Жаңбыр салдарынан диқандар бидай жинай алмай отыр: Сапаров ақмолалық аграрлармен кездесті

© Photo : МСХ РКНовый глава Минсельхоза и новый аким Акмолинской области встретились с аграриями
Новый глава Минсельхоза и новый аким  Акмолинской области встретились с аграриями - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 қыркүйек - Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа басшысы Айдарбек Сапаровтың алғашқы жұмыс сапары Ақмола облысынан басталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Еліміздің солтүстік өңірлерінің арасындағы күзгі-дала жұмыстарының ең төмен қарқыны – осы аймақта. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлығы 834,3 мың га астық немесе жалпы алаңның 17%-і жиналды.
Екі аптадан астам жаңбырдың салдарынан диқандар бидайды жинай алмай отыр.
"Диқандар астықтың сапасыз болып, келесі жылы тұқымсыз қалатынына алаңдаулы. Оларды астықты кептіру үшін әлдеқайда көп отын қажет ететін элеваторлардың рентабельділігі де уайымға салып отыр. Несиелік міндеттемелер мен субсидияларда шаруалар үшін маңызды мәселенің бірі болып тұр", -делінген министрлік хабарламасында.
Айдарбек Сапаров оларға қажетті қолдау көрсетілетінін, барлық мәселе тез арада шешілетінін атап өтті.
"Барлық қаржы институттары несиелік міндеттемелерді ұзарту мүмкіндігін жеке қарастырады. Астықты кептіруге арналған дизель отынының бағасы мен қосымша көлеміне келетін болсақ, басқа мемлекеттік органдармен келісу процесі аяқталып жатыр. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары мен кептіргіштері бар фермерлер үшін міндетті түрде арзандатылған отын беріледі", - деді ауыл шаруашылығы министрі
Шаруалармен кездесуге қатысқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барлық шаралар қабылданатынын айтты. Оның айтуынша, өңірде егін жинау науқанын өткізу мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары бастаған комиссия құрылды.
9 қыркүйектегі жедел мәліметтерге сәйкес, республика бойынша барлығы 5 млн гектар астық жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 29,2%-ын құрайды. Орташа өнімділігі 9,9 ц/га болған кезде 5 млн тонна астық бастырылды.
Айдарбек Сапаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2023
Қоғам
Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа басшы келді
Жаңалықтар
0