Әлем

"Спутник V" вакцинасы "омикронға" қарсы екі есе қауқарлы – ғалымдар

© Sputnik / Владислав Воднев Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК)
 Карагандинский фармацевтический комплекс (КФК) - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Аденовирустық платформасының арқасында аталмыш вакцина "омикрон" мен өзге мутациялардан тиімдірек қорғайды
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Pfizer вакцинасына қарағанда омикрон-штамының белсенділігін екі есе төмендетеді, деп хабарлады Гамалея атындағы ғылыми-зерттеу орталығы.
"Спутник V" вакцинасы Pfizer вакцинасының екі дозасымен салыстырғанда "омикрон" штамын бейтараптандыратын екі есе жоғары титрды көрсетті",- делінген Lazzaro Spallanzani итальяндық Ұлттық инфекциялық ауруларды зерттеу институтымен бірлескен зерттеу нәтижесінің хабарламасында. 
Сонымен қатар мамандар "Спутник Лайт" вакцинасын бустерлік вакцина ретінде пайдалану "омикрон" штамына қарсы қорғанысты "Спутник V" деңгейіне жеткізетінін айтады.
Ресей және италиялық ғалымдар "Спутник Лайт" вакцинасымен бустерлеу қорғаныш тиімділігін ғана емес, мерзімін де арттырады деген шешімге келді.
Аденовирустық платформасының арқасында аталмыш вакцина "омикрон" мен өзге мутациялардан жақсырақ қорғайды.
Оқи отырыңыз: Ресейде "Омикронды" бейтараптандырушы антиденені анықтайтын тест әзірленді
 
 
Жаңалықтар
0