО-ны қайта құрады деп үрейленіп отыр
Мемлекеттік департаменттегі Кремль ісімен айналысатын Виктория Нуланд сенаторларға "украиндер Свердловск пен Екатеринбургке емес, Париж бен Лондонға ұқсауды көксейтінін" жеткізді. Алайда Ресей жөніндегі ең беделді америкалық маман Свердловск пен Екатеринбург бір қаланың атауы екеніне көңіл аудармады.
Одан кейін Германияның жаңа қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт санкция ретінде ресейлік шенеуніктерге "Париждегі Елисей алқабында шопинг жасауға" тыйым салуды ұсынды. Содан соң Reuters агенттігі АҚШ басқа санкциялармен қатар Ресейге смартфон экспорттауға тыйым салуды қарастырып жатқанын хабарлады.
Осы мәлімдемелердің барлығы Американы қоса алғанда, батыс елдеріндегі сауда желілерін жабдықтау проблемасы туындап отырған шақта айтылуы таңғалдырады. АҚШ президенті Джо Байден Рождество кезінде халыққа үндеу жолдауын сауда портын бейнелейтін декорация жанында тұрып баяндағаны және оны тауар тапшылығына арнағаны осы дағдарысты айқындап тұр.
Мұның барлығын ресми түрде презииденттің бизнес саласының өкілдерімен және тауар жеткізу тізбегіндегі ақаумен күрес жүргізу бөлімінің мамандарымен кездесуі деп атады. Аталған арнайы бөлім осы жылдың маусымында Байденнің тапсырмасы бойынша құрылған болатын. Байден "Көпшілік болжаған дағдарыс болған жоқ. Тауарлар жеткізіліп жатыр. Дүкен сөрелері бос қааңырап тұрған жоқ"деп мәлімдеме жасады.
тиындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Әлем
Қымбатшылық қысып тұр: Еуропа елдерінің жағдайы не болып жатыр
Newsmax телеарнасының жүргізушісі Грег Келли Байденнің бұл үндеуін Леонид Брежневтің 1970-жылдардағы жаңа жылдық құттықтауына қатты ұқсас екенін айтты. Өткен жылғы пандемия мен шекараның жабылуы салдарынан Батыстағы бірқатар елде дүкен сөрелері қаңырай бастады. Бастапқыда халықты бұл Қытайдың карантиннен шығуымен байланысты қалпына келетін уақытша құбылыс деп сабырға шақырды. Бірақ осы жылы көп ел одан да күрделі қиындыққа тап болды. Британдықтардың жартысынан көбі бірнеше аптадан бері тауар тапшылығына тап болды. Ал АҚШ-та мұндай азаматтар саны 50%-ке жуықтады.
Енді сарапшылар азық-түлік пен тауар жеткізудегі дағдарыс келесі жылы да аяқталмайтынын айтып жатыр. Бірқатар аналитик Батыста қалыпты, пандемияға дейінгі жабдықтау деңгейі тек 2024 жылы ғана қалыптасады деген пікір білдірді.
Батыстағылар тауар тапшылығын "нарық өз бетінше реттейді" деген пікірді жиі айтқанымен, Байденнің жабдықтауда ақау туындауына қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлім құруы жоспарлау элементі мен экономиканы мемлекеттік реттеу болмаса, Вашингтон дағдарысқа төтеп бере алмайтынын аңғартып отыр. Ал Ұлыбритания агроөнеркәсіп топтары өз үкіметінен шұғыл түрде мемлекеттік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Олардың пікірінше, бұған тамақ саласындағы өнімнің 60%-і елде дайындалатын жағдайда ғана қол жеткізуге болады.
Осыған байланысты Ресей батыс санкциялары пандемияға дейінгі кезеңде енгізілгеніне қуанып та отыр. Себебі санкциялар енгізілген бірнеше жыл ішінде Ресей агроөнеркәсіптік өндірісті күрт дамытып, өзінің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып алды.
Солтүстік ағын – 2 газ құбырының құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Әлем
Еуропа Ресей газынан бас тарта ала ма – сарапшымен сұхбат
Егер өткен жылы әлемді пандемия жайлап, шекаралар жабылған шақта Ресейдің агроөнеркәсіп саласы 2013 жылғы деңгейде болғанда, елдің қазіргі ахуалын елестетудің өзі қиын. Financial Times Мәскеу бюросының басшысы Макс Седдон газеттің жаңа жылдық нөмірінде мынандай пікір жариялады: "2014 жылы Путин батыстағы азық-түліктің басым бөлігін импорттауға тыйым салып, қазір қоғамда кең тарап жатқан "бақшадан үстелге" деген қозғалысқа себепші болғаннан кейін Ресейдің азық-түлік саласы жанданып келеді".
Осы айтылғанды ескерсек, батыс саясаткерлерінің "орыстарға Елисей алқабында шопинг жасауға тыйым салу қажет" деген сынды сес көрсетуі тіпті түсініксіз. Әрине, қажет деп тапса, Батыс смартфон сынды жекелеген тауарлардың жасанды тапшылығын тудырып, Ресейге біршама қиындық туғыза алады. Бірақ дүкен сөрелерін салыстыру арқылы КСРО ыдырауына себеп болған ескі әдісті қолдану бәрібір жарамайтыны анық.
Жаңалықтар
0